17.02.2022
  2109


Қатал әзіл

— Сәлем жаным.
— Сәлем!
— Қалайсың?
— Жақсы. Өзің қалайсың?
— Онша емес. Өмірден жалықтым. Өліп қалсам ғой!
— Не болды? Неге олай дейсің?
— Сенің жаныңа барғым келіп отыр.
— Сәл шыдашы. Аз уақыттан соң кездесеміз ғой.
— Мен сені дәл қазір көргім келеді..
— Енді маған не істе дейсің?
— Бірнәрсе айтсам, істейсің бе?
— Әрине жаным! Не істейін?
— Дәл қазір екеуміз бірге өлейікші..
— Жарайды... Мен дайынмын.
— Мен қолыма пышақ алдым.
— Мен де қолыма пышақ ұстап отырмын.
— Үшке дейін санаймын. Тамырды бірге кесейік. 1.. 2.. 3..

Жарты сағаттан соң..

— Ахахах... Дәл осы әзілден соң, сен мені шын сүйетініңді байқадым. Келісім бергеніңе рахмет жаным!

Жігітке ешкім жауап берген жоқ. 10 минут күтіп, тағы SMS жазды.

— Жаным? Болды! Ойын аяқталды! Жауап берші енді..

Оған ешкім жауап жазған жоқ.. Бір сағаттан соң, қыздың телефонына қоңырау шалды. Тұтқаны қыздың анасы көтерді. Жігіт:

— Сәлеметсіз бе? Раушанды шақырып жібересіз бе?

Бірақ, қыздың Анасы сөйлеуге шамасы жетпей жылап тұрды.

— Өтінемін. Раушанды шақырыңызшы..

Анасы Раушанның үстел үстіндегі соңғы хатын сыбырлап оқыды:

— Біз енді мәңгі біргеміз...

Жігіт тұтқаны тастай салды.. Раушанның өзіне қол жұмсағанына сенгісі келмеді.. Еңіреп жылай берді.. 5 минуттан соң, 9 қабатты үйдің шатырына шығып:

— Күттіріп қойғаным үшін кешір жаным, — деді де, секіріп кетті...

«Ойыннан от шықты» деген осы. Ойнап сөйлемес бұрын, ойланыңыз! Әзілдің соңы осындай қайғылы оқиғамен аяқталып жүрмесін!





Пікір жазу