17.02.2022
4693
Бауырларым, сіздерге көп рахмет!
Көктемнің бұл күнінде үн қатайын,
Бірінші наурыз есіктен еніп келді.
Бауырларым армысың, бармысыңдар,
Жүретұғын қашанда беріп төрді.
Алғыс айтам аға-әпке, інілерім,
Сыйластықтың үнімен сәлем жолдап.
Бауырларым аман бол әрқашанда,
Жүретұғын шынайы мені қолдап.
Бауырларсыз бұл өмір бос болады,
Жанданады олармен әр күніміз.
Алғыс айтам сіздерге шын жүректен,
Көбейсін деп бауырлар бал күніміз.
Нұрын төксін сіздерге әрбір көктем,
Жұлдызыңыз аспанда жымың қағып.
Бауырларым аман бол ортамызда,
Амандықта, саулықта күлім қағып.
Жібек Искакова