17.02.2022
  3466


Автор: Таныстыру сөздері

Топты таныстыру (балабақша балалары)

Топтың аты: «Қарлығаш» тобы
Топтың ұраны: «Биік самғай ұшамыз, Бар бақытты құшамыз!»

Біз баламыз, баламыз,
Әсем әнге саламыз.
Аддыменен иіліп,
Сәлемдесіп аламыз!

Біз баламыз, баламыз,
Қарлығаштай дос адал.
Біз баламыз әрқашан,
Сыйластықпен үн қатар.

Топтың аты — «Қарлығаш»
Адал доспыз мейрімді.
Достармыз біз ерекше,
Жүрегі ақ пейілді.

«Биік самғай ұшамыз,
Бар бақытты құшамыз!».
Ұранымыз осындай,
Таудың биік тасындай.
Биіктейміз біз бірге,
Алға жүріп, жасымай!
Жібек Искакова





Пікір жазу