![](/uploads/shorttexts/author_image/42.jpg)
«БЕЙНЕТІН ҚИЫН КӨРМЕДІҢ...» - БЕСінші Тарау
Шахмардан Есеновтің Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті ретіндегі қызметін толығырақ баяндауға кіріспес бұрын шамалы шегініс жасауға тиіспіз.
ХХ ғасырдағы мақтанарлық, республика мәртебесін өсір- ген талай істің бірі, бірегейі – Қазақ ССР Ғылым Академия- сының құрылуы. Көшпенді ел, сауаты жоқ халық деп менсін- бей жүрген бөгделерге бұл үлкен айбар, ал, қазақ халқына асқан абырой болды. Соғыс бітер-бітпестен, 1946 жылы ғы- лым ордасының жеке шаңырақ көтеруі Одақ көлеміндегі ең үлкен оқиға болған. Күні кеше ғана сауатсыздықпен күрес жүргізіп, жұмыла кіріскен халық айналасы ширек ғасыр ішін- де білімді, ғылымды елге айналды. Бұл тарих. Ал мұндай та- рихты жасайтын, оны басқаратын халық, ол құрған мемле- кет, адамдар, жеке тұлғалар. Әуелі соларды еске түсіріп, со- лар туралы жастарға айтып кетпесек, олардың әруақтары ал- дында күнәлі, ұрпақ алдында кінәлі боларымыз сөзсіз.
Академия ғайыптан пайда болған жоқ. Аталмыш ғасыр- дың жиырмасыншы жылдарының басында автономиялы рес- публика құрылған бойда Академиялық орталық бой көтеріп, оған Ахмет Байтұрсынов басшылық жасаса, отызыншы жыл- дары КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы филиа- лы ашылды, Қазақ ССР Ғылым Академиясы соның негізінде құрылды.
Дербес Ғылым Академиясын құру алдында республика Үкіметінің тапсырмасымен орасан зор дайындық жұмысы жүргізілді. Сол жұмысқа басшылық жасайтын Мемлекет- тік комиссия құрылып, оның төрағалығына республика үкі- метінің басшысы Нұртас Оңдасынов, орынбасарлары болып Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хат- шысы Николай Александрович Скворцов, екінші хатшысы Жұмабай Шаяхметов және одақтық Академияның Қазақ фи- лиалының жетекшісі Қаныш Сәтбаев бекітілді. Құрамына он
сегіз адам кірген Комиссия атқарған жұмыстан мәлімет бе- ретін құжаттар еліміздің Орталық мұрағатында жеткілікті.
Уақыт шындығын мойындау керек, Қазақ ССР Ғылым Академиясын құруға Мәскеуден, Ленинградтан, еліміздің басқа қалаларынан Қазақстанға уақытша қоныс аударған ға- лымдар баға жетпес көмек көрсетті. 1943 жылы КСРО Ғы- лым Академиясының президенті В.Л. Комаров басқарған бір топ ғалымдар Бурабайға қоныстанды. Мақсат – Оралдың, Батыс Сібір мен Қазақстанның әлуетін, бар мүмкіндігін со- ғыс мүддесіне жұмылдыру. Сол үшін КСРО Ғылым Акаде- миясының комиссиясы құрылды. Оның құрамына еліміздің аса көрнекті ғалымдары – академиктер А.А.Байбеков, И.П. Бар- дин, К.А. Скочинский, В.А. Обручев, Л.Д. Шевяков, В.Н. Об- разцов, Э.В. Брицке, Д.Н. Прянишников, В.И. Вейц және қа- зақстандық ғалымдардың көшін бастап Сәтбаев енді. Олар көмір өнеркәсібінің, түсті металлургияның қуатын артты- ру жолдарын белгіледі, қыруар тірлік тындырды. Сонымен қатар болашақ қазақ ғалымдарын даярлау шаруасынан да тыс қалған жоқ. Бұған, әрине, Қазақ филиалының жентек- шісі Қанекең мұрындық болды. Соғыс жүріп жатқанына қа- рамастан КСРО Ғылым академиясының докторантураларына 24 адам жіберілді. Соғыс аяқталар тұста Қазақ филиалының он бес ғылыми-зерттеу институтында 900 маман жұмыс іс- тесе, олардың алтауы КСРО Ғылым Академиясының акаде- миктері мен корреспондент-мүшелері, 70-і ғылым докторы мен профессор, 200-і ғылым кандидаты, 350-і кіші ғылыми қызметкер еді. Бұл арада ғылымның қамын жеп, жар құлағы жастыққа тимей жүрген Үкімет басшысының мемлекеттік дәрежеде қолдау көрсетіп: «...мен тұрғанда қаражаттан қам жеме» деген уәдесінде тұрғанын, мемлекет қаражатын бе- талды төгіп-шашпай, орынды жұмсап, істі үйіріп әкеткен ұт- қыр ұйымдастырушы, ғұлама ғалым Сәтбаев еңбегін ерек- ше атаған жөн.
Қанекеңнің соғыс басталысымен, әуелі өнеркәсіпті стра- тегиялық шикізаттармен қамтамасыз ету үшін республика- да жұмыс жүргізіп жатқан барлық геологиялық мекемелерді біріктіру керектігін Үкімет алдына мәселе етіп қойып, оның оң шешілгені, мұндай шешім – Қазақстанның түсті метал- лургия зауыттарының үздіксіз жұмыс істеп, соғыста қажет құрал-сайман, қару-жарақтың жедел шығарылуына негіз бол-
ғаны белгілі. Танктың болат сауытын жасауға қажет Жезді марганец кенішін шұғыл іске қосқаны бөлек жыр.
Үкімет комиссиясының құрамында болған сол 1941 жы- лы Сәтбаев Қазақстанда қара металлургияның тұңғышы – Қазақ металлургия зауытын салуды алғаш ұсынғандардың бірі болғанын, ол зауыт салынып біткенше жарғақ құлағы жастыққа тимегенін бүгінде біреу білсе, біреу білмейді. Рес- публикада да, Одақта да абыройы асқақтаған Қанекеңнің ен- ді Ғылым Академсиясының тұңғыш президенті болып сай- лануы әбден заңды еді.
Қаныш Сәтбаев тұсында Ғылым Академиясы ғалымда- рының қол жеткізген табыстары толағай, алған асулары биік болды. Басқасын былай қойғанда 1958 жылы президент Қа- ныш Сәтбаев пен осы институттың ғалымдары – Қазақстан Ғылым Академиясының академигі И.И. Бок, корреспон- дент-мүшесі Г.С. Медоев, геология ғылымының докторлары Г.Н. Никифоров, И.П. Новохатский, геология ғылымының кандидаты Д.Н. Казанли Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды. Келер жылы бұл сыйлыққа «Абай» эпопеясы үшін ғұлама жазушы, Қазақстан Ғылым Академиясының акаде- мигі Мұхтар Әуезов ие болды, 1961 жылы кен өндірудің озық ғылыми тәсілін ойлап тауып, оны Ленинагор полиме- талл комбинатының кеніштерінде іс жүзінде қолданғаны үшін тағы екі ғалым – Әлихан Мусин мен Алай Жақыпбаев Лениндік сыйлық лауреаттары атанды. Дәл сол жылы метал- лургия ғылымы саласындағы аса үздік еңбектері үшін акаде- мияның корреспондент-мүшесі Л.С.Гецкин де осы құрметті сыйлыққа ие болды.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының академиктері, алға апарушы талантты ғалымдар өсіп, қалыптасты. Айталық, әрі жазушы, әрі ғалым М. Әуезов, У. Ахмедсафин, А. Полосухин, А. Тайманов, Н. Базанова, Г. Тихов, В. Фесенков, Д. Соколь- ский, С. Кеңесбаев, Ә. Марғұлан, Ж. Тәкібаев, А. Бектұров, А. Жұбанов, Ш. Шөкин, С. Бәйішов есімдері Одақтық ғылы- ми қауым арасында құрметпен аталатын. Қазақстан ғылымы Ресей, Украина ғылымымен қатар аталып жүрді.
Бірақ осы жерде айтпасқа болмайтын бір шындық бар. Қай заманда болсын, қандай қоғамдық құрылыста бол-
сын атағы аспандаған тұлғаларды күндеу, орайы келгенде аяқтан шалып қалу, қолдан келсе құрдымға жіберу секіл-
ді бір кесепат әманда орын алып отырған. Сол кесепат Қа- ныш Сәтбаевтың басына да қара бұлт болып үйірілген. Осындайдың мысалдарын оқығанда, білгенде, көргенде, сез- генде жер бетіндегі жамандық атаулының түп тамыры – қыз- ғаншақтық па деп қаласың. Біреуден біреудің мансабы оз- са, лауазымы көтерілсе, байлығы тасып, шалқыса-ақ болды алакөзденіп, жардан жығуға дайын тұрады. Және бұл адам- адам болғалы бері адамзатқа талақша жабысып, айрылмай ке- ле жатқан ең бір жаман әдет. Әй, адамның өзінен де бұл жа- ман әдеттен «айрылайықшы!» деген ниетті көрмей тұрмыз- ау! Қайта түрі көбейіп, жанданып, жамандығы асып кеткен- дей...
