Әлі есімде, Қажы Ағаң, қайран ақын
Қайран ақын білемін Қажыбайды,
Мінезінің болатын жазы жайлы.
Есіл күнді еске алсақ бірге жүрген,
Кеңілде мұң дауысы азынайды!
Кептен биік еңсесі, асыл еді,
Кекіректе жыр – езен тасып еді.
Топтан азып күлкіге тойдыратын,
Әзілі мен қалжыңы басым еді.
Жігіт еді қырқында қылшылдаған,
Тайсалмаған, ешкімнен қымсынбаған.
Болмаса да тауысқан дипломы,
Қазынасымен халықтың сусындаған.
Домалаған кез еді ерге тасы,
Бара қалсаң дастархан жаюлы асы,
Қызыл күрең едемі келбетімен,
Қой кезіне жарасқан қою қасы.
Бойға біткен мінезі бала жастан,
Бал жаласып адаммен араласқан.
Үлкенді де, сыйлаған кішіні де,
Дарыны мен болатын талабы асқан.
Кісілігі басқадан асып еді,
Биіктігі алынбас асу еді!
Жүзі жарқын, жанары жайнап тұрған,
Жарқылдаған, найзағай жасын еді.
Болашақты ойлайтын іс кейінгі,
Дидарлассаң жадырап іш сейілді.
Жүрегіңнен алатын лезде орын,
Жаны жайсан жан еді кішпейілді.
Қолы ашық, береген айдан айқын,
Қарап қалам – дегенді ойламайтын.
Достарынан еш нерсе аямайтын,
Терең еді түбіне бойламайтын.
Орта бойлы, дембелше, кісі болған,
Бақытының басына құсы қонған.
Жан жары да жан еді қасиетті
Қабақ шытпас кезінде: − ішіп алған.
Жақсы керді жанындай балақайын,
Әр себидің жасайтын дара тойын,
Кеңілі кел дария жомарт еді,
Ақын еді, қадірлі, қарапайым!
9 қаңтар, 2003 ж.