16.02.2022
  278


Автор: Гүлсім Оразалықызы

МИНИСТРЛІККЕ ОРАЛУ - АЛТыншы Тарау

«Қайтқан малда қайыр бар!» Бұл нақыл осы жағдайға дәл келе ме, келмей ме білмейміз. Әйтеуір, Есенов өзі жақсы көретін геологиясына оралғаны бір жағынан дұрыс та шығар деп ойлады. Ал, бұл қызметтің де қайыры бола ма, болмай ма, оны әзірге өзі де білмейді. Соңғы жылдары Орталық Комитет пен Ғылым Академиясы арасындағы, анығын айт- қанда, кезінде қолдап, ақ жол тілеп, президент болуына бар жағдайды жасаған Қонаев пен өзінің арасындағы ағалық- інілік қатынас мүлдем өзгерген-ді. Неге өзгерді? Кімдер өзгертті? Бұл сауалдарға біз емес, сол уақыттың адамдары, яғни, Қоневты танитын, қызметтес болған, Қазақ республи- касы басшылығының бір жағында жүрген азаматтар айтады алда.


Шахмардан министрлікке оралған бойда Қазақстан бойынша жүргізіліп жатқан геологиялық және геофизикалық іздестіру-барлау жұмыстарының барысымен танысты, кен орындарын тағы бір рет аралап шықты, проблемаларды... Геология министрлігі одақтық-республикалық басқару орга- ны, яғни бір жағынан Мәскеуге, екінші жағынан Алматыға бағынады. Негізінен Мәскеуге. Шахмардан үшін сол да оңтайлы. Шешуін күтіп тұрған көп мәселені Мәскеу арқылы шеше берді, біраз істің басын қайырып алды. Есеновтің бұл тәсілі Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне ұнамады. Бір рет ескерту де жасады, ақыр соңында көре ал- маушылық пен қызғаншақтық дерті асқынып, Мәскеуге іс са- пармен баруға тиым салынды. Бірақ, ол қол қусырып отыр- мады, министрліктің көп шаруасын хат пен телефон арқылы шеше берді. Мәскеу алдындағы абырой-беделін қазақстан- дық басшылар біржолата жоя алған жоқ. Мына хат та соны байқатады.


 


ССРО Ғылым Академиясы Геология, геофизика және геохимия бөлімшесі


 


10.06.75                                                                             № 13100/633­116


 


академик Ш. Есеновке


 


Аса қадырлы Шахмардан Есенұлы!


 


Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұзасты мұнайын тезірек барлау жолдары туралы мәселе бойынша өзіңізге жолдауымды Сіздің министрліктің істеріне араласу деп са­ намаңыз. Батыс Қазақстандағы ұзақ жылдарға созылған жұмысымнан бері осынау аса бай аумақтағы геология мен пайдалы қазбалар проблемаларына ықыласымды ешқашан бәсеңдетпегенімді, ал соңғы бес жылда Сіздің және басқа инстанциялардың алдына тұзасты мұнайын анықтауға ба­ ғытталған бұрғылау жұмыстарын жеделдету мәселесін талай рет қойғанымды Сіз тамаша білесіз. Ақтөбе облы­ сының оңтүстігінде өнеркәсіптік мұнай алу мүмкіндігінің теориялық негіздемесін мен сонау 1960 ж. Ақтөбеде өткен кеңесте бердім және сол кеңестегі еңбектер 1962 ж. жария­ ланды, бірақ ол кезде жасалған ұсыныстарды іс жүзіне асы­ ру үшін жеткілікті техникалық құралдар жоқ болатын.


Қазір 5–5,5 км ұңғыма бұрғылау КСРО­ның әртүрлі ай­ мақтарында, соның ішінде Батыс Қазақстанда да ойдағы­ дай игерілді, сондықтан тұзасты мұнайы проблемасы бү­ гінгі күннің көкейтесті міндетіне айналып отыр.


Сізге сондай­ақ Ақтөбе облысының солтүстігіндегі тө­ менгі пермь және жоғары карбон дәуірлеріндегі Қоңырға дейінгі шөгінділеріндегі мұнай көріністері (Жоса, Жилян­ ка және басқалары) баяғыдан белгілі екені жақсы мәлім, бірақ онда сол шөгінділер күрделі орналасқан, тығыздалған, коллекторлық қасиеттері төмен болып келеді, сондықтан, бірқатар құрылымдардағы терең бұрғылау арқылы анық­ талғанындай, іс жүзінде қызықтыра қоймайды. Ақтөбе об­ лысының оңтүстігіндегі жағдай басқаша, онда жас мөл­ шері солармен бірдей шөгінділер тып­тыныш платформа­ лық қаптама түрінде жатыр, борпылдақ, коллекторлық


 


қасиеттерін сақтап қалған және Қоңырдың бітеу тұзы се­ кілді мінсіз жамылғыға ие. Бұл арада Қоңырға дейінгі шө­ гінділерде мұнайдың өнеркәсіптік қабаттары бар екен­ дігі Кеңқияқ және Қаратөбе құрылымдарындағы бұрғылау арқылы дәлелденіп болған, мұның үстіне геофизикалық мәлі­ меттерге қарап, тұзасты шөгінділері мұнайдың әбден ай­ тарлықтай қорын бойына сіңірген платформалық тұрпат­ тағы ірі құрылымдарды құрайды. Орталық мұнай ғылыми­ зерттеу ұйымдарының тым үстірт деуге болатын бағалары бойынша Ақтөбе облысының мұзасты қабаттарында 5 ки­ лометрге дейінгі тереңдікте жатқан болжамдық мұнайдың алынатын қоры 950 миллион тоннадан кем емес.


Амал қанша, Ақтөбе облысы оңтүстігінің тұзасты қа­ баттарының мұнайлылығын зерттеу жөніндегі жұмыстар мейлінше мимырт қарқынмен жүргізілуде. Оның себебі, тегінде, мұнай іздестіру және мұнай барлау ісінде орын алып отырған ұйымдастырушылық құрылымда болу керек. Ақтөбе қаласында Қазақстан Геология министрлігіне тіке­ лей бағынатын және тұзасты мұнайы проблемасын шешу­ ге бағдарланған, жеткілікті қуаты бар дербес мұнай бар­ лау ұйымын құру қажет деп санайтыныңызды Сіздің өзіңіз маған талай рет, соңғы жолы 1974 жылдың желтоқсан айының басында Мәскеуде айтқансыз. Ақтөбе облысында барлық мұнай іздестіру жұмыстарын Гурьев қаласындағы


«Қазмұнайгазбарлау» басқармасына бағындыратын қазіргі жағдайда Сіз айтқандай ұйым құрмаса, проблеманы іс жү­ зінде шешу осы кезге дейін болып келген тасбақа аяңнан асып кете алмайды.


Сәуірдің басында, маған СОКП ОК­інің өнеркәсіп бөлі­ мінде хабарланғанындай, Сіз Батыс Қазақстанда мұнай із­ дестіру жұмыстарының ахуалымен өзіңіз танысыпсыз жә­ не Ақтөбе облысы оңтүстігінің тұзасты қабаттарында мұнай іздестіру жұмыстарын күшейту үшін ұйымдық ша­ ралар қажеттігі туралы өз пікіріңізді қуаттапсыз.


Алайда, осы күнге дейін бәрінің бұрынғы ахуалында қа­ ла беруі және Өзіңізде баяғыда пісіп жетілген шешімнің жүзеге асырылмауы неліктен?


Кезінде Сіз Оңтүстік Маңғыстаудың кен орындарын бар­ лап, пайдаланудың бастамашысы және ұйымдастырушысы


 


болдыңыз. Нақ сондай бастаманы және Өзіңізге тән нақ сон­ дай күш­жігерді осы мәселені шешуде тағы бір көрсетіңізші.


Мен мұның Қазақстанның, демек біздің бүкіл Одақтың да халық шаруашылығына жоғарыдағыдан кем соқпайтын тиімді нәтиже беретіндігіне кәміл сенемін.


ССРО аумағында мұнай мен газдың жаңа ірі кен орын­ дарын ашуға болатын болашағы зор аймақтар аз қалды. Олар жоғары кембрийге дейінгі тұзасты шөгінділері бар Шығыс Сібір және Каспий маңы ойпатындағы төменгі пермь мен карбон дәуіріндегі тұзасты шөгінділері бар оң­ түстік­шығыс. Менің ғана емес, мұнай мен газ геологиясы саласындағы біздің аса ірі маманымыз академик А.А. Тро­ фимуктың да пікірі осындай.


Осы пікір Сіздің өзіңіздің пікіріңізбен және ССРО Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі алқасының 1974 жылғы 12­желтоқсандағы шешімімен (хаттама №48) сәйкес келетін­ діктен мен Сіз тұзасты мұнайы проблемасының шешімін ұйым­ дастыруда маған түсініксіз қиындықтарды еңсеру үшін күш пен мүмкіндіктер таба аласыз деп үміттенемін.


Сізді аса қадірлейтін


ССРО ҒА­ның Геология, геофизика және геохимия бөлімшесі академик­ хатшысының орынбасары академик А.Л. Яншин


 


Қос академиктің, дос ғалымдардың тілеуі болғандай, дәл осы тұста Батыс Қазақстанда мұнай мен газдың Қарашы- ғанақ, Жаңажол, Теңіз алып кен орындары табылды.


Бұған дейін бұл аймаққа Геология министрлігі де, рес- публика басшылығы да аса көңіл бөле қоймаған-ды. Қа- ражамбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы деген мұнай мен га- зы мол ауданның ашылуына, барлаудың тиянақты жүруіне Шахаңның өзі тікелей басшылық жасады. Сөйтіп, Маңғыстау кен орындарынан кем түспейтін Бозащы мұнайлы ауданы өмірге келді.


* * *


Шахмардан өз ортасына, геолог-барлаушыларға оралға- нына қуанбаса ренжіген жоқ. Ол мансап қуалап, Қонаевтың


 


алдына «президент немесе министр етіңізші» деп барған емес. Қайта, басшылар: «мұнай тап... Академияның беде- лін көтер!» деген. Есенов те «сеніп тапсырылды ғой» деп қолынан келгенін, бойында бар қабілетін жұмсаған. Сеніп тапсырудың артында Димаш ағасы тұрғандықтан да ұятқа қалдырмауды көбірек ойлады.


Біздің қолымызға Шахмардан Есеновтің екінші рет ми- нистр болған тұста Д. Қонаев атына жазған хаты түсті. Хат- ты оқимыз да қайран қаламыз.Күні кеше ғана сан алуан мә- селелерді кабинетіне барып, ақылдасып шешіп отырған Есе- новке енді келіп, табан астынан Орталық Комитеттің есігі


«тарс!» жабылды.


Не болса да хатты оқып көрелік, кімнің-кім екенін, істің ақ-қарасын өзіңіз-ақ пайымдай аласыз.


 


КПСС Орталық Комитеті Саяси Бю­ росының мүшесі, Қазақстан Компар­ тиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Д.А. ҚОНАЕВ жолдасқа!


 


Жағдай мені осы хат арқылы тікелей Өзіңізге жүгінуге мәжбүр етті.


Мен Қазақ ССР Геология министрі болып тағайындалған сәттен бері төрт жыл өтіп барады және осы жылдардың өн бойында, арасына болмашы ғана үзілістер салып, шет­ сіз­шексіз тексерулер, мен және Алматы қаласында орна­ ласқан геологиялық мекемелердің басшы қызметкерлері адам айтқысыз қылмыстар мен заңсыздықтар жасай­ ды деп айыпталатын шағымдар бойынша тергеулер жүр­ гізіліп келеді. Мен министр ретінде, коммунист ретінде өзімнің қарекеттерім, шешімдерім және жұмыс нәтиже­ лері үшін жауап беретінімді, есеп беруге тиіс екенімді тү­ сінемін, сондықтан осыған байланысты министрліктің жұ­ мысы және Сіздің тікелей өзіңіз берген нұсқаулар мен кеңес­ тердің орындалуы туралы Сізге қысқаша баяндап беруім орынды деп санаймын.