Сол қызғаншақтық биліктегілердің де басын айналды- рып, ақырында әлем мойындаған Қаныштай ардақтының мой- нына әккі жылқышының құрық бауындай оралды. Сәтбаев өмірі тіптен шырғалаңға түсті десе де болады. Мұндайда ілік те, желеу де табыла кетеді екен. Әу баста «төңірегіне жер- лестерін жиып алды» деген таптаурын жолмен басталған бұл амал, ақырында саясат деген биікке көтеріліп, діттеге- ніне жеткен соң ғана тыныш тапты. Екі жылдан соң қайта сайланды. Амал не, Қазақстанның кейбір басшыларының қырын қараған қабағы ашылмады, көзқарасы түзелмеді. Бұл кезде ел Үкіметіне жаңа басшылар келді, бірақ олардың да көзқарасы, сөз саптасы «Біріншінің» қабағына қарай толқы- малы болып кетті. Әділ сөзді айтатындар азайды. Ең жама- ны, Академияға деген бұрынғы қамқорлық қарымы да күрт азайды, жаңа бастамаларға, түрлі ғылыми шараларға бөлі- нетін қаржы-қаражат табыла бермейтінге айналды. Партия, Үкімет және Ғылым Академиясы арасында түсініксіз қарым- қатынас қалыптасып, береке-бірлік кетіп, «сіз-біз» жоғалды. Н. Оразбектің «Шапық Шөкин» атты ғұмырбаяндық хикая- тынан мына бір жолдарды келтіре кеткен артық болмас:
«... партияның ғылымға жаудай тиген тұсы да болды. Әсіресе, Қазақстанда. Қырқыншы жылдардың аяғы мен елуінші жылдардың басында, оның ішінде Кенесары Қасым ұлының қозғалысына баға беру төңірегінде. Әпербақан марк сшылдар мен әпербақан интернационалшылдар бұл қозғалыс орыс патшалығының империалистік, отаршылдық жаулап алу саясатына қарсы күрес емес, бүкіл орыс халқына қарсы күрес деп бағалады. Басқаша пікірдегілердің бәрі қыпқызыл
ұлтшыл, Коммунистік партияның интернационалшыл сая сатының жауы деп таңбаланды. Ермұқан Бекмаханов, Ес мағамбет Ысмайылов, Қайым Мұхаметханов, Қажым Жұмалиев және басқалар сотталып, абақтының азабын тартты. Композитор, музыка зерттеуші, академик Ах мет Жұбанов, Қазақстандағы геология ғылымының негізін салушылардың бірі, Қоңрат кенішін ашушы академик Ми хаил Петрович Русаков, әдебиетші академик Қажым Жұ малиев академия мүшелері құрамынан шығарылды. Ал, ака демик Смет Кеңесбаев қызметтен қуылып, Қызылорда пед институтының оқытушылығына ауысуға мәжбүр болды.
Қысқасы, 194852 жылдары 200ден астам ірі ғалым саяси жағынан сенімсіз, әрі Қ. Сәтбаевқа жақын адамдар деп академиядағы қызметтерінен қуылды. Тағы бір даусыз мәлімет. Дәл осы жылдары Академия құрамында жаңадан бір ғана экономика институты құрылды, есесіне Қазақстан үшін аса маңызды ғылыми мекеме – Шөл далалар институ ты жабылды.
Академияға жасалған осынау ауыр соққы тек ғылым ор дасына ғана емес, бір жағынан соның ұйымдастырушысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа бағытталған еді. Іші тар лар мен тырнақ астынан кір іздейтін көксоққандар дегеніне жетіп тынды. 1951 жылы 23 қарашада Қазақстан Компар тиясы Орталық Комитетінің бюросы өзінің қаулысымен, тіпті Одақтық Академия төралқасының пікірін де тәрк етіп, Қанекеңді Қазақстан Ғылым Академиясының прези денті қызметінен ешқандай жұмыс ұсынбастан босат ты. Айыптау өрши түсіп, Алматы облыстық партия комитетінің пленумында, Алматы қалалық партия акти вінің жиналысында, Орталық Комитет бюросының мәжі лісінде мінберден қуып түсірілген қорлықты айтып жа тудың қажеті бола қояр ма екен. Қайта Мәскеу, шын ға лымдар Қанекеңе қырын қараған жоқ – СССР Ғылым Академиясының төралқасы оның таңдауына екі қызмет – академикхатшының орынбасары және Академияның Орал филиалының төрағалығы қызметтерін ұсынды. Бірақ, до старымен, жанашыр жолдастарымен ақылдаса келе Қа некең олардан бас тартты. Сондағы уәж мынадай еді: Қанекең елдің, халықтың сүйіктісі. Ал, әлгі екі қызметтің біріне кетсе, халық «е, оған керегі қызметі екен ғой» деуі
мүмкін. Демек, қайткен күнде де Қазақстанға оралу керек, заман өзгермей тұрмас.
Заман өзгерді – Сталин өлді. Елу төртінші жылы Қазақ станның басшылығы да өзгерді. Келесі жылы жазда Орталық Комитетке академиктер Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, Ни колай Васильевич Павлов, Николай Никитич Пальгов, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Төлеген Тәжібаев және Шапық Шөкин шақырылды. Кең кабинетте республика партия ұйымының қос басшысы Пантелеймон Понамаренко мен Леонид Бреж нев қарсы алды. Бір ғана мәселе екен. Д. Қонаев республика Ми нистрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды. Академия президентінің орны бос, соған кім лайық – осыны ақылдаспақ. Бәрі бірдей Қанекеңді ұсынды. Жалғыз қарсы – Қанекеңнің өзі. Уәж – денсаулығым нашарлап жүр, оның үстіне Геология инс титутында жұмыс бастан асып жатыр. Әңгіме аяқтала ке ле Пономаренко мен Брежнев екеуі дәрігерлермен ақылдасып, содан кейін шешім қабылдайтынын хабарлады. Бірнеше ап тадан кейін Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қайтадан Акаде мия президенті болып сайланды».
Бірақ қу дүние бетін бермеген сықылды. Қанекеңнің ба- сы шырғалаңда жүргенде Академияның да шаруасы көбей- месе, азаймапты. Оларды шешу үшін қаражат керек, әсіресе, Үкіметтің қамқорлығы керек. Бірақ, бұл жолы бұрынғы қам- қорлықты көре алмады.
Бірінші хатшылықтан Ж. Шаяхметов түскеннен соң П.К. Пономаренко келді де, ол 1954 жылдың ақпанынан 1955 тамызына дейін, сосын, Л.И. Брежнев 1955 тамыз – 1956 наурыз аралығында Бірінші хатшы міндетін атқарды. Оның орнына И.Д. Яковлев 1956 наурыз – 1957 желтоқсан, ал, Н.И. Беляев 1957 желтоқсан – 1960 қаңтар, Д.А. Қонаев 1960 қаңтар – 1962 желтоқсан аралығында отырды...» деп жалғастырылыпты Ш. Шөкин туралы кітапта.
Бұл деректерді әдейі келтіріп отырмыз. Жыл аралатып басшысы ауысқан Қазақстанның ішінде береке-бірліктің қал- мағанын осының өзі-ақ айтып тұрған жоқ па. Бүгінгі жаста- рымыз артта қалған айтары көп жылдарға көз жіберсін, көңілдерін жүгіртсін, ел тарихын жадынды сақтасын деп. Бұлардан кейін 1962 жылдың желтоқсанынан 1964 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстан Компартиясы Орталық Коми- тетінің бірінші хатшысы Исмайл Юсупов болды. Республика
ішінде тұрақтылық кетіп, алдағы күнге сенімсіздік жайлады. Мәскеуден келген бірінші хатшылардың ішінде әпербақаны да, небір күлкілі жағдайға ұшырап, абырой жинап емес, бар абыройларынан айрылып қайтқандары да болды.
Президенттікке қайта сайланған Қаныш Сәтбаев ары тар- тса арба сынып, бері тартса өгіз өлетін кезге кезікті. Үкімет басшысы Д. Қонаев та (1955 жылдың наурызы мен 1960 жылғы қаңтар, 1962 жылдың желтоқсаны мен 1964 жылдың желтоқсаны) «біріншілер» жетегінде кетті ме, әйтеуір, неге екені белгісіз Академияға қаржылай көмектесуге құлықты бола қоймады.
Шахмардан Есеновтің осындай бір тұста Қаныш ағасы- на соққаны бар. Қалыптасқан әдеті. Сыр айтысады, шер тар- қатады. Сондай бір сұхбатты аңсап келген беті еді. Үлкен есікті ақырын ашып, ішке енді. Сәтбаев терезе алдында да- лаға қарап тұр екен. Алматыға сары күз келіп, ағаштар жа- лаңаштана бастаған. Қауырсындай қалықтап барып жерге қонып жатқан сары жапырақтарға қарап, терең ой үстінде Қаныш тұр. Ұстазының ойын бөлгісі келмей Шахмардан бөл- менің ортасында біраз кідіріп барып дыбыс білдірді. Артына жалт қараған Қаныш ағасы Шахмарданға:
- Оу, батыр, қашан келіп қалдың?.. – деді,
- Денсаулығыңыз қалай, Қанеке?
- Бірқалыпты ғой, жас ұлғайған сайын сырқырап, сыз- дайтын жерің көбейе береді екен ғой өзі...
- Мәскеуге барамын, қараламын деп едіңіз...
