17.02.2022
  162


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Жұбайлар жыры

Теттілігі сүттегі, тек, кілегей,
Бағымызды басымнан текпілемей,
Қарапайым жар боп Күн кешсек болды
Елден ерек тебеміз кек тіремей.
Татулықта жол табар,
Бақыт құсы сол болар.
Кезге түспей ерекше сылақтанып,
Қос жүректен қосылған шырақты алып,
Кетере алмай меуеміз салбыраса
Жеміс ағаш бұтағы сияқтанып.
Сыйластыққа жол табар,
Бақыт құсы сол болар.
Аққу шарлап, айдынын да елегізді,
Ән қалықтап тербетті еуемізді.
Болашаққа ұмтылып бара жатсақ
Кекжиеке ұшырып «Меуемізді»!
Бал ұясын аялап, бал «отанын»,
Туын жықпай меңгілік нар атаның,
Қосағымен жар болсақ қоса ағарған
Болашаққа ұшырған балапанын.
Арманы бір жол табар,
Бақыт құсы сол болар.
Біреу ерте, біреу кеш құлар ма екен?!
Біреу ерте біреу кеш құлар ма екен?!
Бірер жылға денсаулық шыдар ма екен?!
Дария дарын қайтейін қайран жүрек
Бір-ақ күні соғысың тынар ма екен?!
Біреу ерте біреу кеш құлар ма екен?!
Күн күлімдеп, бірер жыл тұрар ма екен?!
Мың күн сенбас шелмегің бір-ақ күні
Бір-ақ күні мезгілсіз сынар ма екен?!
Біреу ерте біреу кеш құлар ма екен?!
Тағдыр тарлан кеңілден шығар ма екен?!
Жүйрік аттай жүйткіген қайран жүрек,
Бірақ күні соғысын тынар ма екен?!





Пікір жазу