Қазақ ССР Геология министрлігі жұмысының мен осы министрлікке жұмысқа келгенге дейінгі көрсеткіштері мен нәтижелері тәуір болды, дегенмен әрбір істе бола­ тыны секілді, белгілі бір кемшіліктер де болатын. Сол кем­


 


шіліктердің қатарында (Сіз және республика Министрлер Советі атап өткендей) мұнай, газ, боксит, мыс, фосфорит және Кенді Алтай аймағында түсті металдар қорын өсіру жөніндегі тоғызыншы бесжылдық жоспарын орындауға байланысты сол кезде қалыптасқан тым күрделі жағдай болатын.


1974 жылдан бастап барлық геологиялық ұйымдардың басты назары көрсетілген кемшіліктерді жоюға, барлық көрсеткіштер бойынша бесжылдық жоспарының орында­ луына жұмылдырылды. Республиканың бірқатар аймақта­ рының геологиялық болашағы туралы қалыптасқан көпте­ ген түсініктер қайта қаралды. Қазба байлықтардың бар­ лық түрлері бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің ұйымдастырылуы мен технологияларын жақ­ сартудың шешуші шаралары қолданылды.


1970–1973 жылдары Маңғыстау түбегінің болашағы жоқ, сондықтан мұнай іздестіру мен барлауды бұдан бы­ лай негізінен тұзасты шөгінділерінде жүргізген орынды де­ ген пікір орын алды. Осыған сәйкес негізгі көлемдер Ақтөбе облысында тұзасты мұнайын іздестіруге бағытталды, бі­ рақ ол кезде министрлікте тиісті техника, кадрлар және тереңдігі 4,5–5,0 мың, одан да көп метр ұңғымалар бұрғы­ лаудың жеткілікті тәжірибесі болған жоқ. Сонымен бірге Маңғыстау түбегіндегі жұмыстар баяулатыла бастады.


Министрліктегі бұрынғы жұмысым кезінен республика­ ның геологиялық өрісін геолог әрі ғалым ретінде білетіндіктен мен Маңғыстаудағы жұмыстардың күрт күшейтілуін та­ бандап талап еттім. Соның нәтижесінде ол аймақта 1974 жылы Қаражамбас, 1975 жылы Солтүстік Бозащы, 1976 жылдың ортасында Қаламқас кен орындары ашылды.


Сонымен бір мезгілде басқа аймақтарда мұнай мен газ іздестіру, барлау жөніндегі жұмыстар жалғастырылды, бірқатар алаңдарда тұзасты шөгінділерінен мұнай саласы алынды, мұның өзі тұзасты шөгінділерінде мұнай болудың аймақтық сипатын қуаттайды. Қазіргі кезде министрлік­ те тұзасты мұнайына жұмыс көлемін ұлғайтуға даярлық жүргізілуде – бұл Сізге біз талай рет баяндаған ірі про­ блема.


Осындай тәртіппен мыс запасын өсіру және кенді Ал­ тай мен Балқаш төңірегіндегі түсті металлургияның


 


жұмыс істеп тұрған көсіпорындарын шикізат базасы­ мен қамтамасыз етілу жағдайы көптеген ғалымдардың қатысуымен қаралды.


Сөйтіп Балқаш төңірегіндегі мыс­порфирлі кендерінде­ гі жұмысты баяулату негізсіз, ал Шығыс Қазақстандағы іздестіру мен барлау жұмыстарының көлемі мүлдем жет­ кіліксіз екені анықталды. Сол жұмыстарды күрт күшейту жөнінде қолданылған шаралардың нәтижесінде Зырян ау­ данындағы Богатырев, Май және басқа кен орындарында Зырян комбинатының 2000­жылға дейін және одан арғы жұмысын қамтамасыз ететін запастар алынып, ССРО мемлекеттік кен қоры комитетінде өте жақсы бағамен бекітілді. Лениногор ауданында Чекмарь, Анисим бұлағы, Гусляков кен орындарында, сондай­ақ Лениногор кенді алаңында жаңа запастар ашылып, барланды, мұның өзі ком­ бинаттың қызмет мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.


Балқаш төңірегінде 1975 жылы жаңадан ашылған Ақтоғай мыс­порфирлі кен орнында барлау жұмыстары жеделдетілген қарқынмен жүргізілуде. Бұл кен орнының за­ пасы ССРО Мемлекеттік кен қоры комитетінде 1979 жы­ лы бекітіледі әрі Балқаш комбинатының қолдағы шикізат базасына елеулі қосымша болады.


1978 жылдың бірінші тоқсанында Көксай кен орнының мыс­порфирлі кенінің запасы бекітіледі, Бөрлі мен Қара­ тас тобының мыс­молибден кен орындарын егжей­тег­ жейлі барлау жөніндегі жұмыстар қызу жүргізілуде, Қас­ қырқазған мыс­порфир ашық кен орны жеделдетілген қар­ қынмен бағалануда. Осылайша Балқаш кен­металлургия комбинаты бойынша да түбегейлі қайта бағалау және мыс­порфир кендеріне көзқарасты күрт өзгерту есебінен, шикізатпен қамтамасыз етілу проблемасы оң ыңғайда шешілуде.


Қаратау комбинаты (қорғасын) ауданындағы жұмыс жабылу табалдырығында тұрыпты, Торғай облысындағы экспедицияның (Теңіз ойпатындағы боксит пен мыс) жұ­ мысы толық дерлік тоқтатылып, жабылыпты. Осының бәрі түбегейлі өзгертілді. Бұл аудандардағы жұмыстар да күрт күшейтілді.


Министрліктің запастарды ұлғайтудың тоғызыншы бесжылдыққа белгіленген жоспары пайдалы қазбалардың


 


барлық түрі бойынша орындалды. Алғашқы үш жылда за­ пастар мүлдем ұлғайтылмаса да, мұнай бойынша да (бас­ тапқы бесжылдық жоспар) орындалды.


Оныншы бесжылдықтың өткен екі жылында осы кезеңге белгіленген запастар өсімі де пайдалы қазбалардың барлық түрі бойынша орындалды және асыра орындалды, соның ішінде хромит пен марганец рудалары, мыс, фосфорит және балқитын шпат бойынша 1977 жылғы өсім жоспары мен со­ циалистік міндеттемелер мерзімінен бұрын, 9 ай ішінде, ал пайдалы қазбалардың көпшілігі бойынша Ұлы Октябрь социа­ листік революциясының 60 жылдығына орындалды.


1974–78 жылдар ішінде республикада мұнайға, газға және қатты пайдалы қазбаларға жүргізілетін геологиялық барлау және іздестіру жұмыстарының көлемі елеулі түрде өсті (100 миллион сом дерлік). Осының бәрі материалдық ресурстарды мүлдем дерлік ұлғайтпай, ішкі резервтерді жұмылдыру, геологиялық барлау жұмыстарының ұйымдас­ тырылуын жақсарту және бастысы, қолда бар техника­ ны неғұрлым ұтымды пайдалану есебінен атқарылды. Гео­ логиялық барлау өндірісін басқарудың ұйымдық құрылымы өзгертілді, геологиялық экспедициялар мен партиялар мей­ лінше ірілендірілді. Жаңа тұрпаттағы бөлімдер (Геотехком­ плект, өндірістік қамсыздандыру партиялары және т.с.с.) құрылып, олар өндірісті жақсырақ қамсыздандырып, алға қойылған міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік берді және алдағы уақытта да мүмкіндік береді.


Әлеуметтік тұрғыдағы мәселелерді шешуге айтарлық­ тай күш­жігер жұмсалды. Геолог­барлаушылар толып жат­ қан уақытша мекендер тұрғызу практикасынан бас тарт­ ты. Министрлік базалық қыстақтар құруға көшті, олар­ ды салудың тәртібі әзірленіп, шарттары белгіленді. Қа­ зақстан территориясында барлық геолог­барлаушылар үшін 30 базалық поселке құрылып, оларда тек барлық жағ­ дай жасалған қолайлы тұрғын үйлер салынды. Тікелей өн­ діріс жүргізілетін жерлерде вахталық қыстақтар болады. Мұндай шара қаржылық және материалдық ресурстарды шоғырландыруға, құрылыс бөлімдерін құрып, төл құрылыс индустриясын дамытуға мүмкіндік береді. 1977 жылы Гу­ рьев қаласында, Қазақстанда тұңғыш рет, силикальций блоктарын өндіру жөніндегі завод жұмысқа кірісті. Гео­


 


лог­барлаушылардың еңбек режимі мен тұрмысы өзгеріп келеді.


Соңғы жылдар ішінде жұмыстың техникалық деңгейін көтерудің негізгі мәселелері қойылып, ССРО Геология ми­ нистрлігінің көмегімен оң ыңғайда шешілуде, оларды шеш­ пей еңбек өнімділігін одан әрі арттыруға, жұмыс уақыты­ ның жоғалтылуын және әрқилы бос қарап тұрукды қысқар­ туға қол жетпес еді. Бір ғана мысал келтірейін:


Екі жыл бұрын Қазақ ССР Геология министрлігі ұңғы­ маларды бұрғылауға қор бойынша небәрі 8–10 дана МРУГУ­ 3 мачталарын алушы еді. Әрбір басқармада жергілікті жер­ де жасалған 10­ға дейінгі (әртүрлі тұрпаттағы) конструк­ циялар болатын. Бұл геологтардың жұмысын қиындата түсетін. Бүгінде МРУГУ­3 мачталарын өндіру Қазақ ССР Геология министрлігінің заводында ұйымдастырылған әрі ол жыл сайын МРУГУ­3 мачтасының 150 данасын шығарып, өз мұқтажымызды толық қамтамасыз етті.


Геологиялық барлау ұйымдарын оперативті қадағалау мен басқару жүйесі қайта құрылды. Министрліктен бұр­ ғылау қондырғысына дейін диспетчерлік қызмет практикаға ендіріліп, ол Министрліктің төменгі ұйымдармен байланы­ сын жақсартты әрі өндірістік мәселелерді шешудегі же­ делдікті арттырды.


Осылайша Қазақ ССР Геология министрлігінде Сіз, қа­ дірлі Димаш Ахметұлы, 1974 жылы назарымызды аударған барлық негізгі мәселелер ойдағыдай шешілуде деуге болады. Геология­барлау жұмыстарының бағыттары мен ұйым­ дастырылуында соңғы жылдары болған күрт өзгерістер, соған байланысты болған құрылымды өзгерту мен кадр­ ларды алмастыру жанжалдарсыз өте алмағанын атап өту қажет. Осынау мәселелер бойынша барлық өзгерістер алқалы түрде қабылданғанына қарамастан, мұндай ахуал­ дарда өздерін қиянатқа ұшырағандай сезінетін өкпелі адам­


дар сөзсіз пайда болады.


Мысалға айтар болсақ, геофизикалық қызметті бір орталықтандыру шаралары өте ауыр жағдайда өтуде. Алма­ ты және Гурьев қалаларындағы геофизикалық трестердің жұ­ мысын тоқтату ол мекемелердің геологиялық барлау жұмыс­ тарын жүргізудегі геофизиканың тиімділігін жете түсініп, дұрыс бағалайтын білгірліктің жетіспеуінен істелді.