- Барамын. Барамын, жақында. Біраз қордаланған шар- уаны шешіп кетейін десем, бірінші хатшы да, Үкімет басшы- сы да қабылдамай тұрғаны... неге, не үшін қабылдамайды? Түсініксіз бір дүние болып кетті ғой...
Сол жолы Қаныш пен Шахмардан екі сағаттан астам әң- гімелесті. Нақтылы не айтқандарын бүгінде дөп басып айту қиын, әрине. Бірақ бір анық нәрсе – олар сол кездің басшы- лығына өкпе-назын ортаға салғаны анық еді.
Шахмардан да бұл кезде оңы мен солын танып, кімнің кім екенін біліп, аңқылдаған ақ көңілдің демін басып, жан- жағын, жаман мен жақсыны таразылай алатын жағдайға келіп қалған-ды. Саясаттың астарында сан түрлі сұрқия тірліктің болатынын көріп,даладай анық, жандары ақжарқын, пейіл- дері таза геологтар ортасынан келген ол әуелгіде таң қалып,
сосын, көңілі қала бастаған. Өзінің де сол саясаттың «орби- тасында» отты айналған көбелекше қаңғалақтап жүргенін сезді, бірақ, ақырының немен тынарын білмеді. Амал қанша, бір байлансаң одан шығып кету оңай емес. Сабыр керек.
«Мен кеттім» деп, есікті қатты жабу биліктің тәртібіне жат- пайды. Кету жеңіс емес, жеңіліс. Бәлкім, осындай-осындай ойлар салғысы келген болар.
Олардың ортасында не айтылғанын біле алмай, кезін- де Батырынан сұрап қалмағанына Кәмила апай да отыр бү- гінде өкініп. Біз де өкінеміз. Бәлкім, Қаныш аға шәкіртіне ақтық сөзін, арман-тілектерін, тіптен біз біле бермейтін шын- дықтардың бетін ашып, бүгінгі тарихқа қажет дүниені ортаға салған шығар, кім білсін?! Әйтеуір бұл ұстаз Қаныш пен шәкірт Шахмарданның соңғы ұшырасуы еді. Бұдан кейін көп кешікпей Сәтбаев Мәскеуге емделуге кетті. Асыл ағасы жарық дүниеден өткенде ол Маңғыстауда іссапарда жүрген еді. Қазіргідей күн сайын ұшып жатқан самолет бар ма ол кезде, келесі рейсті күтіп, Маңғыстауда жатып қалды.Шах- мардан жеткенше Қаныш ағасының мүрдесін Мәскеуден әкеп, ел-жұрты төрелеп шығарып, жамбасын жерге тигізіп те қойды.
Қазақ халқының мақтан тұтар біртуар азаматы, кемеңгер Қаныш Сәтбаев тіршіліктің түрлі-түрлі теперішін де, басы- на қонған бақытты да көріп, артында өшпейтін із қалдырып, 1964 жылдың 30-қаңтарында фәниден бақилыққа озды.
Бұл Қазақ ғылымының туы қара жамылған күн болды.
* * *
Ғылым Академиясы президентінің орны сәуір айына дейін, екі айдан астам уақыт бос тұрды. Баяғы қазақи мінез емес пе, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне бір кандидатура ұнаса, ол кандидатура Министрлер Кеңесі төр- ағасына жаға қоймайды. Әйтеуір, ауызбіршілік жоқ. Оның үстіне Хрущёв республика басшылығында жасаған ауыс- түйістің қырсығы да аз тимеді. Алауыздық жалғаса берген соң КОКП Орталық Комитеті ақыры Юсупов пен Қонаевқа
«дәл қазір бұл қызметке Шөкиннен артық ешкімді таппай- сыздар» деп кесіп айтты. Үлкен үйдің бұйрығы бұлтаңға көн- бейді, бірден орындалды, шәкірт Шапық Шөкин ұстазы Қа- ныш Сәтбаевтың киелі креслосына келіп отырды.
Шыны керек, осы мансапқа академик-хатшы, Энергети- ка институтының директоры Шапық Шөкин соншалықты құмар да болған емес. Орталықтың шешімі солай болған соң, «бұрынғы қызметімді өзімде қалдырсаңдар» деп, шар- ты орындалған соң амалсыздан келіскен-ді. Әйтпесе, пре- зидент Сәтбаевтан кейін «мен болайыншыны» мықтының мықтысы ғана айтар-ау. Ал, ол кезде Сәтбаев беделіне пар келетін «кемеңгер» көз ұшында жоқ еді. Шапық бар білімін, көп жылғы жиған тәжірибе-тәлімін, қызметін Сәтбаев сал- ған сара жолдан ауытқымай әрі қарай алып жүруді ойла- ды. Шапық Шөкиннің бірбеткей, тік мінезі ғалымдар орта- сындағы неше түрлі «ағыстар мен ағымдарға» бой бергіз- беді, істің әділіне жүгінді. Оның бұл мінезі біреуге ұнады, біреуге ұнамады, тағы да сол тартысқан тіршілік жалғасты. Соның бәріне қарамастан Шөкин Ғылым Академиясының жұ- мысын бірсыдырғы, тәуір алып кетті.Академиялық ғылым- ның барлық салаларын саралап, мақсат-жоспарларымен те- реңірек танысты. Талантты жастарға, дарынды ғалымдарға көңіл бөлді, жұмысқа ынталандырды. Таңғы тоғыздан кеш- кі тоғызға дейін жұмыста болды, мәселе шешті, неше түрлі жиын-конференциялар ұйымдастырды. Гидрология және гид- рофизика институтын ұйымдастыруды қолға алды. Қолға ал- ғаны халықты сумен қаматамасыз етудің ғылыми жолдары- мен айналысатын аса қажетті институт болғандықтан да, ре- сми орындардан тиісті құжаттарды тез алып, ол тез ашыла қойды. Бұл Шапық Шөкиннің төл перзентіндей болып ака- демия тарихында қалды.
Академияның көшпелі сессияларын жер-жерде өткізу Сәтбаев салған соқпақ болатын. Сол жолды жалғастыру мақ- сатында ол химия өндірісі дамыған Жамбыл, Шымкент, Қа- ратау, Кентау қалаларында, Ащысай поллиметал комбина- тында болып, көптеген ғалым-мамандармен сөйлесіп, кезек күттірмей тұрған проблемалармен танысып, оны шешудің жолдарын қарастырды. Ғылым академиясының көшпелі сес- сиясын сол аймақта өткізуді ұйғарып, оның мәні мен маңы- зын аймақ басшыларына түсіндірді. Өлке, облыс басшы- лары С. Ниязбеков, В. Ливенцовтар мұны қуана қолдап, қо- лынан келген көмектерін аямады. Соның нәтижесінде 1965 жылдың мамыр айында Шымкент қаласында Ғылым Ака- демиясының үлкен көшпелі сессиясы өтті.
« Шәкең Академия басшылығына тамыртаныстықсыз келгенін жақсы білетін. Демек, бүгін болмаса, ертең орынды босат деген сөзді де еститінін бажайлайтын. Сондықтан да Академия төралқасының, ғылыми институттарының күшжігері мен мүмкіндіктерін республиканың өндіргіш күштері мен мәдениетін дамытуға бағытталған ғылыми проблемаларды тереңдеп зерттеуге, нәтижелерін өмірге ендіруге шоғырландырды. Сондықтан академияның тірлігі бірқалыпты, айқайшусыз жүріп жатты».
(«Шапық Шөкин», «Қазақстан», 2004 жыл)
Өзіне сеніп тапсырылған қызмет болған соң, сүріндіріп алмайын деп Шөкин күні-түні академия шаруасымен айна- лысты. Бір күн, бір сәт ауа жайылған жоқ. Басқалардың да босаңсып, жұмысты қожыратып жіберуіне жол бермеді. Сөй- тіп жүргенде уақыттың қалай өтіп жатқанын да байқамады. Алайда, 1965 жылдың екінші жартысынан Академиядағы жағдай күрт өзгере бастады. Келіп тұрған көмек күрт тиыл- ды, керісінше тұтқиылдан келетін тексерістер көбейді. Ке- зекті бір комиссияны шығарып салып, екіншісін қарсы алып дегендей, не керек, енді бір жүйеге түсіп келе жатқан жұ- мыстың берекесі кетті. Бұл Шапық Шөкинге ұнаған жоқ. Ұстазы Қаныш Сәтбаевтан қалған жақсы бір дәстүр бар, ол жыл сайын Одақтық Ғылым Академиясынан комиссия шақырып, есеп-қисаптарын бір тексертіп алып отыратын. Шөкең де тез «Орталыққа» хабарласып, комиссия шақырт- ты. Оның қортындысы бойынша арнайы мәжілісте Шапық Шөкин алты сағат (!) баяндама жасады. Ол баяндаманы қа- ғазға қарап емес, керекті цифрларын түртіп алып, алты сағат сайраған ғой. Бәрі нақты, дәлелі нық.
Осы бір сәт «Шапық Шөкин» атты ғұмырнамалық хика- ятта былайша баяндалады:
«Алматыдан аттанар алдында академиктер Келдыш пен Макаров Шәкеңе: «Академияның да, президент ретін де Сіздің де жұмысыңызға ризамыз. Сізге қояр ешқандай кінәміз жоқ, алаңдамай, жалтақтамай, батыл жұмыс іс тей беріңіз, республика басшысы сіздің төңірегіңізде ту дырғаан жағдайды КОКП Орталық Комитетінің хатшы сы Петр Нилович Демичевке баяндаймыз» деді.
