17.02.2022
  183


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жаңа жыл

Мен жаңа жылмын! Бағыңмын
Балауса шағыңмын.
Балғын бебегім
Сендерді сағындым!
Мен жаңа жылмын! Берекесі елдің
Алдыңа келдім.
Сыңғырлаған
Дауысы – телдің.
Мен жаңа жылмын! Баласы ғарыштың
Басы табыстың.
Бар жақсылықты
Сендерге ала ұштым!
Мен жаңа жылмын! Жаңа ғасырмын!
Сынығы асылдың.
Ортаңа еніп,
шуақ боп шашылдым.
Мен жаңа жылмын! Нұрмын!
Жауқасын жырмын.
Бірге тойлағалы
Алдыңа келіп тұрмын.
Мен жаңа жылмын! Себимін!
Есігін қақтым сан үйдің!
Алдыңа ақ қармен
Сан шырақ сен үйдім.
Мен жаңа жылмын! Себимін!





Пікір жазу