16.02.2022
194
Жыр күмбезім салынбай
Жыр күмбезім салынбай,
Қамал қалды алынбай.
От боп жанып езегім
Етті-ау қайран, Берімбай.
Жарқылдаған жалындай
Әсем енге жаным бай.
Арманына жете алмай
Етті-ау қайран, Берімбай.
Күй күмбірлеп зердеде,
Ән қалықтап кеудеде,
Желмен ұшып жырларым
Үнім қалды пернеде.
Ақтарылмай кеп сыры
Кезін салмай ешкімі.
Әні жетпей құлаққа
Ер кеңілі ексіді.
02 маусым, 2009 ж.