Осынау комиссия жұмысының қорытындысы Одақтық Ғылым Академиясының төралқасында 1966 жылы 29 шіл деде талқыланып, негізгі баяндаманы Шапық Шөкин жаса ды. Қазақстан Академиясының қызметі мақұлданып, жақ сы бағаланған № 579 қаулы қабылданды.
Бірақ, 1967 жылғы сәуірдің басында Қазақстан Компар тиясы Орталық Комитетінің бюросы арнайы қаулы қабыл дады да, Академияның жалпы сессиясы Шапық Шөкинді пре зидент қызметінен босатты. Бірқатар академиктер бұл ұйға рымға қарсы еді, бірақ дауыс ашық берілетін болып ұйғарыл ғандықтан үндемей қалды. Тек академик В.П. Захаров қана қасқайып тұрып: «Мен өз шәкіртіме сенемін!» депті».
Міне, қилы-қилы оқиғалар мен тексеру-тергеудің ақыры, 1967 жылдың сәуірінде Шапық Шөкиннің де қызметтен ке- туімен аяқталды.
* * *
Содан, 1967 жылдың ақпанында Ш. Есенов Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, сәуірде оның президенті болып сайланып, онымен қоса Қ.И. Сәтбаев атындағы Геоо- гия институтының директорлығына тағайындалды.
Әрине, бұл сайлану мен тағайындалу туралы осылай желдірте айта салып, өте шығуға болушы еді, бірақ бір шын- дықты айтпасақ, өмірден өткен тарихи тұлғаларға қиянат. Шындығына жүгінсек бұл сайлану мен тағайындалудың өзіндік сыры мен себебі болды, және ол біреу емес, бірне- шеу еді...
Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті! Бұл рес- публикадағы жоғары мансаптардың бірі ғана емес, бірегейі. Салалық ғылыми-зерттеу институтары көп, ауқымды мін- дет-межелері бар. Оған екі жыл басшы болғанда Қонаевтың өзі кесек-кесек проблемалар бар екендігін көрген. Шөкин- нің «бірсыдырғы, тәуір» басқаруы ұнамады. Академия пре- зиденті болып жүргенде партия ұйымының хатшысы Ш. Шө- киннен ескерту де естіген, оның үстіне өзінің қарсылығына қарамастан ол президент болып сайланған, содан да бо- лар, әйтеуір ғылымға серпіліс әкелетін жігер-қайраты мол, білімді, қысқасы, ылайықты адам іздеген. Тапты да. Бірақ, бұл орынға Шахмарданды өзі ылайық көргенмен, «ғылым кандидаты» деген дәрежесін және 39-ға жаңа ғана келген
жасты» басқалардың, әсіресе, Академияның құрылтайшысы болған ақсақал,қарасақал академиктердің қомсынатынын бі- леді. Олар Шахмарданды сайлау кезінде өткізбейді. Не іс- теу керек? Республика үшін бірінші жауапты адамның Ака- демия басына белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жо- ғары жас адамды ылайық көргені заңды еді. Жүз ойланып, мың толғанғанда Шахмарданға көңілі ауа берген-ді. Ақыл қосарларымен ақылдасып еді, оның бірі «жас қой» деді, екін- шісі «академик емес қой» деді, үшіншісі, «ғылым кандида- ты қалай президент болады?» деп, кері тарта берген соң өз ақылынан сауға сұрап, шешкені «ақыл жастан, асыл тастан!», ештеңе жоқ, кезінде ғылым кандидаты маған да Үкімет пен партия Ғылым Академиясының тізгінін ұстатты ғой. Қатып қалған қағида жоқ, әрбірден соң ол қағиданы жасайтын да адам деп, өзін-өзі қайрап, сөзін де, ойын да ширатып өз ұсынысына тоқтады. Тоқтап қана қойған жоқ, әлгі ақсақал- қарасақал академиктермен “жұмыс” жүргізді, сөйлесті, жағ- дайды ұқтырды. Абырой-атағы бар бірінші басшы айтып тұр- ғанда қайда барады, олар ұқты да, көнді де.
Сайлану алдында Шахмардан Қонаевтың қабылдауында болып, ұзақ әңгімелесті, ақылдасты. Әңгіме ресмиліктен гө- рі қамқор аға ниетінде өрбіді. «Шахмардан, біз ұлғайып ке- леміз ғой... жас келсе іске... Академия жұмысын жандан- дыр!» дегенге сайды. Бұл сөзде қандай күш жатқанын жеткі- зу бізге қиын. Қылшылдап, қырыққа енді ғана келгелі тұрған қыран жасқа ел көсемі мынадай сөз айтып, сенім білдіріп, қолпаш көрсетіп тұрғанда Шахмардан не істеуі керек еді?! Әрине, білекті сыбанып, құлшына кірісуі керек! Солай ет- ті де.
Қонаевтан кейін Орталық Комитеттің идеология жө- ніндегі хатшысы С. Имашевтың қабылдауында болып, бір емес, бірнеше мәрте алдағы мақсаттар жөнінде ақылдасты, Қонаевтың көмекшісі Бекежанов та іш тартып, «біріншіге» келген кезінде бөгемей жолықтырып отырды. Үкімет бас- қарушы, Шахмарданға аз жыл болса да тікелей бастық бол- ған М. Бейсебаевтың ықыласы зор еді. Тіптен ол кісі Шах- марданды төраға орынбасарлығынан босатқысы да келмеді, амал қанша, партия айтты, бітті ғой. Осылай, бәрі де партия- лық жөн-жоралғыларын жасап, ақыл-кеңестерін беріп, іске сәттілік тіледі. Бәрі де ойдағыдай болды...
Әрине, бұл мансапқа Ш. Есенов құр-қол келмеп еді: Қазақ ССР Геология министрі, Министрлер Кеңесі төраға- сының орынбасары болды. 1963 жылы Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды, 1965 жылдары Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, 1966 жылы ҚКП-ның ХІІ съезінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мү- шесі, 1967 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы бо- лып сайланды. Алты-жеті жылдың ішінде осындай қоғамды- саяси қызметтерді атқарып, бірталай тәжірибе жинақтап, Жезқазғаннан келген аңғалдау жас аз жылдың ішінде біл- гір басшыға, салиқалы саясаткерге, іскер ұйымдастырушыға айналып, көптің назарына ілікті. Кезінде дарынды жасты ғұ- лама ғалым Қаныш Сәтбаев танып, қанаттандырып ұшыр- са, енді жауапкершілігі жоғары қызметтің аламан бәйгесіне Дінмұхамед Қонаев қосты.
Шынында да тосын шешімді Академия ғалымдары то- сырқай қабылдады. Ол заңды да. Біріншіден, сол кездің өлшемімен, талабымен қарағанда Шахмардан мұндай үлкен лауазымға тым жас еді. Екіншіден, геология ғылымының кандидатын президенттікке кем көріп тұрғаны да рас бола- тын. Ал, өмірде қатып қалған ештеңе жоқ, Ата заң да адам- дар ақылынан туған. Сондықтан өмір өзгереді, талап та жағ- дайға байланысты жаңарады, ыңғайланады. Сан жылдар қа- саң боп қатып қалған сол ескі «дәстүрді» бұзып, жастарға жол ашып, үміт артқан Дінмұхамед Қонаев әрекетіне шексіз риза болғандар да сол кезде аз болған жоқ.
Шешімге тосырқай қарап, күдіктенген көптің бірі ака- демик Евгений Дмитриевич Шлыгин болыпты. Ол онысын студентеріне айтып-та келіпті. Сол кездің студенті, қазіргі ғалым-профессор Сейітов Нәсіпқали былайша баяндайды:
– Шахмардан Есенов!..
Бұл есімді мен сонау 1967 жылдың көктем айларының шуақты күндерінің бірінде алғаш рет естіген болатынмын. Ол кезде мен Политехтің геологиялық барлау факультетінің 4ші курс студентімін. Бізге «аймақтық геология» пәнінен дәріс оқитын ұстазымыз Евгений Дмитриевич Шлыгин ке зекті лекциясына әдеттегідей балпаңдай басып кірді де, жапатармағай орнымыздан көтерілген бізді бас изеп қана орнымызға отырғызды. Сөйтті де өзі қағаздарын үстел үстіне тастай салып, екі қолын артына салған күйі қатар
тұрған үстелдер арасымен әрібері сенделіп жүріп кет ті. Өзіненөзі күбірлеп сөйлеп жүр. «Апырай, қалай болар екен өзі?! Әлі қырыққа да толмаған ғой өзі. Ондаған инсти тут, мыңдаған ғалымдар! Және ғалымдар болғанда қандай, әрбір жетіншісі титан! Бұларға басшылық ету оңай ша руа емес...».
Түк түсінбеген біз аузымызды ашып, ұстазымызға қа рап қалыппыз, тыптынышпыз. Бұл тылсым тыныштықты ішіміздегі ең ересегіміз, бес жыл бойы біздің оқу тобының старостасы болған Төлеген Артықбаев бұзды:
- Евгений Дмитриевич, не айтып кеттіңіз, бізбен бөліс пейсіз бе? – деді.
Сонда ғана қадірлі ұстазымыз есін жиғандай болып сту денттерді көзімен бір шолып өтті де, мәнжәйді түсіндірді.
