16.02.2022
275
Бақытты адам бақытты білмейді екен
Бақытқа да адамдар тезбей ме екен?!
Бақытты адам бақытты сезбейді екен.
Жалпағынан жалғанды басып тұрып,
місе тұтпай биікті кездейді екен!
Бақытты адам бақытты түсінбейді,
Баса берсін ілгері ісім – дейді.
Ашылғанда араны аш қасқырдай
Текаппарлар кезіне кісі ілмейді!
Бақытты адам бақытты білмейді екен,
дер кезінде ойнап та, күлмейді екен.
Басынан бақ қайтқан соң сонда екініп,
Жасағанды жатта кеп, тілдейді екен!
23 қазан, 2000 ж.