Зар замана ағымы
Бұл жалғанда алыптардың күші – ағын,
Үлкен балық жұтады екен ұсағын
Би,теренің кім біледі ісі «ақ» – ын?!
Мүсепірге ашпай қойды құшағын!
Бастық керсем елестетем қырғиды.
Кеп алдында жедігейсіп шұлғиды!
Сайланған соң жел уедемен құр биді
Қайта айналып, биің елді қылғиды!
Май шам, сіре, жарық болып жарымас!
Жеткен қыздар теркіндерін танымас!
Орнында бар оңалар – деп, алдайды.
Тарихты талқан қылып талдайды.
Қара бастың қамын ғана ойлайды,
Қоғам мүлкін тып-типылғып жалмайды.
Бері шылғи – құр уедең, түбі игің!
Әділет жоқ қу қоғамнан түнілдім!
Жетім-жесір, мүгедектер құсалы!
Шал-кемпірді жіпсіз байлап тұсады.
Жұмыссыздар қаңғып қалды ызалы.
Аш «күшіктер» ұлып шырқын бұзады!
Бастық болып шығып келді ойы аздар!
Еңшең есек – айқай құмар қораздар!
Кедей сорлы қалды оқусыз қаранғы,
Қайран деулет қорқауларға таланды.
Заң адамы ақша керсе алақтар,
Батты олжаға арамзалар, желаптар!
Зауыттармен ендірістер «шетінеп»
Ел бірлігі бара жатыр сетінеп!
Етірік, шын – ақ пен қара екі бет,
Телтіректеп ерең- ақ тұр екімет!
Қарыз алды: – Алаяқтар, қылқұрттар!
Байып алды: – топас, сотқар, шибұттар!
Кешкен елдің бұқаларын «мұз білек»,
Еру елдің танасы жүр сүзгілеп!
Еш бағыт жоқ қоғам жолы қым-қуыт,
Жастар кетті ашты су мен жын қуып.
Есің жинап серпілмесең алашым,
Енді меңгі оянбастан қаласың!
Әкесіндей еркелетті «шүршітті»!
Тозған елді тоң қарға кеп үркітті!
Тұрғанда осы арам ойлы құлқыны
үйімізден қуып шығар бір күні!!
16 тамыз, 1999 ж.