- Мен қазір ғана Ғылым Академиясына президент сай лауынан шықтым. Академияға президент болып отыз то ғыз жастағы Есенов Шахмардан деген геолог, менің бұ рынғы шәкіртім сайланды. Тым жастау болып тұр. Акаде мияда алуан түрлі ғылым саласымен айналысатын ондаған институт бар, оларды басқарып ылғи бір ығай мен сы ғайлар отыр және бәрі де мен сияқты ақ бастылар. Олар дың бәрі бірбір тұлға әрі көп жағдайда олардың «қыңыр лығы мен қиқарлығы» мың есекке жүк боларлықтай. Осы ларға басшылық етуге сайланған азаматтың қайрат қуаты, ең бастысы өмір тәжірибесі жете ме?! Әсіресе, тәжірибесі... Тым жас қой, – осыны айтты да академик сәл аялдады. – Бірақ, – деп жалғады ол ойын сәл кідіріс тен кейін, – Қаныштың қасиетті креслосына тағы да гео лог келгені дұрыс болды. Өзі де бұған дейін талайталай жауапты қызметтерді атқарып үлгеріпті. Бұл қызметке қарымы жетпесе жоғарғы жақ ұсынбаған да болар еді. Әсілі, бәрі де ойдағыдай болатын шығар.
Кенет жанарында әнтек ризашылдықтың нышаны пай да бола қалды.
- Ал, сабаздың сырт көзге мін тағар жері жоқ. Сөзге ағып тұр. Салауаты мен білімі қандай! Сыртқы мүсін қандай десеңізші! Қапсағай денелі, дөңгелек жүзді, толқын толқын қара шашты...
Соңғы сөздерін айтқанда ақсақалдың көзі жайнап, ри за болған көңілдің нұры жүзінде төгіліп тұрды. Жаңағы
күдігінен түк қалмаған. Ақсақалдың әңгімесіне елтіп біз отырмыз. Сол бір бейтаныс адамға деген қызығушылық бойымды биледі. Көз алдыма әлдебір ертегілердің кейіпкер лері, ақыл мен күшқайрат, сыр мен сымбат аямай берілген баяғының биболыстары келді.
Институтты бітіргеннен кейін екі жыл әскери боры шымды өтеп қайтқан мен 1970 жылдың күзінде тағдырдың жазуымен нақ сол Шахмардан Есенов басшылық ететін Қ.И. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымизерттеу инс титутына аға инженер болып жұмысқа қабылдандым. Бір ұжымда жұмыс істегендіктен Шахмардан ағамен ара ласқұралас болдық десем әрине шындыққа кереғар болар еді. Үрпекбас аға инженер мен институт директорының, Академия президентінің арасындағы қашықтық тым ал шақ жатқандығы түсінікті. Алайда, әр түрлі ісшара лар барысында, институт ұжымының жиналыстарында, кеңейтілген ғылыми кеңестерде Есеновті жәй көріп қой май, оның ырғақты баритон дауысымен айтылған небір ғибратты әңгімесін, алымды ойтолғамдарын талай рет тыңдадым.
Расында да Шахмардан ағаның бүкіл болмысбітіміне көз де, көңіл де қапысыз тоятын. Ойының жүйелілігі мен тереңдігі, нақышты сөйлеу ырғағы, бәрібәрі баяғы сырт тай естігендегі әсерімнің алдамағандығын аңғартты.
Ал, білімпаздардың айтуына, оны жақсы білетін ғалым дардың пікіріне қарағанда, Шахмардан Есенов Ғылым Ака демиясына басшылық еткен 7 жыл ішінде осы ғылыми орда нағыз кемелдену кезеңіне келген. Бұл жылдары Қазақстан ғылымының бірталай жаңа бағыттары қалыптасты, олар ды ойдағыдай дамыту қажеттігі талайталай құрылымдық өзгерістер жасауды талап етті. Нәтижеде әртүрлі са лада жаңа зертханалар ашылды, ескілері ұлғайтылып, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілді, шағын сектор лар ірілендірілді, жаңа ғылымизерттеу институттары бой көтерді.
Шахмардан Есенов ғылымизерттеу жұмыстарын озық технологиямен қамтамасыз етуге айрықша мән бер ді, сөйтіп, ғылыми орталықтар есептеу машиналарымен, жаңа қондырғылармен, аппаратурамен, аспаптармен жаб дықталды. Ғылыми жұмыстардың өрісі айтарлықтай кеңей
тілді, ғылым мен өндірістің өзара байланысы бұрынғыдан да нығая түсті, Өнеркәсіп салалары бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің үлессалмағы айтарлықтай артты.
Шахмардан Есенов өзі тікелей басшылық ететін Қа ныш Сәтбаев атындағы Геология ғылымизерттеу инсти тутының дәуірлей даму кезеңі де нақ осы жылдарға сәй кес келеді. Шахаң институт қабырғасындағы ғылыми зерт теулердің тиімділігін арттыру бағытында үш түрлі мә селеге ерекше мән беріп, осы бағыттардың негізін қалады. Олар – геологиялық ғылымның өндіріспен байланысы, рес публикамыздың іріірі кенді аудандарын кешенді түрде зерт теу және кен құрамындағы барлық пайдалы компонент терді кешенді игеру мәселелері.
Бұлардың бәрі де өзінің игі нәтижелерін берді. Ғылым мен өндірісті ұштастыра жүргізу нәтижесінде іріірі кен орындары ашылып, олардың көпшілігі пайдалануға беріл ді. Кенді Алтайдағы Тишинка, Орлов, Малеев полиметалл кен орындарының, Орталық Қазақстандағы қорғасынмы рышты кен орындары Жәйрем тобының, Оңтүстік Қазақ стандағы мыстықорғасынды Шалқия және Шатыркөл кен орындарының, Қазақстанның батысындағы бір топ әй гілі мұнайгаз кен орындарының: Теңіз, Жаңажол, Қарашы ғанақ, Кеңқияның... ашылуы, игеріле бастауы нақ осы жыл дар жемісі болып табылады.
Республиканың кенді аудандарын кешенді түрде зерт теу жұмыстарының алғашқы қарлығаштарының бірі Өс пен рудалы белдеуін геологиялықгеофизикалық тұрғыдан зерттеу шаралары. Бұл зерттеулер нәтижесінде аталған белдеудің алуан түрлі пайдалы қазбалар жөніндегі перспек тивасы орасан зор екендігі дәлелденді. Зерттеу нәтижесі бойынша Ш. Есенов бастаған бір топ ғалымдар Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын иеленді.
Кен құрамындағы қосалқы компоненттерді, мысалы, Кенді Алтай кеніштеріндегі күміс, алтын, титан, магний
... және әйгілі Жезқазған кеніштеріндегі алтын, күміс, ос мий... айырып алына бастады. Есеновтің үш қасиетін де баса айтуға болады. Олар – білім ауқымының кеңдігі, пе респективаны көре білетіндігі және бастаған ісін тындыр май тынбайтындығы. Бұл қасиеттер Есеновке ұстазы Қа
ныш Сәтбаевтан жұққандай. Табиғаттың тылсым күші екеуін бірбіріне ұстаз бен шәкірт етіп байлағанына таң қаласыз.
* * *
Адам өмірін, қызмет атқарған жылдарда не бітірді, не ат- қара алды дегенді саралап, салмақтау үшін, баға беру үшін де біраз жылдар керек. Бүгін біліп, ертең таныдым деу ағаттық.
«Қонаев сенімін Есенов ақтай алды ма?» деген сауалға Ша- хаңмен сол жылдарда әріптес, қызметтес болған академик С. Қожахметов пен Х. Беспаев біраз жылдар өткен соң жау- ап беріпті. Біз оны уақыт сұрыптауынан өтіп айтылған шы- найы, құнды баға ретінде қабылдадық:
«...Ш. Есенов бұрын атқарған қызметтерінен бірта лай ерекшеліктері бар, сырт көзге сәл тұйықтау көрінетін Академия әлеміне еркін араласып кетті. Республика Ғылым Академиясының көп қырлы жұмысының проблемаларын шешуде іскерлік танытты, мыңдаған адамдардан құрал ған ұжым алдына ғылыми жұмыс тиімділігін арттыру мақсатын қойып, республика ғылымын дамытудың негізі – түбегейлі зерттеулер жүргізу принципін қатаң ұстанды. 1967 жылы қарашада болған Қазақ ССР Ғылым Академия сының мүшелтойлық жалпы жиналысында Қазақстан ғы лымының қол жеткен табыстарын қорытындылай келіп, Академия жұмысындағы кемшіліктерді де сынға алып, олар ды тез арада жою шараларын ұсынды. Бұдан кейін ғылыми мекемелердің басшылары қатал талапты, айқын басшы лықты аңдап, қызметінің әрдайым президент назарында екенін сезінді. Осының бәрі барлық ғылыми бөлімшелердің жұмыстарына жаңа дем берді және ғалымдарды белсен ді қызмет атқаруға жұмылдырды. Кешенді атқарылатын ғылыми жұмыстарды жоспарлау біршама жақсарды.
Кадр даярлау, пайдалану дұрыс жолға қойылып, жас ға лымдардың жемісті еңбек етуіне жақсы жағдай жасалды. Осы кезеңде Академия тарихында алғаш рет Қазақстанның халық шаруашылығын дамытуға арналған ұсыныстардың негізі жасалды. Онда президенттің инициативасы бойын ша аймақтардағы геологиялық барлау жұмыстарында, тау кен өндірістерінде прогресті технологияны енгізу, қара жә не түсті металлургияны жандандыру, химия өндірісін, ма
шина жасау, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мә селелерінің айқындалған жоспары белгіленді. Бұл басшы органдарда мақұлданып, оған айрықша мән берілді.
