16.02.2022
185
Мазалайды ел тағдыры
О Алла, Ел сенеді нарқы асылға,
Әркімнің ер тағдыры ер ғасырда
Кеп қазақ – кеңіл алаң кешіп жүр ме?
Кек ала тағы қалған арқасында.
Желпілдеп жаулығымен кимешегі
Арманға мез боп келген үй кешегі
Басылып қайран кеңіл су сепкендей
Адамдар аяншты күй кешеді.
Барлық һем бақыт отын жаға алмадық
Былайша тұл емірді тағы алдадық.
Азабы аз ұлтымның аянышты
Мазағы ағайынның маған қанық.
Термелеп телміргенде несібемді
Қайдағы «қайың сауған» есіме енді.
Қарғыбау қайта түсті қас мойынға
Тағдыр-ау табалайсың не үшін елді?
Күнім тұл, күменім кір, тамақ қайғы
Іңірге ілінгендей таң атпайды
Жырымды жылы еңірден кеткен елге
Жылғадан жылан-азап жалақтайды.