17.02.2022
  227


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Арман боп қалды Нұр сағым

(Үзбен, Әскерге көңіл айту)
Ауырып жатқан сүзекпен,
Баласын ағаң күзеткен,
Бара алмай содан жырменен
Айтамын кеңіл ізетпен.
* * *
Сабыр да, сабыр, сабыр-ау!
Сары уайым салған теңір-ау!
Апат боп қайран аяулың,
Толды ма жасқа омырау?!
Бір мезет тиып жасыңды,
Кетерші, кене басыңды!
Ағайын, досы қиярма?
Айболдай, шіркін, асылды!
Суалып айдын бұлағың,
Мезгілсіз сенді-ау, шырағың!
Жемісі пісіп жеткенде,
Жайқалған солды-ау, құрағың!
Емдетіп дереу кезінде,
Мепелеп бақтың кез ілмей.
Жүрегің, жаның елжіреп,
Бауырың қайтсын езілмей!
Қолыңнан бердің сусынды-ай!
Қалған да жоқсың құлшынбай!
Күтсең де күн, түн жан салып,
Кеткені-ай, шіркін, қыршындай.
Тілекті құдай бермеді,
Кезіңнің жасын кермеді.
Амалың бар ма, Аллаға,
Болдырды қайғы, шерменді!
Сай сүйектері сырқырап,
Ағайын, туыс шұрқырап.
Жалбарынса да болмады-ау,
Құлын да құлын шырқырап!
Бір кесел болды келденең
Егілді халкың, ел деген!
Жан едің Үзбен ешкімге
Қиянат жасап кермеген!
Кедейге берген қолұшын,
Айтатын алғыс сол үшін.
Бір бата шипа болмады-ау,
Аяулы Айбол жаны үшін!
Жанғырта зарлап тау, шыңды,
Тағатың ебден таусылды.
Қаншама боздап, күйсең де,
Естір ме енді даусыңды?!
Найзағай ойнап кегіңде,
Егілдің ағыл-тегілде!
Есіңді жина, бас болғын,
Қалғанын ойла, тегінде!
Емірде қимас ізі – алуан,
Жадыңда қалды-ау, жүз арман?!
Есіңнен кетпес есіл кез –
Оқыған алғаш Құзардан!
Жан еді марқұм сүйікті,
Ұқсатам сұлу киікті!
Тоқтықты адам кетермес,
Кетерер пенде күйікті!
Ай болып туып, ай батты,
Жүрекке қайғы бойлатты!
Жұбатып үй-іш балаңды,
Жолдас ет, жаным, қайратты!
Бері де еткен қараңыз,
Кез жұмған ата-бабамыз.
Жылап та қайдан табамыз,
Ажалға келмес шамаңыз!
Бермеген тілек бір рет,
Қайрымсыз екен құдырет!
Женнатта болсын жас жаны!
Сабыр ет, қалқам, сабыр ет!
тамыз, 1998 ж.
Елгей қаласы.





Пікір жазу