Президент республикамыздағы барлық ғылыми жұ мыстар мен ізденістерді үйлестіріп отыратын 29 ғылыми кеңестер жұмысымен танысып, талдау негізінде олардың жұмысын біршама жандандыруға ықпал жасады. Кемшілік терін көрсетіп, өз кәсібіне икемі, кәсіби шеберліктері жоқ адамдарды ауыстырды. Жұмысы нашар Кеңестердің біра зын жауып тастады. Жетістіктері бар Кеңестердің жұ мысына ерекше қолдау көрсетті.
1968 жылы Академия төралқасының көптеген мүшелері қайтадан сайланып, 17 ғылыми мекеме директорлары жаңа дан бекітілді.
1970 жыл Академия ұжымы үшін қажырлы еңбектің және өзгерістердің бұрынсоңды болмаған өрлеу жылы бол ды. Ғылым Академиясы жаңа мүшелермен толықты – 3 академик, 21 корроспондентмүше сайланды. Жаңадан Жо ғарғы физика институты, Гидрогеология және гидрофизи ка, Сейсмология институттары, Металлургия және байы ту, Астрофизика институттары құрылды. Бас ботаника бағында жаңа бөлімдер мен лабораториялар ашылды. Нақ сол жылы ғылымның әр саласы бойынша 22 докторлық дис сертация қорғалды.
45 және 35 пәтерлік үй салынып, ғалымдарға берілді.
Ғылым Академиясының жалпы жиналысының арнайы сессиясы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына арналды. Жерлесіміз, ғұлама ғалым ӘлФараби еңбектері жарық көріп, 1100 жыл дығы тойланды.
1970 жылы ғылымды дамытуға бөлінген қаржы 1967 жылмен салыстырғанда 25 пайыз өсіп, ғылым табыстарын халық шаруашылығына сегізінші бесжылдықта (19661970 ж.ж.) енгізуден алынған экономикалық тиімділік жетінші бесжылдыққа қарағанда 2 есе артты.
1971 жылы Академия өзінің құрылғанына 25 жыл то луын атап өтті. Мерекелік жиналыста президент Ш. Есе нов «Қазақстан Ғылым Академиясы – республика ғылымы ның орталығы» деген тақырыпта баяндама жасады. Сес сия жұмысына Қазақстанның басшылары, КСРО Ғылым
Академиясының президенті академик М.В. Келдыш, акаде миктер А.Л. Яншин, В.И. Смирнов, одақтас республикалар дан делегациялар келді. Ш. Есенов екінші рет Ленин ордені мен марапатталды.
Мүшелтой жылы Академия өзінің 25 жылдық қызметін қорытындылап, ғылымизерттеу жұмыстарының келешек те даму бағытын айқындады. 700 ғалым Академияның жетіс тіктері және халық шаруашылығында ғылымитехникалық прогресті дамыту жолдары жайында 2800 лекция оқыды
1972 жылы 24 ақпанда Академияның жалпы жиналы сының сессиясы өткізіліп, онда ғылымитехникалық прог ресс және республика ғалымдары алдындағы кезекті мәсе лелер талқыланды. СССР және Қазақ ССР Ғылым Акаде мияларының академигі Ш. Есенов екінші рет, жаңа мерзім ге бірауыздан президент болып сайланды.
1972 жылы Қазақ КСРның ғылым және техника сала сындағы Мемлекеттік сыйлығы жөніндегі комитет ұйым дастырылды. Ол комитеттің председателі болып Ш. Есе нов тағайындалды. Сол жылдың желтоқсан айында ко митет Ғылым Академиясының 4 жұмысына Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын берді».
Міне, жоғарыда қойылған: «Қонаев сенімін Есенов ақтай алды ма?» деген сауалдың жауабын олар осылай таратып- ты. Бір басшыға аз жұмыс емес, әрине. Біз сөйлескен, пікір- лескен көптеген ғалымдар да осы пікірді қоштай отырып,
«онымен бірге Академияға тың серпіліс келді» дейді. Қарап отырсаңыз, шынында да ол барлық ғылыми-зерттеу инсти- туттарын аралап, жұмыс жоспарларымен танысып, ғылыми кеңестеріне қатысады. Ұзын арқан, кең тұсаудың ендегі жер- де уақыт талабына сай келмейтінін айтып, ғалымдар алды- на қатаң талап, күрделі мақсат қояды. Әсіресе, ол ғылыми- зерттеу институттары ашқан жаңалықтардың өндіріске же- дел енгізілуіне айрықша көңіл бөліп, күш салады. Сол үшін өндіріс басшылары мен ғалымдар арасында байланыс орна- тып, кездесулер мен ғылыми кеңестер ұйымдастырады.
Міне, сондай істерді талқылау кезінде мәселенің қалай шешілетіндігі жайында экономика ғылымының кандидаты К. Кетебаевтың әңгімесі хабар береді:
- 1967 жылдың көктемінде Мемлекеттік жоспарлау ко митетінің төрағалығына тағайындалысымен Шахмардан
Есеновпен тікелей және тығыз жұмыс істей бастадық. Осы уақытқа дейін ол шаруашылық және басшылық қызметтің қырсырына қаныққан, биліктің негізгі мектептерінен өткен, үлкендікішілі кадрлардың мүмкіншіліктерін білетін тұлға болып қалыптасқан. Ал менде қаржы министрлігінде гі он жылдық жұмыс тәжірибем, халық шаруашылығы кеңесі мен коммуналдық тұрмыс министрлігіндегі біраз тә жірибем болғанымен, республикалық деңгейдегі басшы кадр лар туралы жарытып ештеңе білмейді екенмін. Сондық тан, мойындау керек, Мемлекеттік жоспарлау комитеті сияқты республиканың ірі өндірістікэкономикалық орта лығын басқару үшін мендегі өмірлік тәжірибе мен диплом жеткіліксіз еді. Мұны осы қызметке ұсынылып жатқан кез де Д. Қонаевқа да айтқанмын.
Сол жыл – сегізінші бесжылдықтың орта шені бола тын, аппараттың тоғызыншы бесжылдыққа арналған рес публика халық шаруашылығын дамытудың негізгі бағытта рын қарастырып жатқан кезі еді. Ол кезде жоспар түзу барысы барлық бағыттар бойынша сараптаудан өткізіліп, болашақ дамудың негізгі параметрлері анықталатын.
Бір күні Шахмардан Есенов маған телефон шалып, Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төралқа отырысы на қатысқысы келетінін айтты. Әрине, мен оны кезекті отырысқа шақырдым. Бұған дейін мен оны білмеуші едім. Ол Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары ретін де ауыр өнеркәсіп проблемаларымен шұғылданатын, үкі меттің отырыстарында кездесіп қалатынбыз. Мемлекет тік жоспарлау комитетінің отырысында ол тоғызыншы бесжылдыққа арналған халық шаруашылығы жоспарының көрсеткіштері бойынша бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсы ныс енгізді. Әсіресе, оны қызықтырған мәселе сегізінші бес жылдықтың қалған мерзіміне (жыл сайынғы жоспарлар) және тоғызыншы бесжылдыққа арналған ғылым мен тех ника жетістіктерін өндіріске енгізу бөлімі еді.
Мемлекеттік жоспарлау комитеті мен Қазақстан Ғылым Академиясы төралқаларының біріккен отырыста рының графигі жасалды. Өте ұзақ, пайдалы жұмыс атқа рылып, ол тоғызыншы бесжылдықтың негізгі көрсеткіш тері үкіметке баяндалғанға дейін жалғасты. Ш. Есенов ғы лымның ең маңызды міндеті оның өндіріспен байланысы,
яғни ғалымдардың ғылымизерттеу жұмыстарының нәти желерін өндіріске енгізу дейтін. Әрі мұның маңыздылығын бізге ұтымды түсіндіріп, практикаға енгізе алды. Мем жоспар штабқа айналып, көптеген ғалымдардың аты жөнін ғана емес, түртұлғасын да ажырататын болдық. Оқымыстылар мен Мемжоспар мамандары арасында қызу пікірталастар жүріп жатты. Даулы және принципті мә селелер бойынша шешімдер Мемжоспар төралқасы мен Ғы лым Академиясы төралқасының біріккен отырысында қа былданып, мүдделі тараптарға тапсырылып жүрді.
Сөзім дәлелді болу үшін сол бесжылдық жоспардың кейбір көрсеткіштері мен олардың орындалу барысы ту ралы айтып берейін. Менің ойымша мұның өзі қазіргі ре форматорлар үшін және әрине біздің оқушылар үшін де қызғылықты болар. Егер, қоғамдық өнім деңгейі 1995 жы лы 1990 жылмен салыстырғанда, яғни бес жылда 57 пайыз төмендеп кеткенін еске алсақ, өндірістік әлуеттің жар тысын «жел ұшырып» әкеткендей күй кешіп отырсақ, төмендегі көрсеткіштердің тартымды болары даусыз.