 


Осыған байланысты, аталған трестердің басшыла­ ры және басқалар жағдайды жете түсінбейтіндерін бай­ қатты. Сол «өкпелілердің» ішінде жалақор­арызқойлар кез­ десті. Мен жоғарыда көрсеткендей, қазір министрлік пен геологиялық ұжымдарда сол арыздар бойынша үздіксіз тек­ серулер жүргізілуде.


Әрине, маған үкімет пен партияның еңбекшілер хат­ тарына мұқият қарау туралы нұсқауы белгілі. Және менің жеке басыма, министрлікке, геология саласындағы басқа да мансап иелеріне қатысты арыздар тексерілуі қажет. Бұл даусыз. Бірақ, мені Сізге осы хатты жолдауға мәжбүр ет­ кен жағдай – болып жатқан тексерулер еңбекшілердің хат­ тары мен арыздары емес, аты­жөні көрсетілмеген белгісіз біреулердің мазмұны маған мүлде белгісіз, құпия шағымдары



  • домалақ арыздары.


Әрбір осындай шағым тиянақты түрде тексерілуде, әрі ол тексерістерге Алматы қаласының түрлі сала қызмет­ керлері көптеп жұмылдырылып, Министрлік аппараты мен басқа да геологиялық ұжымдардың қызметкерлерінен жау­ ап алынуда.


Мәселен, 1975 жылы, аты­жөні көрсетілмеген біреу­ дің шағымы бойынша мен Министр мансабына тағайын­ далғаннан бір жыл кейін министрліктің жұмысы тура­ лы мәселе жан­жақты (Алматы қаласындағы әртүрлі ведомстволардың көптеген адамдарының қатыстырылуы­ мен) тексерілді: республикада геологиялық барлау жүргі­ зуде елеулі ағаттықтарға жол берілген жоқ па, ғылыми­ зерттеу ұйымдарымен байланыс бұзылған жоқ па? деген тұрғыдан.


Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімі мен Қазақ ССР Министрлер Советі сол уа­ қытқа дейін­ақ Министрлік ұйымдары жұмысының жай­ күйінен, нәтижелері мен көрсеткіштерінен жақсы хабардар болатын, алайда ондай тексеру ұйымдастырылды да, мен ол мәселелер бойынша егжей­тегжейлі түсініктемелер беру­ ге міндетті болдым. Артынан бұл жалалар қуатталмады, бәрі де тоқтатылды.


1976 жылы, жарты жылдан астам уақыт бойы, Қазақ ССР Министрлер Советінің қаулысы бойынша пайдаланы­ лып жүрген басы артық жеңіл автомобильдерді өткізу ту­


 


ралы мәселе жөнінде тексерулер мен тергеу жүргізілді. Тек­ серулер оларды өткізу белгіленген тәртіппен, заңды және негізінен 1973 жылы, мен Министрлікке жұмысқа келген­ ге дейін жүргізілгенін көрсетті. Тексерулер барысында өт­ кізілетін автомобильдердің қалдық құнын кемітудің кейбір фактылары анықталды, алайда, ондай келеңсіздіктердің ті­ келей маған ғана емес, жалпы Геология министрлігінің қыз­ меткерлеріне қатысы жоқ еді, өйткені баға қоюды басқа құзырлы органдардың өкілдері жүргізген болатын.


1974 жылдан бастап өткізілетін автомашиналардың саны күрт қысқарды, ал 1976 жылдан бастап жылына 4–5 машинадан артық өткізілмейді. Бұл істе тиісті тәртіп ор­ натылды, біртұтас орталық комиссия құрылды.


1976 жылы Шабановтың талай­талай шағымдары ба­ рынша ықыласпен, мұқият тексерілді. Ол шағымдарында Шабанов 40­тан астам адамға, соның ішінде Қазақстан КП Орталық Комитетінің бұрынғы секретары А.С. Колебаев жолдасқа, Қазақ ССР Министрлер Советі Председателінің орынбасары С.С. Жиенбаев жолдасқа, ССРО Геология ми­ нистрінің орынбасары А.А. Рясныйға, Қазақ минералдық шикізат институтының барлық басшылығына, партия мен кәсіподақ ұйымдарына және көптеген басқаларға күйе жақ­ ты. Шағымды Қазақстан КП Орталық комиитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімінің 25 адамнан құралған комиссиясы ұзақ уақыт тексерді. Комиссияға бөтен ұйымдардың өкілдері тартылды. Тексерулер нәтижесінде барлық фактылар қуатталмады, алайда тегінде Шабанов шағымдар жаза бе­ реді деп қорыққандықтан шығар, оның қылығына принцип­ ті баға берілген жоқ. Ол­ол ма, маған Шабановқа пәтер бөлу және оған Қазақ минералдық шикізат институтынан жұмыс табу жөнінде нұсқау берілді, ал Шабановтың оларға құқығы болмайтын және жоқ. Одан әрі не болғаны да біз­ ге белгілі: оның жалалы арыздарының бұлайша қаралуынан бел алған Шабанов өзі жақтырмайтын адамдардың қыр соңына түсіп алды. Ол геолог, аяғы жоқ мүгедек Сычевті аямай сабады, егер бөгет жасалмаса, өлтіріп те жіберер еді. Қазір Шабанов сотталып, жазасын колонияда өтеуде. Ғайбат жала жабылып, жәбірленген адамдар Шабановтың осынау бетімен кеткен жалаларынан әлі де зардап шегуде.


 


1976–77 жылдар барысында Оңтүстік Қазақстан тер­ риториялық геология басқармасының, Қазақ минералдық шикізат институтының, Алматы қаласында орналасқан Орталық геология және Аэрогеология геофизикалық экспе­ дицияларының жетекшілері үстінен өрескел келеңсіздіктер мен жеке заң бұзушылықтар туралы толып жатқан ано­ нимді шағымдар тексерілді. Бұл тексерулерді де Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімі Геология министрлігі жүйесі мен басқа ведомстволардың көптеген қызметкерлерін қатыстыра отырып жүргізді. Барлық осы шағымдар да қуатталмады, көрсетілген ұйым­ дардың жетекшілері тарапынан жеке бас пайдасына жа­ салған қандай да бір жөнсіздіктер табылған жоқ. Тіпті Оңтүстік Қазақстан геология басқармасы (оның бастығы Л. Қыдырбековті Министрлік лайықсыз жеке қылығы үшін абыройына дақ келтірген адам ретінде жұмыстан босат­ қан болатын) бойынша тексеру де оның жұмысында елеу­ лі ағаттық жібергенін яки жеке басының пайдасына келең­ сіздік жасағанын анықтай алған жоқ.


Бір­біріне өте ұқсас осынау анонимді шағымдардың ауаны мен мазмұнына қарағанда олардың жала екендігі анық көрінеді (талай рет жүргізілген тексерулер де со­ ны қуаттайды), алайда мен және экспедициялардың, бас­ қармалардың, министрліктің және ғылыми­зерттеу ұйым­ дарының әртүрлі лауазымдағы қызметкерлері ұшы­қиырсыз ақталып, әрбір жүгенсіз айыптау бойынша түсініктемелер беру қажеттігіне ұшырады.


Анонимді шағымдар бойынша жүргізілетін тексерулер ешкімге де құпия емес, оларды Министрлік аппаратының және көптеген геологиялық ұйымдардың қызметкерлері бі­ леді. Ол тексерулердің нәтижелері, қорытындылары мен шешімдері қандай екендігіне (олар азын­аулақ адамдарға ғана белгілі болып қала береді) қарамастан, тексеру фактыларының өзі, олардың денсаулыққа, жұмысқа қабі­ летіне әсер ететінін және белгілі бір моральдық жарақат жасап, іске кедергі болатынын айтпағанның өзінде, адам жанына дақ түсіреді.


Маған барлық, сол ғайбаттардың авторлары өздерінің шатпақтары дәленденбейтінін керемет біле отырып, мұ­


 


қият тексеру болатынына және өздері жала жпақан адам­ дар кезекті моральдық жара алатынына иек артатын се­ кілді көрінеді.


Қазіргі кезде, 1977 жылдың желтоқсанынан бері әлдене жаңа анонимді шағым тексерілуде. Ол шағымның мазмұнын мен білмеймін, бірақ маған Министрлікте тағы да комиссия жұмыс істеп жатқаны, ол министрдің сыйлықтар беру және бір мезгілдік материалдық көмек көрсету қорының шығыс құжатттарын және қандай да бір басқа мәселелерді тек­ серіп жатқаны мәлім. Жәйрем кен орнын ашып, барлағаны үшін ССРО Мемлекеттік сыйлығын беруге қосымша кан­ дидатуралар, соның ішінде менің кандидатурам ұсынылған жоқ па екен деген мәселе анықталуда. Тексеріліп жатқан шағымда ондай «дабыл» бар­жоғын білмеймін. Алайда, ма­ ған Министрлік аппараты қызметкерлерінің бойында мен туралы белгілі бір пікір қалыптастырып, солармен әңгіме­ лесу орнына сол сұрақты ең алдымен маған қойғаны жөн болатын секілді көрінеді. Әлде мен бұрыс ақпарат береді деген ойға жол берілгені ме?


Шындығында іс былай болған:


Сыйлық алуға кандидаттардың тізімін Қазақстан КП Орталық Комитетінің ауыр өнеркәсіп бөлімімен алдын ала келісілгеннен кейін Қазақ ССР Геология министрлігінің алқа­ сы 1976 жылғы желтоқсанда бекіткен болатын. Ол тізім­ ге Жәйрем экспедициясының кен орнын тікелей барлаған, алғаш ашушы – геофизиктер Строителева (зейнеткер) мен Қазақ ССР ҒА­ның Геология институтының аға ғылыми қызметкері Қаймирасова, барлығы 10 адам енді.


ССРО Геология министрлігіне түскен материалдар бойынша Министрлік басшылығы менің назарымды сый­ лыққа ұсынылған кандидаттар қатарында ғалымдар – Қазақстан геологиялық ғылымының өкілдері жоқ екеніне аударды. Нақ сондай ескертпемен маған Қазақ ССР Ғылым Академиясының Геология институтының ғалым­қызмет­ керлері де келген болатын, олар Өспен тақырыбының же­ текшілері болған ғалымдарды (академик Г.Н. Щерба және академик Ш.Е. Есенов) және бұрынғы министр Морозов жолдасты ССРО Мемлекеттік сыйлығын алуға қосымша ұсынуды талап етті.


 


1972 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы мен Қазақ ССР Геология министрлігінің ұсынысы бойынша Өспен та­ қырыбы жөніндегі жұмыстары үшін Ғ.Р. Бекжанов, В.Г. Ли, А.Т. Ситько, Г.Н. Щерба жолдастарға және маған Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлықтары берілген болатын.


Өспен аймағында ашылған Жәйрем кен орны Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған материалдарда көрсетілген, ал бір ғана ашылған кен орны үшін екінші рет сыйлық беру болмайтын тірлік.


Одан әрі белгілі болғанындай, кейбір жолдастар Мем­ лекеттік сыйлықтар жөніндегі комитетке қосымша кан­ дидаттар туралы хат жазыпты. Сол хаттарда Тынен­ баумның, Ивановтың, Орловтың, Меерсонның, Щербаның, Есеновтің, Морозовтың және басқалардың фамилиялары аталыпты.


Ал мен, министр ретінде, осы мәселені қараудың барлық кезеңдерінде ОК­тің ауыр өнеркәсіп бөлімімен келісілген тізімді жақтап, әуелде ұсынылған он адамның Мемлекет­ тік сыйлық алуына қол жеткіздім. Қазақ ССР Геология ми­ нистрлігінің алқасы ұсынған авторлар коллективі ешқан­ дай өзгеріске ұшыраған жоқ.


Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған кандидатуралар мә­ селесі бойынша маған ешқандай талап­тілек болмауы ке­ рек деп ойлаймын. Сондай­ақ тексеріліп жатқан шағымда менің атыма айтылатын барлық басқа айыптар да тағы дәлелденбейтініне кәміл сенемін. Мен Қазақ ССР Геология министрлігінің жұмысында және министр ретіндегі менің қызметімде кемшілік жоқ дегім келіп отырған жоқпын, олар, сөзсіз, бар, алайда жеке басымның пайдасына жасал­ ған келеңсіздіктер және басқалары туралы айыптаулар не­ гізсіз деп санаймын.


Осылармен бірге, солар тектес хаттар, оларды қазіргі тұстағы тұрғыда қарау тоқтатылмайынша, тегінде, түсе беретін болар, деген пікірімді айтпай кете алмаймын. Сол арыздарды ұшы­қиырсыз қарай беру қалыпты жұмысқа жәрдемдеспейді, қайта бөгет жасайды, барлық назарды министрлік алдында тұрған зор да маңызды мәселелерді шешуге шоғырландыру мүмкіндігін бермейді. Сондықтан мен, қадірлі Димаш Ахметұлы, осы мәселені қарау керек деп


 


жүгінуді ұйғардым. Егер бұған тыйым салынбаса, олар әлі нені ойлап табатынын болжап білу қиын.


Құрметпен,


 


Қазақ ССР ҒА­ның академигі, Геология­минералогия ғылымының докторы, профессор, Лениндік сыйлықтың және Қазақ ССР


Мемлекеттік сыйлығының лауреаты                      Ш. Есенов


 


 


* * *


Қонаевқа осынша ақтарылатындай Есеновке не көрінді деуіңіз мүмкін. Не көрінгенін қайдам, ақырында түймедей кемшілікті түйедей етіп, тура бір мемлекеттік қылмыс жасаған адамдай, Қазақстан компартиясы Орталық Комитетінің бю- росы Есенов партиядан шығарылсын, жұмыстан босатылсын, есеп кітапшасына жазылып қатаң сөгіс берілсін деген шешім шығарды. Бұл не? Бұған жауап беруге біз қауқарсызбыз. Се- бебі көп, соның бірі – ол ортада болған жоқпыз, олардың бір- біріне деген айыптау, кінәлау сөзін естіген жоқпыз. Одан да дәл сол сәттерде Есенов Шахмарданның көмекшісі болған Асанов Мәдениетке сөз бергеніміз орынды шығар:



  • Бәрі менің көз алдымда өтті, бәріне де куәмін. Со­ дан, 1974 жылы қазақстандық бір топ ғалымдар ССРО Мем­ лекеттік сыйлығына ұсынылды. Жалпы тізімде бастапқыда Шахмардан да бар болған. Бірақ , құжаттар Мәскеуге кетер кезде ол сызылып қалды. Шахтың да достары көп қой, мұны естіген олар кәдімгідей наразы болып, содан Орталық Коми­ теттегі ауыр өнеркәсіп бөлімінің қолдауымен, рұқсатымен Есеновтің құжаттарын Мәскеудегі Мемлекеттік сыйлық комитетіне өте тез жеткізу керек болды. Өйткені комис­ сия отырысының болатын күні таяп қалды. Ол міндет маған жүктелді. Апардым, тапсырдым. Қысқасы, он жеті адамның біреуі қарсы дауыс беріп, Есеновке сыйлық берілмей қалды. Со­ дан, құжаттардың бәрі Қазақстанның Орталық Комитеті­ не оралады ғой. Өздерінің сызып тастаған Есенові тізімде жүр, бұл қалай болған? Міне, қызының тойына «қырық теле­ визор, елу кілем түсіпті» деген кіналарын, тексерулерін былай


 


қоя салып, онсыз да сылтау таба алмай отырған «Орталық» Шахмарданның соңына осыдан кейін шырақ алып түсті де­ сем де болады. Ақырында, «бізді айналып өттің» дегенді үл­ кен мін, қылмыс қылып тағып, бюроға салып, партиядан шы­ ғарылсын, жұмыстан босатылсын, есеп кәртішкесіне қатаң сөгіс жазылсын деген шешім шығарып, оны Мәскеуге, КПСС Орталық Комитетінде қарауға жіберді.


Осы жерде бір оқиғаны айта кетейін, бұл шындықты мен бірінші рет айтып отырмын, жасым ұлғайды, өзіммен бір­ ге ала кеткім келмейді. Содан, әлгі Орталық Комитеттің ауыр өнеркәсіп бөлімінде дайындалған, Есеновті Мемлекет­ тік сыйлыққа ұсынған құжаттарды Мәскеуге әкеткелі жа­ тып мен Шахмарданнан сұраймын:



  • Шах, Орталық Комитеттен неге рұқсат сұрамадық,

  • деп.

    • Сұрадық қой, сызып тастаған жоқ, па?! – деді ол.

    • Өздерінің рұқсат бермегенін білсе, қалай болады?

    • Білсе, біле берсін. Біріншіден, бұны ойлап тапқан мен емес, бөлімдегі жігіттер. Екіншіден, маған атақ керек емес, бұл Лениндік сыйлықтан жоғары емес қой. Егер сен түсіне білсең, бұл маған қорған, қамал үшін керек. Сыйлықты алып кетсем, мені олар бұл орыннан төрт­бес жылға қозғай ал­ майды. Ал, төрт жылда бұл дүние өзгермейді деп саған бі­ реу айтты ма? Кім біледі? Мәдениет, біздің қоғамға өз­ геріс керек, елге еркіндік керек. Өтірік жоспар, дүкендегі бос сөрелер халықты қажытты! Үшіншіден, сен мені бұл атаққа ылайық көрмей тұрсың­ау, деймін? – деп сөзінің ая­ ғын қалжыңға бұрып жіберді. Мен ойланып қалдым. Қандай қақтығыстар, қандай күрестер жүріп жатқанының шет жағасын ұққандай болдым.




Тағы бір сәтті айта кетейін, Бюро болатын күні түс­ ке дейін менің Орталық Комитет пен Министрлер Кеңесіне апаратын қағаздарым болды да, «Үлкен үйге» келдім. Әуе­ лі Министрлер Кеңесіне хаттарды тіркетіп, тапсырдым да, өзіміз – көмекшілер ғана білетін «черный ход» арқылы Орталық Комитетке, баспалдақпен ақырын, мысықша ба­ сып үшінші қабатқа көтеріліп келе жатқанмын. Себебі, Қонаевтың кабинеті тура үшінші қабаттың баспалдағының қасында болатын. Қарасам дәл дәліздің ортасында, Қонаев кабинетінің алдында Шахмардан мен Дінмұхамед Ахметұлы


 


тұр. Шах талай рет әрекеттеніп, қабылдауына кіре алмаған Қонаевпен дәлізде әңгімелесіп тұр. Таң қалдым. Тұрған жерімде қатып қалдым. Екеуі кәдімгідей ашық­жарқын әңгімелесіп тұрды да, бір кезде құшақтасып қоштасты, Димаш Шахтың арқасынан қағып­қағып қойды. Шынымда айтсам, бұл көріністен кейін менің көңілім көтеріліп, екеуі тіл табысқан екен ғой, енді бәрі дұрыс болатын шығар деп қуанып қалдым.


Содан сағат екіде Шахмардан өзінің мәселесін қарайтын бюроға, Орталық Комитетке кетті. Көп болса бір сөгіс беретін шығар деп сенімді отырмын. Бюродан Шах кешкі сағат тоғызда ғана келді. Бұл кезде министрліктің барлық қызметкерлері кетіп қалған, жалғыз өзім Шахты күтіп отырғанмын. Қарасам көңіл­күйі төмен.



  • Шах, не болды, – дедім. Бетіме қарап тұрды тұрды


да:



  • Болары болды, жұмыстан шығарылсын, партбилет


алынсын, қатаң сөгіс жеке листогіне жазылсын деді.


Менің тілім байланып қалды. Бағанағы, Қонаев пен Шахтың құшақатасып қоштасқандары, Шахтың арқасы­ нан Димекеңнің қаққаны көз алдыма келді. «Сонда бұл қалай болғаны?» Сасқанымнан:



  • Бұл қалай, неге? – дей беріппін. Шахта жауап жоқ, ешкімді жамандап күйініп те, ашынып та тұрған жоқ. Ақырында мен шыдай алмай бағанағы үшінші қабаттың дәлізінде көрген «көрінісімді» айтып салдым, – сонда жап­ жақсы сөйлесіп тұр едіңіздер ғой... арқаңыздан қағып... сон­ да бұл қалай болғаны.., – дедім ыза буып. Ол тағы да беті­ ме бір қарады да:

  • Ә, батыр, өмір солай, – деді. Басқа бір сөз айтқан жоқ. Мен айта түссе екен деп тұрмын, бірақ ол ауыз ашпады.


Ол өмірі ешкімді жамандамайтын, талқыға салмай­ тын. Не болса да ішінде жататын. Ешкімді боқтаған да жоқ, даттаған да жоқ. Кабинетінің ішінде демалатын кішігірім бөлмесі болатын, соған кірді де, қағаздарын жиыс­ тыра бастады...


Қонаевтың өзі бюроның нақ сол мәжілісіне қатыспа­ ғанын естуім кейін ғой. Аяқ астынан демалысқа кетіп қа­


 


лыпты. Бірақ шешім ол кісінің «мақұлынсыз» қабылдан­ байтыны белгілі ғой.


Ендігі сөзді, соңғы шешімді КПСС Орталық Коми­ теті айтуы керек. Содан, бюроның шешімін күту бас­ талды. Бұл бір өте ауыр күндер болды. Күнде таңертең бұрынғы тәртібі бойынша Шах жұмысқа тоғызда келеді, неге екенін білмеймін, пальтосын жамылып төрде таудай болып отырады. Түскі асқа барып келеді де, содан жұмыс аяғына дейін отырады. Министрліктік жұмысының бәрін, қол қоюды орынбасары Селифоновқа тапсырды. Каби­ нетіне мен ғана, анда­санда орынбасары кіреді, болды. Он алтыншы­он жетінші күндері кабинеттен валидолдың иісі шыға бастады. Мұндай әділетсіздікке қандай жүрек шыдасын, Шахтың да жүрегі сыр бере бастады­ау деп, мен де уайым шегіп қалдым. Шынымды айтсам, Шах үшін өзімнің де жүрегім ауыра бастады. Орталық Ко­ митет мүмкін дұрыс қарап, жұмысында да, партияда да қалдырар деп қоямын. Қонаев пен Шахтың дәліздегі кез­ десуі ойыма түседі де, бар үмітім өшіп қалады. Бәрі ал­ дамшы, бәрі өтірік. Бұларға сенуге болмайды деп қоямын. Содан, 19 күн дегенде КПСС Орталық Комитетінде қа­ ралып, Саяси бюроның жұмыстан босатылсын, жеке лис­ тогына қатаң сөгіс жазылсын, бірақ партияда қалдырыл­ сын деген шешімі шықты.


Шах партияда қалдырғанына қуанды. Екеуміз кітапта­ рын жинастырып, үйге келдік. Сол кездегі бір сәт те менің бүгінгідей көз алдымда. Есіктен кірісімен Кәмила апай не болды деп сұрап жатыр. Шах ЦК­ның шешімін айтты. Сонда Кәмила апай:



  • Батыр, денің сау болсын. Мен министрге, президент­ ке емес, қарапайым геологқа тұрмысқа шықанмын, кетеміз өзіміздің даламызға ...уайымдама ...сен Батыр емессің бе?



  • деді де, ас үйге кіріп кетті. Апайдың ақылдылығына ри­ за болып қалдым.


