17.02.2022
  182


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жерұйық Ойғыр мекенім

Жерұйығы бұл Ойғыр –
Шебі раң, суы бал,
Бестеңірдей шыңы бар.
Қасиетті халқы бар
Іс тындырған қыруар.
Үш Ойғыр мен Баянның
Май шығатын түгі бар.
Оралбайдай байларға
Мыңғырылып мал біткен
Несібенің түбі бар.
Жерұйығы киелі
Ата-баба туы бар.
Қойша ерген арқары
Қызыл түлкі, құны бар.
Сілеусінің жібектей
Шұбарала жүні бар.
Бұзылмаған халқымның
Жалпақ қара тілі бар.
Қастерлеген дестүрі
Сол қалпында біліп ал!
Шолтай ұстаз, Құрметбек
Жол сыйлаған бұл мектеп.
Мұрат ақын кешегі
орын алған бұл мектеп.
Үш Ойғырын жыр еткен
Қобдахан мен Месали
Еңіріне гүл екен.
Қасиетті бұл Ойғыр
Сарай сында ұлы бар.
Шұбатып малын айдаған
Желілеп бие байлаған,
Тауданбектей ақыны,
Суырылып сайраған.
Шеңгішбайдай күрескер
Жауға қылыш қайраған.
Жықаң сында батыры
Халық қамын ойлаған.
Жасыл кілем айналаң
Қасиетті бай далам!
Айналайын халқымнан
Мектеп салып тойлаған.





Пікір жазу