Оныншы бесжылдықта ненің қалай атқарылғанын ке лесі мәліметтерден байқауға болады. Партияның ХХІV съе зінің Директиваларына сәйкес одақ бойынша өнеркәсіп өнім дерінің өсімі 4246 пайызды құрауға тиіс болатын, ал Қа зақстан бойынша бұл өсім 5760 пайыз деңгейінде жос парланды. Экономикалық көрсеткіштердің ең маңыздысы
- ұлттық табыстың өсімі 42 пайыз құрауы қажет еді. Байқаған боларсыз, қазақстандық көрсеткіштер одақтық көрсеткіштерден жоғары жоспарланды.
Жалпыодақтық мамандануға және бай шикізаттық ресурстарды игеруге байланысты ауыр өнеркәсіпті, соның ішінде мұнай, химия, қара және түсті металлургияны, ма шина жасауды екпінді дамыту қарастырылды.
Халық шаруашылығының салалық құрылымына өзгер тулер енгізіп, экономиканы одан әрі индустрияландыру қа растырылды. Айталық, 1975 жылы жалпы қоғамдық өнім дегі өнеркәсіптің үлесі 1970 жылғы 51,9 пайызбен салыс тырғанда 56,2 пайызды құрауға тиіс еді.
Республикадағы қоғамдық өндірістің тиімділігін арт тырудың маңызды шарты ретінде ғылымитехникалық про грестің қарқынын жеделдету көзделді. Оныншы бесжыл
дықта жаңа техника мен технологияны, еңбекті ғылыми ұйымдастыру шараларын енгізуге жыл сайын 345 млн. сом көлемінде, ал бесжылдық бойынша – 1,7 млрд. сом эконо микалық өсім берілуі қарастырылды. Бұл аса зор сома. Ұлт тық табыстың орташа жылдық өсімінің 34 пайызын ай тылған фактор есебінен алу ұйғарылғандығын айтсақ жет кілікті болар.
Қоғамдық еңбек өнімділігін 30 пайыз арттыру қарас тырылды. Ұлттық табыс өсімінің 73 пайызы еңбек өнім ділігін арттыру нәтижесінде алынатын болып жоспар ланды. Осынау маңызды көрсеткіштерді қалыптастыруда, мемжоспар мамандарымен қатар, Ш. Есенов бастаған ға лымдар белсенді рөл атқарды.
Ескеретін жәйт, Ш. Есенов бұл бесжылдықтың үш жылындай уақыт қана президенттікте, ал мен төрт жыл дай Мемлекеттік жоспарлау комитетінің төрағасы қыз метінде болдық. Бесжылдықты толық аяқтауға бізде мүм кіндік болмады, расын айтар болсақ, мүмкіндік бермеді. Со ған қарамастан тамаша нәтижелерге қол жеткізілді, ол көрсеткіштер үшін бүгін де мақтануға болады. Қазақстан ның халық шаруашылығына жаңа технология мен техника ны енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту үшін 808 млн. сом жұмсалып, пайданың өсімі 488 млн. сомды құрады, яғни әрбір жұмсалған сом 60 тиын пайда әкелді.
Өндіріс тиімділігінің ерекше төмендеуі он бірінші бес жылдықта орын алды: жұмсалған қаражаттың 1 сомы небәрі 38 тиын түсім берді.
Ш. Есенов Ғылым Академиясының президенті қызметін атқарған жеті жыл мерзімде ғылымның, жаңа техноло гиялар мен еңбекті ұйымдастырудың озық тәсілдерін енгі зу негізінде қол жеткен нақты экономикалық табыстары мыз осындай болса, Асқар Қонаев академияның президенті орынтағында он екі жыл отырғанымен, әлгілерден түсім кеми берді.
Естелігімді аяқтай келе, бір нәрсеге тоқтала кетейін. Кейбір басшыларға тән менмендік, жалқаулық, ой өрісінің таяздығы сияқты жағымсыз мінездерден Ш. Есенов мүлдем ада болатын. Ол нағыз демократ еді, оның оптимистік бол мысынан, рухани биіктігінен айналасындағылар жан ты ныштығын табатын.
* * *
Ортақ шаруаның қамын Шахаңмен бірлесе күйттеген мем- лекет қайраткері осылай десе, кейіпкеріміздің өзі маңызды мәселелерді қозғағанда әлдеқайда тереңнен қопаратын се- кілді. Бұл пікіріміздің артық еместігін Ш. Есеновтің Мем- лекеттік жоспарлау комитетінде үкімет басшыларының қа- тысуымен өткен 1973 жылғы бір жиында сөйлеген сөзі ше- гелей түсетіндей.
«Ғылымизерттеу жұмысының тиімділігін артты рып, оларды неғұрлым қысқа мерзімде өндіріске енгізу – біздің басты парызымыз. Онсыз ғылымитехникалық про грестің қарқынын, еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес. Бұл аса маңызды мәселе ғалымдарымыздың алдына өте жа уапты міндеттер қойып отыр. Біз ғылыми зерттеулерді үйлестіру, ғылымның аса маңызды проблемаларына бұрын ғыдан да қатты зер салу, өндіріспен творчестволық байла нысты нығайта түсу, ғылыми мекемелердің қызметін күн делікті бақылып отыру жөнінде нақтылы іс жоспарын жү зеге асыруға міндеттіміз.
Түсті металл және мұнай мен газ өндіру жөнінде Қа зақстан Одақтағы үлкен аудан. Сол сияқты республика мызда қара металлургияның қоры өте мол. Қазақстан хро миттің қоры жөнінен бүкіл дүние жүзінде белді орын ала ды. Фосфориттің, фтордың, бариттің, әртүрлі тұздардың қоры да ғаламат.
Маңғыстаудағы Өзен, Жетібай тәрізді алып кен орын дарының ашылуына байланысты республикамыз мұнай мен газ өндіру жөнінен елімізде алдыңғы орындардың біріне көтерілмек. Бұл пайдалы кендердің қоры аса мол. Маңғыс таудың қойнауында миллиардтаған тонна мұнай, жүздеген миллиард текше метр газ бар. Оның үстіне Каспий ойпа ты әлі де толық зерттелмегенін ескерсек, бұл бай өлкенің болашағы қаншалықты зор екеніне көзіміз жетеді. Мұнай мен газ жөнінен Солтүстік және Оңтүстік Үстірт пен Оң түстік Қазақстанның да келешегі үлкен. Бірақ, бұл аудан дарды зерттеп, игеру ісі баяу жүргізіліп келеді. Өйткені барлау жұмыстарына бөлінген қаржы міндетке сай емес. Оның үстіне геология практикасының техникалық саясаты мен оның ғылыми негіздерін ішінара қайта қарастыру ке рек деп білеміз.
Геофизиктер мен геохимиктердің кен көздері жөнін дегі әртүрлі болжамдарын іс жүзінде дәлелдеп, қордың мол екенін көрсететін жағдай әлі де болса толық емес. Шын мәнінде барлау жұмыстары артта қалып келеді. Сондықтан да геофизикалық болжамдарды тексеру жө ніндегі жұмыстарды толық жүзеге асыру бүгінгі күннің зор талабы болып отыр.
Қазақстанның өте мол минералдық ресурстары толық пайдаланылмай келеді. Әсіресе, өкініштісі, бұл іс комплекс ті түрде жүзеге асырыла алған жоқ. Мұны біз қазір жұмыс істеп жатқан таукен кәсіпорындары бар аудандардың жағдайынан көріп отырмыз. Оларда кен өндірілген кез де алдын ала барланған қордың тең жарымына дейін шы ғын болады. Ал, ол кендерді өңдеген кезде қосымша компо ненттердің көп бөлігі кәдеге аспай қалады. Олардың құны негізгі компаненттерден жүз кейде тіпті мың есе артып түседі. Мәселен, аса ірі кен көзі – Жезқазғанда рений, ос мий тәрізді қосымша элементтердің құны негізгі металл – мыстан қымбат. Оларды айырып алып, кәдеге жарату ісі не қазір онша мол мүмкіндік жоқ.
Пайдалы кендердің қоры шексіз емес. Оның үстіне жер бетінен тереңде жатпаған кен көздері барған сайын азайып келеді. Сондықтан да жоғарыда аталған қосымша элемент терді барынша мол пайдаға асыру біздің басты парызымыз. Қазақстанның мыс өндіретін аудандарында, әсіресе, Жезқазған мен Бозшакөлде сирек кездесетін және қосымша элементтер ді комплексті түрде өндіру ісін қарқындата түсуіміз керек.
Алтайдағы полиметалл және алтын кендерін алу ісін де де өте мол шығынға жол беріліп жүр. Өскемендегі түс ті металлургия ғылымизерттеу институты мен В.И. Ле нин атындағы Қазақ политехникалық институты ғалым дарының бұл саладағы ірі жетістіктеріне қарамастан, ме талл шығындары әлі де көп.
Қазақстан алюминий мен глиноем өндірудің үлкен оша ғына айналып келеді. Қазірдің өзінде еліміздегі ең үлкен кә сіпорындардың бірі Павлодар алюминий заводы мен Торғай кен орындары жұмыс істеуде. Мұндағы глинозем сапасы жағынан КСРОда белгілі орын алады. Ендігі міндет – бұл кенді қалай болса солай иесіз тастамай, тікелей халық кә десіне жарата білу.