Мен төрт жылдың ішінде бұл отбасымен қоян­қолтық араласып кеттім, жұмыстан басқа уақыттарда да арал­ сып тұрдық, Шахмардан мен жары Кәмила апайдың ара­ сында ерекше бір құрмет пен сыйластықты көріп, сүйсініп жүрдім. Олар бір­бірінің атын атамайтын, «Батыр» дей­ тін. Ренжісіп, ұрысқанын көрген емеспін.


 


Шахтан үйренетін жақсы бір әдет бар, ол іс сапар­ мен қайда барса да келісімен бірінші кезекте үйіне, Кәмила апайға «жеттік» деп телефон соғатын. Оны еш бұзған емес. Өзінің семьясын, балаларын уайымға салғысы келмей­ тін, қатты қадірлейтін, бар жағдайын жасайтын.


Сосын бір қызығы, іссапарда жүргенде шайды өзі дайын­ дағанды жақсы көретін, мені араластырмайтын.


Оған Орталық Комитет Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасарлығын ұсынды. Тіптен біраз зорлық жасап, барасыз да барасыз дегілері келіп еді, Шах жұмыссыз қалсам да бармаймын деп, тегеурінді қар­ сылық білдірді. Шах үзілді­кесілді: «бармаймын, мені өзім­ нің далама, экспедицияма жіберіңдер» деп отырып алды. Мен Шахқа: «бара бермейсіз бе, төраға орынбасары болу да жақсы жұмыс қой» дедім, сөйтсем ол: «Онда барсам, ондағылар біріншіден соттатқызып, сосын, атқызып жі­ береді» деді. Иә, Шахмарданның беделін қызғанғандар өз республикамызда аз болған жоқ. Олар оның «Бірінші бас­ шы» болып кетуінен қауіптенді, себебі, не дейсің «Шаха­ мардан Қонаев орнына дайындалып жүр екен» деген сөз де сол жылдары айтылып жүретін. Және де мұндай өсекті де өздері шығарып, Қонаевты оған қарсы қоюға пайдаланды емес пе. Тіптен Шахтың Бірінші хатшы болам деген ойын­ да да жоқ. Егер ойында болса, Қонаевтың көңілін тауып, артық іске де, сөзге де бармай, ақырын­ақырын жүре беруші еді ғой. Жоқ, ол республикада кетіп жатқан кемшіліктерді талай жерде, үлкен мінберлерден кесіп­кесіп айтқанын өзім көрдім ғой. Ол ел үшін, жер үшін жаны ашыған нағыз аза­ мат болды. Егер, шын мәнінде ол Бірінші хатшы болды бар ғой, онда Қонаевтың айналасындағы жағымпаздардың бәрі бір күнде жұмыстан кететіні анық. Сондықтан да олар Шахтан қорықпағанда, кімнен қорықсын, жайлы отырған орындарынан жылжып кетеміз бе деп қауіптенді! Шахтың айналасына жағымпаздар жолай алмайтын, оның мысы ба­ сып тұратын.


Ақыры өзі Балқаш геология экспедициясына сұранып кетті. Мен оны Балқашқа жалғыз өзім шығарып салдым. Ол жаққа жиені екеуі кетті. Апай көшіп барғанға дейін Балқашта жиенімен бірге тұрды. Самолет бір сағатқа


 


кешігіп, депутаттар отыратын бөлмеде біраз сөйлесіп отырдық. Сонда мен қоймаймын ғой баяғы:



  • Шах, не болды бұл. Ешкімнің басын жарып, көзін шығарған жоқпыз, мемлекеттің қаржысы орнында, сыйлық сұрадың деп осыншама қатал жаза қолдануға болмайтын шығар, дұрыс емес қой, – деп. Бір кезде маған қарап:

  • Мәке, – деді. Жасым кіші болса да осылай атай­ тын мені ол, – мен саған бір аңыз әңгіме айтайын, сенің де өміріңе керек болады, – деді. Сөйтті де:

  • Баяғыда, бір қарт әбден жасы ұлғайып, о дүниеге аттанғалы жатыр екен дейді.Содан баласы:

  • Әке, талай жыл өмір сүрдің, маған мұраға не қалдырып барасың? – дейді.


Әкесі ойланып жатып­жатып:



  • Балам, мен саған екі хат қалдырамын. Мен дүние салған соң менің атағымның арқасында сенің жағдайың жақсарып, лауазымың өсіп, өзің байып, көңілің тасиды, құдайды да ұмытатын шаққа жетіп қаласың, айналаңдағы ағайын­туғанға мейірімің азайып, байлықтан басың ай­ налады, сол кезде мына бірінші хатты ашып оқы. Содан бір жылдарда бағың тайып, байлығың кеміп, тіптен өзің қайыршылыққа түсесің, бұдан менің өлгенім артық шығар деген күйге де жетесің, сол кезде екінші хатты ашып оқы,



  • дейді де қария көз жұмады.


Айтқанындай­ақ, әкесі өлісімен баласының бағы тауға өрмелеп, байлықтан басы айналып, мейірім­шапағаты азая­ ды, Құдайын ұмытады, жұрттың реніші көбейеді. Сол кезде әкесінің хаты ойына түсіп, әкем не деп кетті екен деп біре­ уін ашып оқиды. Хатта: «Балам, бұның бәрі уақытша!» деп жазылыпты. Бала ойланып, қателігін түсініп, жөнделіпті. Тағы да біраз жылдар өткен соң, бағы тайып, байлығы кеміп, киерге киім, ішерге ас таба алмай, бұдан да өле салғаным артық шығар деп жүдеп жүргенде, әкесінің екін­ ші хаты ойына түсіп,оқиды. Хатта: «Балам, бұның бәрі


уақытша!» деп жазылыпты.


Содан әлгі пақыр: «е, бұның бәрі өткінші екен ғой, шы­ дайын» деп, өмір сүруін жалғастырыпты. Айтқандай­ақ біраз жыл өткен соң, еңбегінің арқасында баяғы байлығы мол өміріне оралыпты. Бұл әңгімені әкем Жорабек айтып


 


еді. Сол сияқты, Мәке, мұның бәрі өткінші. Ал, менің халқым үшін не істеп, не тындырып жүргенімді саған айтып жа­ ту артық, – деді де әңгімені ұзартпады. Ұшатын уақыт та жетіп, Шах самолетке беттеді.


Мен Шах қашан самолетке отырып, ұшып кеткен­ ше соңынан ұзақ қарап тұрдым. Жаратушы берген ақыл мен дарын өзіне азап болып жабысып, тағдыры тәлкекке түсіп бара жатса да, рухы асқақ, тұлғасы тік, біртуар Азаматтың болмысына табынып, жапан далада жалғыз қалған адамдай жаным жүдеп қала бердім.


Сол тұлға, сол рух әлі күнге менің көз алдымда!


* * *


Ал, енді Д. Қонаевқа жазылған хатқа оралайық. Қанша жерден «ол ортаны» білмейміз деп қашқақтағанмен, өз ойы- мызды, сұранып тұрған пікірді айтпасақ, сөз атасы өлгелі тұр. Қазақ: «Ісің өлсе де сөзің өлмесін» дейді. Неге? Қадыр ақын айтады: «Шындық деген де жөтел сияқты, тамағыңды жыбырлатып маза бермейді» деп, қиянатты көре тұра өтіп кете беруге сол шындықтың жөтелі маза бермей тұр. Амал қанша айту парызымыз.


Иә, қанша жерден Есеновтің бұлай ышқына жазып, өзі- нің атқарған істерін тізіп, сыйлыққа ұсынудың қалай-қалай өрбігенін бар ынтасымен түсіндірмек болғанымен, Қонаевқа керегі ол емес еді. Бірінші хатшы онсыз да біледі: Ш. Есе- нов не бітірді, не бітіріп жатыр, не бітіре алады? деген сұ- рақтардың жауабын да, үлкен сыйлыққа әбден ылайықты екенін де іші сезеді. «Орталық Комитетпен келіспей, өзіңді СССР Мемлекеттік сыйлығына ұсындың!» деп дігерлеу, шу көтеру әншейін сыныққа сылтау. Олардың Есеновті үлкен саяси ортадан шығарып тастау амалын іздегеніне біраз бол- ған-ды, біресе қызына жасаған тойға жармасты, біресе ұлт- шылсың, қазақтарға бүйрегің бұрады деп кіналады, тіптен домалақ арыздарды өздері талай ұйымдастырып, өздері тек- серту жіберді де. «Сыйлыққа ұсынылғандардың тізімі, ал- дын ала Қазақстан КП Орталық Комитеті ауыр өнеркәсіп бөлімінің келісуімен, 1976 жылдың желтоқсан айында Қазақ ССР Геология министрлігінің алқа отырысында бекітілген» деген Есеновтің уәжді жауабына көңіл де, құлақ та асқан жоқ. Өйткені олардың алдында бір ғана мақсат – «конку-


 


рент» адамды ығыстыру, Мұқағали ақын айтқандай-ақ, «кү- ресінге лақтыру» мақсаты тұрды. Шахмарданның аз уақыт- тың ішінде көпке белгілі, беделді болғаны «Біріншінің» ор- тасын, кейбір орынбасарлар мен министрлерді, хатшылар мен көмекшілерді сезіктендіріп,«сақтандыратын». Себеп? Себептің салдары көп.


Бұл кезде «Біріншінің» жетпіс деген асуға таяп, қарттық деген ауылға келіп қалған кезі, баяғы күш-қайраттың кеміп, бойдың да, ойдың да салқар тартқан тұсы. Кімнің қартайғысы келеді дейсіз, бірақ сіз бен бізді жаратқан Алла сіз үшін өз заңын өзгерте алмайды. Жастықтың да шамының жарығы азайып, қарттық келеді оның артынан. Біздің қателігіміз де сон- да, біз дер кезінде, уақыт келген кезде мойынсұнуды білмей- міз. Мойынсұну да мықтылық. Билікте болғандардың ішінен бұл мықтылықты көрсеткендері кемде-кем. Қонаев та басқаша әдеп көрсете алмады, зейнеткерлікке жасы келсе де, жоғары мансаптан айрылғысы келмей, «тақтан» айрылса түк болмай қалатындай ұзақ отырды. Аптаның үш күнінде дем алып, төрт күнінде ғана жұмыс істеп, айды-айға, жылды-жылға жалғай бер- ді. Бірақ бұл Қонаев жасаған «еңбек ережесі» емес-тін, мұны Мәскеудегі сабағынан үзілгелі тұрған, Брежнев бастаған по- литбюро мүшелерінің ойлап тапқан, өздерінің «күш-қуатына» ыңғайлап алған, әдетке айналдырған «еңбек ережесі» бола- тын.Бар мәселеде Мәскеуге қарап «бой түзеп» отыратын біздің коммунистер де солардай жұмыс істеп, солар секілді демалуды тез үйренген-ді. Бұл жұмыс «ережесі» кейіннен жаңа бастық – Ғылым Академиясының президентіне де «жұғысты» болғанын әріптестері жасырмай, жамырай айтады.


Ал, Шахмардан бұл кезде нағыз дер шағында, білім де, тәжірибе де жинақтаған, толысқан кезі болатын.Ол қай ор- таға түссе де нар тұлғасымен, асқан шешендігімен, шалқар білімділігімен жарқырып көрініп, көптің назарын өзіне бір- ден аударатын және есінде ұзаққа қалып қоятын. Қашанда ол өзін еркін, сенімді ұстайтын, өйткені оның рухы асқақ, адамдығы биік еді. Табиғат берген зеректікті Шахмардан біліммен, ғылыммен толықтырды, қадір-қасиетіне жетті. Өзі айтқан «қырандарша өмір сүруім керек...» деді, солай өмір сүрді де.


