17.02.2022
  168


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Сағынкөгім, құлыным!

Арнаған асыл батамды,
Сағынкек бақтым ботамды
Қалса екен жаның жарығым!
Қаңғырта керме атаңды!!
Қанша таң кірпік ілмедім,
Қайтерімді еттең білмедім!
Сарыла күткен сеттерде,
Сағат та, шіркін, жыл ма едің?!
Қорыққанда түрім-ақ жеммін,
Ес-ақыл қалмай мең-зеңмін.
Зар жылап жанын тілеймін,
Сағынкек сынды кенжемнің!!
Жатырсың шелдеп, қаталап,
Жылайсың бас сап аталап!
Ағыл да тегіл боздаймын,
Ботам ‒деп, ботам, баталап!!
Атаңның шыбын жанысың
Ағарып атар таңысың!!
Құлақтан қайдан кетеді-ау,
Сыңғырлы сұлу дауысың!!





Пікір жазу