16.02.2022
163
Күміс
Айнала күміс теп-тегіс:
Ақ күміс тарих еткен іс.
Күлкі де күміс, бу күміс,
Сағымда күміс, су күміс.
Басында таудың қар күміс,
Ерісте ақ қой мал күміс,
Сеукеле киген асылдан
қосылған жаңа жар күміс.
Кемекей күміс, күй күміс,
Ақшаңқан ақбоз үй күміс.
Шағала, аққу бір күміс,
Аспанда ұшақ сый күміс.
Ақ сеуле шашқан ай күміс,
Ақбұлақ аққан сай күміс.
Ақша бұлт – шеккен ой күміс,
Отасқан қырық жыл той күміс!
Ақ жорға күміс тайпалған,
Аппақ сүт күміс шайқалған
Ата жұрт күміс кезге ыстық,
Алтын ден күміс жайқалған.
Ақбасты ана, шал күміс,
Ақ жаулық күміс, сал күміс.
Ақ кеңіл күміс, ар күміс,
Айнала күміс, бері күміс!
Ақ арман күміс – қанатың,
Ақ күміс – бақыт қонатын.
Адамның аппақ кеңілін
Басқаннан сақта қара түн!!
5 сеуір, 2000 ж.