16.02.2022
  155


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Алтынның сынығы туралы жыр немесе кісі ұстаған ‒ қырғын жыл қайғысы

(Толғау)
Күні құлап, кектен ай түсті!
Тебеден жасын жай түсті!
Жақсы мен ұстап жайсаңды,
Торлады тұман тал түсте!
Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр күн!
Бақ тайып бастан сырғыр күн!
Зересі ұшқан халықтың,
Запыран толы тұлдыр күн!
Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдырды!
Жүректі қайғы тілдірді!
Бейуаз бейғам Ерді ұстап,
Кек қалпақтылар бүлдірді!
Кегендеп қойшы ұстапты!
Зауал боп тиді күш қатты!
Жер таппай жанды қоярға,
Жалмауыз темір тіс батты!
Қарадай қан, жас тегеді!
Аһ! ‒ ұрып, қайғы шегеді!
Ішкені елдің ірің боп,
Зер болды ‒ желім жегені!
Ертейді үрей езегін!
Үстінде жаны шеженің!
Қорыққанда халық қан сиді!
Күтумен күнде кезегін!!
Жүрсе де үйден қашқақтай ,
Тосады ажал қас қақпай!
Ерлердең шығып естері,
Кеудеге қалды ас батпай!!
Ұсталған хабар таратып!
Ел гу-гу есек боратып!
Аяқ, қол, кезі байлаулы,
Таңылған теріс қаратып!!
Кекірек қарс айырылған!
Қалың жұрт қажып, қайғырған!
Ұсталды Себет жеті адам!
Қырғындай тиіп Ойғырдан!
Болмасқа қайтсін бекінді ел!
Себетке қатты екінді ел!
Ұлар-шу қалды артында,
үш ейел, тірі жетімдер!
Оқиға сұм, шым-шытырық!
Жан алғыш алған құтырып!
Қарамай жетім-жесірге
мал мүлкін кетті сыпырып!
Бірегей батыр нарға тен,
Ұсталып Себет молда атаң,
Шырылдар қалды қалың қыз,
Бес ағасымен Қобдахан!
Бұғанасы да қатпаған,
Он жаста тағдыр таптаған!
Қобдаған қатігез емірдің,
Есігін солай аттаған.
20 тамыз, 2006 ж.





Пікір жазу