16.02.2022
  111


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Күз

Жел шапты кең даланы кесілдіріп,
Құс қайтты құба жонның тесін түріп.
аспанды ақ шандыр бұлт билеп алды,
ағашты жалаңаштап шешіндіріп!
Теседі жапырақ кілем аяқ асты,
Қаңғыртып, қаңбақтарды ала қашты.
Маңайды қорғасын зіл тұман басып,
Толқындар асау желмен жағаласты.
Кеппеген шептің қырау шығы бойдан,
Қысқа күн қызуы жоқ сығырайған.
Қазір қар, қазір жаңбыр, қазір боран
бұзылып ауа райы тымырайған.
...Қатайып бара жатыр күн мінезі
Қытымыр қарт сияқты қыңырайған.
25 қараша, 2004 ж.





Пікір жазу