Әуелі ол ұлттық бай дәстүрден, дала мәдениетінен тәлім алды. Сыр бойын жағалай қонған, ертегі-аңызы мол, жыр-


 


термесі төгілген, иін тірескен қара халықтың ортасында, не- сібесін төрт түлік мал үстінен тауып, атыз, арық жағалаған диқан қауым арасында өсті. Бала кезінен барды да көрді, жоқтың да кермек дәмін татып өсті. Ер жетіп, ел билігінің бір шеті қолына тиген кезде арманы сол халқының мұқтажын өтеу, өркендету болды, бұдан былайғы арманы бұдан да биік еді. «Жеріміз бай, өзіміз неге кедейміз?» Осы сұраққа іс жүзінде жауап беру еді бар мұраты.


Ол Абайды, Сұлтанмахмұтты, Қасымды оқыды, жатқа білді. Тағы да өзі айтқандай: «мен орыс тілін студент кезім- де Маркстың «Капиталын» күні-түні жаттап үйрендім. Мұ- ғалім жаттаған сөзімді бұзып, сұрақ қойса да, бәрібір мен сол жаттағанымды басынан қайта айтатынмын. Талабымды бағалаған болар, мұғалімім бетіме қарап бір күлді де, төрт деген баға қойып берді». Кейіннен ол Пушкин, Лермонтов, Есенин өлеңдерін түп нұсқадан оқып, жаттап үйренді. Зерек- тігі әкесі Жорабекке, шешендігі елдің сөзін сөйлеп, жоғын жоқтаған батыр бабалары Маңдай мен Деріпсалға тартып тұрды. Шахмарданда көш бастайтын көсемдік, сөз бастай- тын шешендік, бәрі-бәрі бар-ды.


* * *


Геология-минерология ғылымының докторы Э.Ю.Сейіт- мұратова былай толғайды:



  • Тағдыр Есеновке өз қабілетін жүзеге асыру үшін мүм­ кіндік берді. Ал, оның қабілеті – адамдарда сирек кезде­ сетін жетекшілік дарыны мен жаңашылдық дарыны еді. Кім не айтса, соны айтсын, республиканың мұнай геологи­ ясында негізгі серпін ол геология министрі қызметіне кел­ ген кезеңге дәлме­дәл келді. Бұған дейін республикадағы гео­ логиялық жұмыс қатты пайдалы қазбалардың минералды­ шикізаттық базасын жасауға бейімделген болатын. Жо­ ғарыда аталған адами қасиеттер Ш. Есеновке өмірінің соңына дейін тірек болды, көмектесті.


Менің айтарым, оның Алматыдағы қызметінің бірін­ ші кезеңінде (1960–1978 ж.ж.) үкіметтік сатыларда ға­ на емес, ғылымда да биік баспалдақтарды кереметтей қарқынмен бағындырғаны туралы. Соңғысының да оған


«оңтайлы» болуының басты себебі, оның геологиялық өн­ дірістің қыр­сырын толық меңгеріп алуында шығар. Гео­


 


логия, оның негізін қалаушылардың пікірі бойынша, «ең ғылыми өндіріс және ең өндірістік ғылым болып табы­ лады». Сондықтан да геология ғылымы институтының көптеген басшылары Қ.И. Сәтбаевтан бастап, Р.А. Борука­ ев, В.П. Ли, А.Қ. Қаюпов, Г.Н. Щерба, П.Б. Жилинский және басқалары одан бұрын өндірістік тәжірибеден өткен адам­ дар еді. Ш. Есенов оншақты жыл жинақтаған өндірістік машық оның ғылыми еңбектерінің үлкен бөлігіне негіз бол­ ды. Айталық, Жезқазғанның кенді аудандарының минероге­ ниясы және бүкіл Қазақстанның металлогениясы туралы іргелі еңбектер өндірістік тәжірибе мен ғылыми дарынның сәтті ұштасуының жемісті нәтижелері. Осы бағыттағы көптеген жұмыстарды ол басқаларды ғылыми ұжымдасуға шақыра отырып орындады. Қайсыбір жұмысты ойдағыдай атқару үшін ол керемет икемділік пен көрегендік танытып, тіпті бір­біріне қарсы адамдардың іске қызығушылығын арттырып, татуластырып жіберетін.   Нәтижесінде, сол жылдарғы геология институтының бастамалары ой­ дағыдай жеміс те, жеңіс те әкелген­ді. 1968 жылы бас­ падан шыққан «Қазақстанның жер қойнауы» монография­ сы (Ш.Е. Есенов, Д.С. Қонаев, С.М. Мұхамеджанов) Қазақ­ станның пайдалы қазбаларының түгелге дерлік кен орын­ дарының жинақталған қорытындысы, шын мәніндегі анықтамасы десек жаңылмаймыз. Кейінгі жылдары атал­ ған монографияның негізінде Қазақстанның рудалы және рудалы емес кен орындары бойынша кеңейтілген заманауи анықтамалар жарық көрді. Әртүрлі халықаралық конгрес­ тер мен Бүкілодақтық жиналыстарда қазақ геологтарының баяндамалары жоғары бағаланып, марапатталды. Бұл баян­ дамалардың бастауында Ш.Е. Есенов тұрған болатын.


Шахмардан Есенұлының өзі өте жоғары деңгейлі бір­ қатар геологтар форумдарына қатысқаннан болар, Қазақ­ станда сәйкес шараларды өткізу ісіне аса зор жауапкер­ шілікпен кірісетін. Осыған байланысты есіме 1976 жыл түсіп отыр. Сол жылдың қазан айында, Алматыда бесінші Бүкілодақтық петрографиялық жиын өтуі тиіс болатын. Әдетте, барлық геологиялық конгрестер, конференциялар және т.б. жиналыстар өзі өтіп жатқан ел өңірлерінің гео­ логиялық құрылымы мен пайдалы қазбалар кен орындарының ерекшеліктерімен танысу үшін геологиялық экскурсияға ұла­


 


сатын. Сондықтан, өткізілетін форумның ұйымдастыру комитеті Қазақстан бойынша бірқатар экскурсияларды, соның ішінде Солтүстік Балқашқа экскурсияны бір жыл бұрын бекітіп қойған болатын. Балқаш геологиялық­гео­ физикалық кешенді экспедициясының аға геологы маған экскурсия маршрутына басшылық жасап, талдау әрі жол көрсеткішті даярлау жүктелді. Мен бұл жұмысқа, Саяқ маршрутын сипаттау үшін геологиялық ғылымдар инс­ титутының қызметкері В.И. Фомичёвты қосып алып, құлшына кірістім. Менің жоспарым біз қазір жол көрсет­ кішті жазып, жариялаймыз, ал, күзде экскурсияны өт­ кіземіз дегенге сайды. Кенеттен, тамыз айында жол көр­ сеткіштің барлық авторлары жол бастаушылар рөлін де атқаруы тиіс деген нұсқау түсіп, Алматыға, Геоло­ гия министрлігіне шақыртылды. Сонда министр Ш Есе­ нов бұдан да маңызды істерін жиыстырып қойып, 2­3 са­ ғат бойы әрқайсымыздан экскурсияның даярлық деңгейі ту­ ралы, бүкіл ұйымдастырушылық мәселелер туралы, мей­ манханалардағы орындардың әзірлігі туралы, экскурсия кезіндегі тамақтану, далада түнеу, Ақшатау мен Саяқ­ тағы инфрақұрылымдар және т.б. туралы тәптіштеп сұрастырды.


Бұл кездесу мен үшін өткізілетін шараға жауапкершілік дәрежесінің сабағындай болды. Менің ұққаным, адамдарға байланысты істе Шахмардан Есенұлы тек жақсы ұйымдас­ тырушы ғана емес, өте қамқор, ілтипатты адам екен.


Мен сол шақта егер бұл кісі бөтен адамдарға сонша­ лықты қамқорлық танытса, өзінің жақындарына деген жү­ рек жылуы қаншалықты екен деп ойладым.


Мен Шахмардан Есенұлының мұндай қасиеттерін жыл аралатып Балқашқа Л.К. Қадырбековпен немесе В.Е. Лар­ чиковпен іссапарға келген уақыттарында біздің үйден түс­ тену кезінде­ақ байқағанмын. Ал, енді ресми жағдайдағы оның адами қасиеттерінің сол күйінде алдымнан шыққанын көргенде, расы керек, бұл мен үшін күтпеген жағдай еді. Бұдан бір ғана қорытынды жасауға болады: осынау ақыл­ ман және қуатты министрдің кеудесінде мейірімге толы жүрек соғып тұр.


Айтпаса да түсінікті, өткен ғасырдың 60­70 жылда­ ры олардың «жұлдызды сағаты» болды. Мұндайда «Тоқ­


 


та уақыт» дегің келеді. Амал не, уақытты тоқтату еш­ кімнің де қолынан келмейді және ол өзінің түзетулерін әрдайым енгізіп отырады. Оның үстіне ешбір адамның өмірі өздерінің Ягосы мен Сальериінсіз өтпейтіні тағы бар. Шахмардан Есенұлының жалынды, жарқын бейнесі қызғаныштың қызыл отын жақпай қойған жоқ. Ондай бей­ шара, күйкі адамдар туралы айтпай­ақ қоюға да болар еді, бірақ олардың қара ниет әрекеттері нәтижесінде зор па­ расат иесі, мемлекетшіл, дарынды тұлға – Ш.Е. Есеновтің қайраткерлік қызметіне қиянат жасалды ғой.


Оның Қазақ ұлттық техникалық университетінің гео­ логия факултетіне келуі факультеттің мәртебесін бұрын­ ғы жоғары деңгейіне бірден көтерді. Ш.Е.Есеновтің арқа­ сында факультеттің лекциялар курсында металлогения пә­ ні пайда болды, факультет оқытушылары ҚР Геолгия коми­ тетімен шаруашылық келісімшарттар жасап Саяқ кенді ауданының 1:50000 (ГДП­5) масштабтық геологиялық кар­ тасын жетілдіре зерттеу жөнінде бірнеше жоба әзірледі, және оған қоса Ш.Е. Есеновтің беделі мен есімі факультет­ те геология, қатты пайдалы қазбаларды іздеу және барлау, минерагения және геофизика, пайдалы қазбаларды іздеудің геофизикалық әдістері мамандықтары бойынша кандидат­ тық және докторлық диссертациялар қорғалатын ғылыми кеңес ашуға көмектесті.


Шахмардан Есенұлы өмірінің парақтарын ашып, қарап отырсаңыз, мағынасыз беттерді таба алмайсыз. Оның бар өмірі – өз қызметін жарқырата атқаруға арналды, сондықтан оның өмірінің қысқа болуы өкінішті­ақ, ол елі үшін, Қазақстан үшін қажет еді, жақындары үшін қымбат, қимас жан еді.


* * *


Осылай Геология министрлігінде бір шаруаларды бітіріп, екіншісін жоспарлап жатқан тұста Есеновтің тағы да қызмет ауыстыруына тура келді. Ол оның еркімен емес, «ұлы» комму- нистік партияның нұсқауымен болды. Бұл жолғы ұсынған қызметтері тіптен ерекше еді. Баяғыда, өзі Жезқазғанда жиыр- маның ішінде атқарған қызметіне қайта жіберді. «Мықты ми- нистр», «іскер президент» атанып, абырой-беделі Мәскеу мен Қазақстанда асқақтап тұрған шағында, мемлекеттің қандай да


 


бір қиын ісіне салсаң да ширатып әкететін, төс пен балғаның ортасында шыңдалған алмас қылыштай жалт-жұлт етіп тұрған нағыз Ер-азаматты Бетпақтың даласындағы Балқаш геоло- гия экспедициясына жетекші етіп жіберуі «ұлы партияның», әрине, ұлы шешімі болған жоқ. Керісінше бұл көп адамның кейісін тудырды, сол кездегі басшылықтың әділетсіз әрекетіне наразылықтарын оятты.


