17.02.2022
  3367


Автор: Алғыс айту күні

Алғысымыз көп біздің

Алғысымыз көп біздің,
Көктемнің бұл күніне.
Ең алдымен мың алғыс,
Наурыздың бұл біріне.

Жаратқанға мың алғыс,
Амандығын беретін.
Атар таңға мың алғыс,
Нұрын шашып енетін.

Күн мен айға мың алғыс,
Қайта айналып келетін.
Жұлдыздарға мың алғыс,
Қуанышын беретін.

Табиғатқа мың алғыс,
Төрт мезгілін ұсынар.
Көктем сыйын сыйлайтын,
Жаз, күзі бар, қысы бар.

Ата-анаға мың алғыс,
Мейірімді үніне.
Балаларға мың алғыс,
Шад сыйлайтын күніңе.

Ата-әжеге мың алғыс,
Немереге қарайтын.
Немереге мың алғыс,
Арай болып тарайтын.

Ағайынға мың алғыс,
Әрқашанда қолдайтын.
Туыстарға мың алғыс,
Алалығы болмайтын.

Бауырларға мың алғыс,
Бар жақсыны арнайтын.
Ауылдарға мың алғыс,
Гүлдері бар солмайтын.

Дос-жаранға мың алғыс,
Суықтарға тоңбайтын.
Құрбыларға мың алғыс,
Ақ тілегін жолдайтын.

Президентке мың алғыс,
Халық сөзін тыңдайтын.
Депутатқа мың алғыс,
Жемқорлықты қылмайтын.

Әкімдерге мың алғыс,
Елдің қамын ойлайтын.
Басшыларға мың алғыс,
Қара ниет болмайтын.

Ақындарға мың алғыс,
Елін, жерін жырлайтын.
Әншілерге мың алғыс,
Көңілге күй сыйлайтын.

Дәрігерге мың алғыс,
Қиянатын етпейтін.
Сақшыларға мың алғыс,
Өз орнынан кетпейтін.

Ұстаздарға мың алғыс,
Ертелі-кеш тынбайтын.
Шәкірттерге мың алғыс,
Ұстаздарын тыңдайтын.
Жібек Искакова





Пікір жазу