17.02.2022
3825
Мейірімді анашым алғысым көп
Мейірімді анашым алғысым көп,
Ұл-қызыңды мәпелеп, тәрбиеледің.
Бұл өмірдің сындары кезіксе де,
Адам бол деп біздерді жетеледің.
Көктемнің бұл алғашқы күні екен,
Алғысымды анашым жеткізейін.
Сәлем беріп анашым, арнайылап,
Осы күнді сізбенен өткізейін.
Өзіңізбен күніміз шаттық біздің,
Мейрімдіктің күйіне енеміз біз.
Сіз бар кезде анашым, қасымызда,
Әсем әннің ырғағымен тербелеміз.
Жан анашым, дарасыз, данасыз сіз,
Жұпар исің аңқитын гүл көктемдей.
Рахмет ана, қарайсыз ақ пейілмен,
Жүрекпенен сыр шертіп, үндеткендей.
Алғысымыз көп сізге жан анашым,
Жасай берші әр көктем нұрға бөлеп.
Жаратқаным жар болып өзіңізге,
Лайым әркез жүрсінші сізді демеп.
Жібек Искакова