Өтініш
( Білім департамент бастығы Әсима Темкенқызына)
Арманымсыз ‒ Атажұрт ‒ аңсарымсыз,
Кемектесіп кеп бізге шаршадыңыз.
Қызымызсың қақ жарған қара қылды
Құтты болсын, қарындас, менсабыңыз!!
Қол ауызға жетпеген сағағынан,
Шекірт қалған киім жоқ сабағынан!
Мүрит болған керінген бастықтарға
Қайыршымыз таусылған табанынан!!
Ездеріңдей мықтыны теңір еттім,
Сағыныш жыр жүректен еңіреттім!!
Айналайын, алдыңа келіп тұрымын,
Ақ тұлпарын жетектеп Әділдіктің!!
Пысықтардың ауызын аштырмыңыз!
Тозған шалды енді кеп тоздырмыңыз!
Адалдықтың ақ құсын самғатыңыз,
Періште ғой киелі ол ‒ басқа ұрмаңыз!
Адамдардың пейілі бұзылғанба?
Ішің қыж-қыж қайнайды қызыңғанда!!
Кең пейілді алдыңа жая салдым,
Зар боп қаңғып жүрсекте үзім нанға!
Жанашырым, қандасым, қаруласым!
Басыңыздан бақ деулет арылмасын!
Жүрегімнің жылуын сыйла жаным,
Қасиетті, қадірлі қарындасым!
Ұрпақ үшін табынып теңірге біз,
Қайысады қамын жеп, қабырғамыз.
Кеп балалы үй деген отбасымыз,
Немеремді бақшаға қабылдаңыз.