17.02.2022
  5275


Автор: Таныстыру сөздері

Мектепте, топты таныстыру

Топтың аты: «Елім-ай» тобы
Топтың ұраны: Аман болшы елім-ай, Бұзылмай бұл теңің-ай?!»

Армысыздар халайық,
Сәлемдесіп алайық.
«Елім-ай» топ біздерміз,
Бір кәдеңе жарайық!

«Аман болшы, елім-ай,
Бұзылмай бұл, теңің-ай»
Бірлікпенен үн қатар,
Ұранымыз осылай.

Біздің топтың балдары,
Патриоттар шетінен.
«Елім-ай» деп үн қатар,
Елді ойлап еркімен.

«Елім-ай» деп жырлаймыз,
«Елім-ай» деп мұңдаймыз.
Елім, жұртымыз аман бол,
Болып басқан қадам оң.
Жаратқаным жар болып,
Бақыт, шаттық болсын мол.
Жібек Искакова





Пікір жазу