16.02.2022
  1329


Автор: Берімбай Ысқақұлы

Балдызым

Айналайын балдызым,
Жанға шипа жалбызым!
Күндіз ойдан, түн түстен
шықбай қойды бал жүзің.
Қайырмасы:
Баурап алдың,
Жаулап алдың,
Жүрегімнің кең теріне
Жайлап алдың балдызым.
Мелдір бұлақ күлкісі
Жайнап тұрған түр-түсі,
Кездің жауын алатын
Қырдың қызыл түлкісі.
Қайырмасы:
Гүл жайнаған бал жүзің,
Құлпырасың балдызым.
Керкің толып кеңілге,
Жүрегімде қалды ізің.
Қайырмасы:
Кетпесең де жанымнан,
Сипатпайсың жалыңнан.
Деметпеймін, езіңдей
Салымым жоқ арудан.
Желтоқсан дүмпуі
Алматыда алып күшті
Желтоқсанда жалын ұшты.
Есіл жастар жалын құшты
Жер жаһанның, жарып үстін.
Намыс лаулап, ары күшті!
Мұң-қайғының зерін ішті.
Талқан етіп, тас бұғауды
Шер, шеменнің зарын ішті.
Қорықпады еш елімнен!
Басқыншының кеселінен!
Қайсар қазақ қаймықпады
мұз қарулы есерінен!





Пікір жазу