Сол бір күндерін Кәмила апай да мұңая, анда-санда ба- сын шайқап қойып есіне алып: «не бір оқиғалар өтті ғой, қалқам...» деп, әңгімесін көңілсіздеу бастады. Қаншама жылдар өтсе де жүрекке түскен сызат әлі жазылмаған. Әді- летсіздіктің жарасы оңайлықпен жазылмайды екен-ау деп ойға қаласың. Өткеннің оқиғасын айтқысы да келмеп еді, біз айттырдық, өтініш жасадық. Тарихи тұлғалардың өмір иірім- дерін әуелі бүгінгі біз біліп, сосын жастарға жасырмай ай- туымыз керек шығар. Айту – о дүниелік болған Шахмардан үшін емес, өсіп келе жатқан өрен үшін, біздің қателігімізді олардың қайталамауы үшін қажет дедік.Ойымызды түсінген Кәмила апай осы күндерге дейін санасында сары майдай сақ- тап келген естеліктерін ағыта түсті:



  • Ішіп­жеп немесе бүлдіріп қойғаны болмаса да, Батыр­ ды әуелі президенттіктен, сосын, екінші рет министрліктен түсіріп, Балқаштағы барлау экспедициясына бастық етіп жі­ берді. Көшіп­қонуымыз тура 1­май мерекесіне тура келді. Ол кезде бұл мерекенің қадір­қасиеті түспеген, нағыз дүрілдетіп тойлайтын кезіміз ғой. Жаңа қоныс, жаңа орта, әлі үйрене ал­ май жатқан тұс. Оның үстіне көңіліміз де жабырқау. Шахаң еш уақытта, қанша ренжіп тұрса да, біреуді жер­жебірі­ не жетіп жамандамайтын, маған да жамандаттырмай­ тын. Сол кездері өзіме­өзім Шахаң қандай мықты адам деп таң қалатынмын. Жұмысты алып жүре алмай, бір нәрсені қи­ ратып жатса бір жөн ғой... тектен­текке, болмашыны кінә ғып тағып, жер аударғандай етіп Бетбақтың даласына жібе­ ру, әрине, ауырлау тиді...амал қанша... Балқашқа көштік...


Содан... не керек елдің бәрінде мерекелік көңіл­күй. Кө­ шеде музыка ойнап, елдер шар мен гүлдерін ұстап, орта­ лықтағы алаңға кетіп барады. Мен ақырын Батырға қарап қоямын. « Не істер екен, демонстрацияға барар ма екен, бармас па екен?» деген ой мені мазалап тұр. Әрине, мен барғанын қалап тұрмын, бірақ сұрауға бата алмаймын.


 


Бір кездері үлкен министр, президент болған, биік мінберде тұрып, демонстрацияны тамашалаған адамның енді келіп шағын қаланың мерекесін менсінбей, өзіне қораш санап, тіп­ тен қорланып қалуы да мүмкін ғой. Адам жаны күрделі ғой, түсінуің қиын. Бір кезде тура менің қобалжып жүргенімді сезді ме, білмеймін:



  • Батыр, Сұлтанды киіндір, демонстрацияға барып ке­ лейік, – деді. Сондағы менің қуанғанымды айтсаңызшы. Күні бойы күткенім осы емес пе, балаша ұшып, Сұлтанды киінді­ ре бастадым. Ол кезде Сұлтан мектепте оқитын. Жеңілдеу киініп жатқан Шахаңа:

  • Күн салқындау, пальтоңды кимейсің бе? – дедім. Сол­ түстікке жақын жақ қой, не дегенмен күн әлі жылына қой­ маған, ызғар бар еді. Ауырып қала ма деп тұрмын. Досқа күлкі, дұшпанға таба қыла көрме деп жүрген кезіміз ғой.

  • Ой, Батыр! Сен мұндай погоданы ұмытып қалдың ба? Сарыарқаның самал желі емес пе, байқайсың ба бізді сағынып қалған болуы керек, келгелі аңқылдап соғып тұр. Кәкімбек ақын қалай деуші еді:


 


«Балқашқа келіп, Осындайды ұқпасаң. Санама, достым, Сарыарқаны көргенге!»


 


Сен жатсынба, өзіміздің Сарыарқа емес пе бұл, самалын сағындық емес пе.., ­ деп, маған жеңіл ғана әзіл айтты. Жабырқаған көңілін қалай көтерсем екен деп жан ұшырып жүрген пейілімді сезіп те, түсініп те тұр. Өзі дәу, көңілі көлдей еді Батырымның.


Шынында да коллективі Шахмарданды күтіп тұр екен. Бәрі жапырлай, қуана қарсы алып, қол беріп амандасып жа­ тыр. Оларда да «министр, президент болған адам келер дейсің бе?» деген түйткілдің болғаны жүздерінен сезіліп тұр. Тіптен сондағы кадрдың бастығы орыс әйелі мені­ мен жарқырай келіп амандасып, «Шахмардан Есеновичті келмей қала ма деп едік, қандай жақсы болды!» деп, шын қуанғанын жасырмай. Апыр­жапыр бәріміз бір­бір шарды ұстап, кейбірі Маркс, Энгельс, Ленин портреттерін төбеле­ ріне көтеріп алаңға беттедік. Әсіресе, кенжеміз Сұлтан мәз.


 


Кеңсенің шағын бір бөлмесіне коллектив дастарқан жайыпты, демонстрациядан кейін соған шақырды бізді. Шахаң: «бұларың дұрыс болды, әйтпесе, жаурап, бой жылы­ тар ештеңе болмай, бостан­босқа үйге қайтатын болдық­ ау деп тұр едім» деп қалжыңдады. Оның қалжыңына кол­ лективі ду күлісіп, манадан бері тосырқап, жатырқап, бата алмай тұрған әріптестері жадырап сала берді. Дастарқан басында да Шахаң өзін жақсы ұстады. Ол қашан да қа­ рапайым болатын, бастық болып шіренгенін көрген емес­ пін. Ақ­жарқын отырып, әңгімесі мен анекдотын қатар ай­ тып, жаңа коллективіне мерекелік көңіл күй сыйлады.


Менің ойыма баяғы Жезқазғандағы бақытты күндерім тү­ сіп, көңілім толқып, біраз үнсіз отырып қалдым. Атын ұмытып қалғанымды қараңызшы, әлгі, кадрдың бастығы орыс әйел:


«Кәмила Қарабалаевна, біздің қарапайым дастарқанымызды ағат көрмеңіз, тосыннан... осылай болғаны дұрыс шығар де­ дік» деп, ағынан ақтарылып жатыр. Қайдан білсін, қазы мен қартаңа ыңқия тоя отырып, артынан өсектеп кететін кей­ бір «қонақтардан» менің де, Шахаңның да шаршағанын. Адал, таза пейілмен жайылған қарапайым осындай дастарқанды біздің сағынғанымыз рас еді. Жағдайдың бәрін іштей түсініп, біліп, Батырдың көңілін ауласақ екен деп құрақ ұшып жүрген ақ пейілдеріне, қарапайым жандарға риза болдым. «Жетім ба­ ла көңілшек» демей ме қазақ, сондай көңіл күйде жүргендіктен болар, көңілім толқып, үнсіз отырып қалғаным. Жасыратын несі бар...бәрі де болды, бәрі де өтті ғой...


Қалқам, Жезқазған біздің өміріміздің ең бір мәнді кезеңі өткен жер, – осыны айтты да Камила апай ойланып отырып қалды. Артта қалған күндерге деген сағыныш сазы көңіл қылын шертіп кетті білем, біртүрлі күйге бөленді. Лезде жүзіне мұң ұялай қалды. Біраздан кейін барып, қалыпты күйіне кел- ді-ау деймін, сырын жалғастырды: – Шынымды айтсам, соң­ ғы кезде сол бір бейкүнә күндеріміз есіме жиі түседі. Ол кез­ де біз дүние қуу, мансап іздеу дегенді білмейміз. Далабай, Ғазиз, Темеш әйлдерімен, кейде Қарағандыдан арнайы Ебі­ ней мен Зүбайра келетін, не керек көңіліміздің шаттығы өз кеуделерімізге сыймай, бөлісуге бір­бірімізді жиі іздейтінбіз. Жатқан бір күлкі, езу жиғызбайтын әдемі қалжың, қайдан шығатынын да білмеймін. Батыр, науқастанып бір жылдай үйде жатып қалды ғой, сонда отырамыз да сол күндерімізді  еске аламыз. Сөйтсек, таза, арамдығы мен сұмдығы, өсегі мен аяңы жоқ періште күндерді сағынады екенбіз ғой...


Жабырқау мен мұңаюдың сырын, «өмір» деген ұлы көштің мәні мен мағынасын Кәмила апайдың өзі осылайша бағалап, бағамдап берді.


Бұлақтың басы таза, аяғы лайсаң болатыны несі? Адам- ның жастық шағы таза, аяғы ала-құла, алай-дүлей болаты- ны несі?


Дәл осы кездерде кездескен, сырттай «қалай болар екен?» деп, жанашырлықпен бақылап жүрген әріптесі, геология- минералогия ғылымдарының докторы Э.Ю. Сейітмұратова былай дейді:



  • Көре алмаушылар Шахмардан Есенұлын мемлекеттік істерден шеттетсек, ол омырылып, күрт сынады деп есеп­ теді. Осы бір қиын уақытта тағдыр маған Есеновпен және оның отбасымен жақын араласуымды жазыпты. Есенов үшін күрделі уақытта оның мінез­құлқына зер салу мен үшін өмірдің тағы да бір сабағы болды. Шахмардан Есенұлы шы­ дас беріп, белсенді қызметіне қайта кірісуі үшін оның отбасы барлық жағдайды жасауға тырысты. Оның өзі де сыр берген жоқ, бойын тіктеп, абыройын асқақ ұстады. Ол жан­тәнімен жұмысқа берілді, алыстағы барлау телімдеріне барды, экспе­ дициядағы ғылыми­техникалық кеңестерді үзбей өткізді, бар­ лау партияларының жобалары мен есептерін қабылдады. Бір күндері, тіпті әзілге басты. «Менің геологтық жұмыс өтілімде қызмет түрінің түгелдейі бар – учаскелік геологтан геология министріне дейін, тек қана экспедиция бастығының қызметі жетіспеуші еді, міне, тағдыр оның да орнын тол­ тырды» деп бізді бір күлдіргені бар. Өмірде орын алған бір оқиғаның өзін адамдардың әртүрлі бағалайтыны белгілі. Шах­ мардан Есенұлының өзіне әділетсіздік ауыр, қиын тиіп жат­ са, есесіне экспедиция кеншілері, құрылысшылары мен геолог­ тарының еңселері көтеріліп, кеуделерін қуаныш сезімі кернеді. Мақтанса солар мақтансын, енді олардың бастығы болып гео­ логия министрінің дәл өзі келді. Сол күндері маған «Адамның сәні орын емес, орынның сәні адам» деген мәтелдің мәні ерекше ашыла түсті. Шындығында, Есенов сияқты адамдар кез кел­ ген істе ірілігі мен шығармашылығын айғақтайды...».


