17.02.2022
  167


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Ақиық ақынның ақттық үні

(Имашхан Байбатырұлына)
Асылды қадір тұтамын,
Сағыныш
‒ саумал жұтамын.
Жолдапты маған алыстан
«
Ерт шалған жүрек» кітабын.
От орап, дене ‒ сауытты,
Кеудеге жалын шауыпты!!
Жүректі қорқау
ерт шалып,
Ертепті қайран шабытты!!
Батпан ой қарып, үскірік!
Бойына ғажап күш кіріп!
Ақтарған екен жыр ‒ моншақ,
Ішінде ерттін ышқынып!!
Серпілтіп, аға, сертіңді,
Санаңда елең ‒ сел тұнды.
Сезіне жазып кетіпсіз,
Сергек жыр ‒ соны серпінді!
13 маусым, 2001 ж.





Пікір жазу