Дарынды адам қай ортада да, қандай қызметте де өзіндік


қолтаңбасын көрсетіп, жаңалықтар енгізіп, бастамалар жа- сап жүреді. Оған оны бастайтын ел үшін бір нәрсе бітірсем


 


деген асыл арман мен болмыстың мықтылығы. Табиғат Ана аямай берген ақыл мен парасат, күш пен қайрат оны үнемі осындай істерге жетелеп, бастап отырады. Шахмардан Бет- пақтың даласына келісімен бірден іске кірісті. Оған экспе- диция геологтарының тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы бір- ден ұнамады. Қаладан ұзақ, бір қиянда тұрады екен, күн- делікті өмірде қажетті ұсақ-түйек нәрселердің өзіне мұқтаж. Мәскеуге, минстрлікке хат жазды, көмек сұрады, Балқаш қа- лалық партия комитетіне, атқару органына шықты, көмек сұрады, ақырында геологтарды қалаға жақындатып, пәтерлер алып берді, балалары қала мектептеріне оқуға баратын бол- ды, әйелдері жұмыс тапты. Біршама тұрмыстары жақсарып, тіршіліктері оңалды, соған байланысты көңіл күйлері де кө- терілді, жұмыстағы белсенділігі артты.


Бірінен соң бірі кен көздері ашылды. Баяғыда, Маңғыс- тауда бірінен соң бірі мұнай көздері ашылып жатқанда бір мұнайшының «Шаха, осы сен мұнайдың пірі шығарсың» де- гені бар. Сол пікірді дәл осы тұста да айтуға болушы еді. Бір- ден екі кен көзі табылып, Есенов есімі қайта биікке көтеріліп, әсіресе, мәскеуліктер ортасында жақсы аты шарықтай түсті. Бұл тағы да Қазақстанның Орталық Комитетіне ұнаған жоқ.


«Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын» дегеннің на- ғыз өзі болды. Есеновтің «үнін» өшірудің басқаша жолда- рын ойластыра бастады. Сөйтті де қайыра ешқандай қызмет ұсынбастан, Алматыға шақырып алды. Бір-екі айдан кейін, ешқандай қызмет ұсынылмаған соң, өзі оқып бітірген Қазақ политехникалық институтына барып, ұстаз болу ойын айт- ты. Институт басшылары ойланған жоқ, академик Есенов- ті қуана-қуана қабылдап, бірден «Пайдалы кен орындарын із- деу және барлау методикасы» кафедрасының меңгерушісі етіп тағайындады. Шын мәнінде ол сайлауға, конкурсқа түспей-ақ тағайындалды. Өйткені қандай конкурс өткізсеңіз де, ол кез- де (қазірде де!) Есеновтен озатын ешкім жоқ болатын. Соны түсінген ректор бірден тағайындап жіберді. Мұны көпшілік, институттың ұжымы мақұлдады, құптады, тіптен академик ға- лымның институтқа келгеніне қуанды. Шахмардан да осы уа- қытқа дейін жиған-терген білімі мен ілімін жас жеткіншектер- ге, ертеңгі Қазақстанның иесі – студенттерге айтуға құлықты болды, ұстаздықтың ұлы жолына осылай түсті. Өзі айтқандай:


«Мен бір мансап қуып жүрген адам ба едім. Маған қандай қызмет берсе де атқара бердім...». Ал қалай атқарғанын беделі биік адамдардың лебізінен-ақ аңдаймыз.


* * *


СССР Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте лауреаты Б.М. Зубарев Шахаң туралы қысқа да болса, тұжырымды ле- біз айтады:



  • Өткен жүзжылдық геологияның алтын ғасыры деп аталады. Бұл сөз Қазақстан туралы да айтылса керек.


Бұл кезеңді мен геологиядағы Шахмардан Есеновтің де алтын ғасыры деп атар едім. Оны біз Қ.И. Сәтбаев сын­ ды дейміз және менің ойымша бұл әділетті – ол Қ. Сәтбаев ісінің абыройлы жалғастырушысы ретінде өз елінің байлық­ тарын игеруге едәуір үлес қосқан адам.


Ол менің досым және әріптесім еді. Ол екеуіміз мемле­ кеттік қызметке бірге, бір уақытта келдік. Ол Қазақстан геология министрі қызметінде 8 жыл болды және басқа рес­ публикалық министрлерден өзгеше, бөлекше көрінетін, ірі, қуатты басшы болатын. Мен оны біздің П.Я. Антропов пен И.И. Малышев сияқты министрлермен қатар қояр едім.


Шахмардан Есенұлы менің досым, әріптесім болып қана қойған жоқ. Менің одан жасым үлкен, ұзақ уақыт КСРО гео­ логия министрінің орынбасары болғаныма қарамастан, мен одан үйренуші едім, оның кеңестеріне құлақ қоятынмын.


Біздің таныстығымыз студенттік жылдардан бастал­ ған және осы көп уақыт бойына біздің мейірімге толы қаты­ насымызға ешбір кірбің түсіргеніміз жоқ.


Мәскеуде, Одақтың басқа да өлкелерінде оның таныс­ тары, достары, әріптестері, жолдастары көп еді, олар­ дың баршасы оны құрметтейтін, мен айтар едім, сүйіс­ пеншілікпен қарайтын. Қазақстанның және Одақтың геологтары ішінде Шахмардан жартас еді, оның Қазақ Рес­ публикасындағы, сондай­ақ Кеңестер Одағындағы қайрат­ керлігіне әрдайым бас иеміз.


Дәл осындай болғанын атақты геолог Е.М. Селифонов та қостайды.



  • Ш. Есенов Қазақстан геологиясындағы тұтас бір дә­уір.


 


Біздің таныстығымыз Шахмардан Есенұлы Жезқазған геологиялық­барлау экспедициясының бас инженері қыз­метінде жүргенде басталған. Біз әртүрлі жиналыстар­ да, министрліктің алқа мәжілісінде жиі кездесіп жүрдік. Ол өзінің рухани және тәндік қуатымен, адами болмы­ сымен бір көргеннен­ақ естен кетпес әсер ететін. Менің есімде ол мәңгілік сондай болып қала бермек. Онымен әң­ гімелесудің өзі бір ғанибет еді. Бұған мейірімді жымиы­ сын, байқағыштығын қосыңыз – Қазақстанның өнеркәсібі мен ғылымының аса көрнекті ұйымдастырушысының пор­ треті осындай.


Ол Қазақ ССР Геология және жер қойнауын қорғау ми­ нистрі қызметіне тағайындалғаннан кейін жақынырақ та­ ныстық. 1963 жылы Шахмардан Есенұлы Қаныш Иман­ тайұлымен бірге бізге Лениногорға келгенде мен Ленино­ гор геологиялық­барлау экспедициясының бастығы едім. Экспедиция ұжымымен болған кездесу, комбинатта өткен жиналыс, одан кейінгі Ленингор комбинаты мен бүкіл өңір­ дің минерал­шикізат базасының жағдайы мәселелерін тәп­ тіштеп зерделеу шаралары есімде қалыпты. Кейінірек, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбаса­ ры қызметінде Лениногорға КСРО түсті мелаллургия ми­ нистрі П.Ф. Ломакомен бірге келгенінде,қыруар шаруа­ мен жүргенінің өзінде Лениногор экспедициясына соға ке­ ту мүмкіндігін тапқан еді, сол бойда жазу үстеліне кар­ талар жайылып, экспедиция геологтарының қатысуымен тау­кен кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз етудің мәселелері қызу талқыланған болатын. Оның өнді­ рісті жыға білетін бай тәжірибесі, ғылыми білімі, шалқар дүниетанымы біздің ісімізге жаңа серпін беріп, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесіне оң ықпалын тигіз­ ді. Оның қатысуымен өткен жиналыс­жиындардың бәрі қатардағы геологтар үшін үлкен бір мектеп еді. Шахмар­ дан Есенов әлеуметтік мәселелерді шешуге, дала жағ­ дайындағы геологтардың тұрмысын жақсартуға, жала­ қысын молайтуға едәуір көңіл бөліп, назар аударатын.


Ш. Есеновпен кездесуім менің тағдырыма да ықпал етті. 1974 жылы кенет Алматыға шақырылдым да, де­ реу геологиялық материалдарымды жинастырып, қалың папкаларым мен шиыршықталып оралған сызбаларымды алып астанаға жеттім. Мұнда маған Қазақ ССР Геоло­гия министрінің бірінші орынбасары қызметі ұсынылды.Мі­ не, осылайша Есеновтің қолдау­қолпаштауымен менің өмі­ рімінің жаңа кезеңі басталды.


Шахмардан Есенұлы шығармашыл, мақсаткер, бас­ тамашыл адам еді. Әрқашан оза шауып үйренген ол сыл­ бырлықты қаламайтын. Ол министр қызметіне тағайын­ далысымен, министрліктің жұмыс стилі өзгерді. Перспек­ тивалық жоспар жасалып, соның ішінде көміртекті шикі­ зат, қорғасын­мырыш, мыс, алтын, және басқа пайдалы қазбалардың алда алыну, пайдалану, байыту үрдістері көр­ сетілді. Орынбасарларының тікелей жұмысына араласпай­ тын, оларға сенетін, талап қоя білетін. Мұндай стиль ми­ нистрлік аппаратының іскерлігін артырып, жұмысқа құл­ шындырды, қарапайым геологтардың қызығушылығын ту­ дырды. Қысқасы, Есенов ауқымды ойымен, мемлекет ісін шебер атқаруымен, ұйымдастырушылық зор қабілетімен басқаларға таныла білді.


Ш. Есенов ешқашан әбден пысықталмаған, дүмбілез шешім қабылдаған емес. Мынадай бір оқиға есте қалып­ ты, Төралқа отырысының бірінде дала экспедиция жұмыс­ керлерінің отбасылары тұрып жатқан, тозығы жетіп, ес­ кірген үйлерді бұзу және далалық геолог­барлаушылар үшін инфрақұрылымы толық – қалалық тұрпаттағы елді мекен­ дер салу туралы мәселе қойды. Бұл мәселе бойынша түрлі пікірлер туып, егер экспедиция отбасылары қалаларға қо­ ныстанса, жетекші басшылар жұмысты нашарлатып ала­ ды деген де пікірлер айтылып, ақырында бір шешімге келе алмады. Өзінің қорытынды сөзінде Ш. Есенов бұл мәселеге біраз зерттеу жүргізіп, қайта оралатынын айтты.


Ол Лениногор геологтарының қалада тұратын отба­ сыларының жағдайымен, салынған мектеп, балабақшамен, вахталық әдіспен істеп жатқан геологтар өмірімен та­ нысты. Сөйтіп, бұл мәселені қайта көтеріп, министрліктің төралқа мәжілісіне Қазақстандық экспедициялардың әлеуметтік дамуы және әлеуметтік мәселелері туралы бағдарламаны қайта қарауды ұсынды. Төралқада Қазақ­ стан геолог­барлаушыларының тұрмысын жақсарту жө­ ніндегі бағдарламалық құжат қабылданды. Төралқа оты­ рысы аяқталып, оңаша отырғанда ол маған: «Экспедиция­да жұмысты қалай атқарсаң мұнда да солай істе, тек енді бүкіл министрлік мүддесі тұрғысынан қимылда!» деді.


Мұндай шешімдерді стратегиялық ойы кемел адамдар ғана қабылдай алады. Геологтар мен олардың отбасылары үшін жайлы тұрған үй құрылысы басталып кетті. Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай және көптеген қалалар мен аудан орталықтарында құрылыс қарқын алды. Кұрделі құрылыс қанат жайып, базалық елді мекендерді абаттандыру істері мұнайшылар экспедицияларында жал­ ғасты. Нәтижесінде, геологтардың едәуір бөлігі уақытша барақтардан ірі қалаларға, аудан орталықтарына қоныс аударды.


Геология­барлау саласындағы жұмыскерлердің әлеу­ меттік мәселелерін шешудің қазақстандық тәжірибесі КСРО Геология министрлігіне қозғау салып, оның төралқа отырысында біздің республиканың тәжірибесі арнайы тал­ қыланып, мақұлданды.





Пікір жазу