Торғай өңірінің қойнауында магнетитпен бірге темір сульфидінің, кобальттің, мыстың, қорғасынның, мырыштың және басқа да сирек кездесетін элементтердің аса мол қо ры бар. СоколовСарыбай, Қашар, осы аудандағы және бас қа да кенбайыту комбинаттарының комплексіне мыс, ко бальт, қорғасынмырыш концентраттарының қалдықтарын өңдейтін арнаулы цехтар мен секциялар қосу керек. Өйткені қосымша элементтердің қоры бұл аудандарда өте мол.
Халықты отынмен қамтамасыз ету ісі де көкейкесті міндеттердің бірі болып отыр. Қарағанды мен Екібастұзда тұрмыстық отынға жарамайтын, тек ірі электр станция ларына арналған көмір өндіру ісі жедел дамуда. Ал, халық отқа жағатын көмір Кузбастан, Назарово мен Черемхо водан тасып әкелінеді. Ол кен орындары 33,5 мың кило метр қашықтықта екенін ескерсек, қаншалықты қыруар қаржының тасымалға шығын болып жатқанын аңғарамыз. Ал, ондай көмірді өндіруге Қазақстанның өз мүмкіншілігі мол. Шын мәнінде республикамыздың барлық облысында ашық әдіспен өндіруге болатын кен орындары бар. Сондықтан да өнеркәсіп орындарының инициативасын барынша қолдап, жергілікті көмірді өндіру ісін дамыта түсу керек.
Қазіргі уақытта республикамызда барланған кеннің тым аз бөлігі ғана өндіріледі. Ертістің суы Орталық Қазақстанға келуіне байланысты бұл ауданды жедел әрі комплексті игеру мәселесі алға қойылып отыр. Қазақ ССР Ғылым академиясының бес институты Өспен кенді аймағын комплексті түрде игеру жөнінде зерттеу жұмысын аяқтады. Бұл жерден сирек кез десетін металдарды және қорғасын, мырыш, барит, темір өндіруге мүмкіндік туды. Осы мақсатты ескере отырып, Ер тісҚарағанды каналын Жезқазғанға дейін созса нұр үстіне нұр болар еді. Ертістің суы Орталық Қазақстанда таукен және металлургия өнеркәсібін, астық шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға аса жақсы жағдай туғызады.
Сол сияқты Торғай темір кенді ауданын комплексті игеру ісін де күн тәртібіне қойған жөн. Маңғыстаудың бай лығын да комплексті игеру аса мәнді мәселе. Ертіс бойының құрғақ жерлерін суландыру – Шульба су торабын салу мә селесін күн тәртібіне қояды.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді одан әрі артты ру жөнінде Қазастан үлкен рөл атқарады. Л.И.Брежнев өткен
жылы республикамыздың 50 жылдығы тойланған салтанатты мәжілісте: « Қазіргі Қазақстан Совет Одағындағы жер ұйық тардың бірі, еліміздегі аса ірі мал шаруашылық базасы» деп атап көрсетті. Қазақстан республикасы жыл сайын орта есеппен 24 миллион тонна астық өндіріп, мал шаруашылығын жедел қарқынмен дамытуы керек. Ол үшін Қазақстанда Ауыл шаруашылығы академиясын ашуды жөн деп білеміз.
Қазақстан ғалымдары осындай маңызды шараларды жүзеге асыру жолында ақылой жемісі мен күшқайратын аямайды».
Осындағы ойлар халқының бақытты, молшылыққа ке- нелген кезін көксейтін нағыз азаматтың, көптің қамын жей- тін, көш бастай алатын нағыз басшының сөзіне нақ ұқсайды. Мемлекет алдында тұрған осындай мақсатты іс жүзіне асы- руда Қазақ КСР Ғылым Академиясы ғалымдарының бел- сенділігі керек болды. Сондықтан Есенов ғылыми-зерт- теу институттарының соңғы жаңалықтарын өте қысқа уа- қытта өндіріске енгізіп, тиімділікті арттыруға күш салды. Ғылымның аса маңызды проблемаларына бұрынғыдан да зор зер салып, өндірістік және ғылыми мекемелердің байла- нысын өзі бақылап отырды.
1970 жылы Қостанай сайлау округы бойынша ССРО Жо- ғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Бұл оған респуб- ликадағы шикізат өнеркәсібінде тұнып тұрған мәселелерді шешу жолын ашты. ССРО Жоғарғы Кеңесінің кезекті сесси- ясында депутат Ш. Есенов қорғасын-мырыш өнеркәсібінің шикізаттық базасын дамытудың аса қажеттілігін мәселе етіп көтерді. Мәселе сөз жүзінде қалып қалмай, Орталық ми- нистрлік пен Жоспарлау комитеті Есенов ұсынысына құлақ асыпты. Оған дәлел болатын екі құжатты біз республикалық Орталық мұрағаттан таптық. Олар төмендегідей.
ССРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
ж. Ш. Есеновке
Сегізінші рет сайланған ССРО Жоғарғы Кеңесінің үшін ші сессиясында 19711975 ж.ж. Қазақстанның қорғасын мырыш өнеркәсібінің шикізаттық базасын дамытуды же делдету қажеттігі туралы Сіздің сөзіңізге байланысты ССРО Мемлекеттік жоспаралау комитеті хабарлайды.
ССРО Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 22қазандағы
№ПП15128 шешімімен мынадай тапсырма берілді:
ССРО Түсті металлургия министрлігі Қазақ ССР Ми нистрлер Кеңесімен және Ауыр құрылыс министрлігімен бірге қорғасынмырыш өнеркәсібінің жағдайына қосымша сараптама жасасын және түсіндірмелерін ССРО жоспар лау комитетіне 19721975ж.ж. жоспарындағы есептеу лерде көрсетілгеннен артық қорғасын және мырыш концен траттарының өндірісі туралы ұсыныстарын қоса 1972ж. Ітоқсанда тапсырсын.
Мемлекеттік жоспарлау комитеті бір ай мерзім ішінде бұл материалдарды қарастырып, ағымдағы бесжылдыққа қорғасынмырыш шикізаты балансын, сондайақ, 1975 ж. жоспардан тыс шикізаттың күтілетін балансын дәлелдесін және өз ұсыныстарын ССРО Министрлер Кеңесіне жі берсін.
Көрсетілген тапсырмаға сәйкес Қазақ ССРы қорғасынмы рыш өнеркәсібінің шикізаттық базасын дамыту мәселелеріне талдау жүргізіле бастады және осы жылдың 1мамырына қарай Мемлекеттік жоспарлау комитеті ССРО Министрлер Кеңесіне тиісті ұсыныстарын тапсыратын болады.
ССРО Жоспарлау комитеті
төрағасының орынбасары В. ИСАЕВ
* * *
ССРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты
ж. Ш.Е. Есеновке
Алматы қ., Қазақ ССР Ғылым Академиясы 3 ақпан 1972 ж.
ССРО Түсті металлургия министрлігі сегізінші сайланған ССРО Жоғарғы Кеңесінің үшінші сессиясында Сіздің сөзіңізде келтірілген ескертулер мен ұсыныстарды қарап, сала кәсіп орындары жұмысындағы кемшіліктерді түзету жөнінде қа былданған шаралар туралы хабарлайды.
Қазақстан түсті металлургиясының шикізаттық базасын дамыту туралы.
Қазақстанның жұмыс істеп тұрған бірқатар кәсіп орындарының шикізаттық базасының қанағаттанғысыз
жағдайын және пайдаланудағы кен орындарындағы геоло гиялықбарлау жұмыстарын едәуір күшейту қажеттігін ескере отырып, ССРО Түсті металлургия министрлігі «Қаз түстімет» басқармасын осы мақсатта ассигнациялауды жыл сайын арттырып келеді. 19661970 жылдары игеріл ген 40,1 млн. соммен салыстырғанда 19711975 ж.ж. гео логиялықбарлау жұмыстарын жүргізу үшін «Қазтүсті мет» басқармасына 67,7 млн. сом қарастырылған, соның ішінде 19711975 ж.ж. Лениногор полиметалл комбинатын қаржыландыру сомасы бұрын 5,38 млн. сом болса, енді 8,2 млн. сом құрады. Зырян қорғасын комбинатына бұрынғы 4,58 млн. сом орнына 6,59 млн. сом қаржы бөлу көзделіп отыр.
Сонымен бірге ССРО Түстімет министрлігі ССРО Гео логия министрлігіне Қазақстанның жұмыс істеп тұрған кә сіпорындары орналасқан аудандарда геологиялықбарлау жұ мыстарын күшейту туралы өтінішті бірнеше рет жолда ған болатын.
Нәтижесінде ССРО Геология министрлігі ағымдағы бесжылдыққа Лениногор, Зырян, Балқаш және Жезқазған аудандарында геологиялықбарлау жұмыстарының көлемін арттыруды көздеп отыр.
19711975 ж.ж. кезеңінде ССРО Түстіметминде Жәйрем кен орны базасында кеніш құрылысын бастауды қарастырып отыр. Күрделі қаржының шектеулілігіне байланысты Бестөбе, Ұзынкөл, Алайғыр, Ақжол және басқа да бірқатар кен орын дарын игеруді бастау жұмыстары кейінге қалдырылды. Көр сетілген кен орындарын пайдалануға берудің кезегі мен мерзім дері 19761980 ж.ж. сала дамуының негізгі бағыттарын тал дап жасау кезінде қарастырылатын болады.
Қазақстан мыс кендерінен сирек және ілеспе элемент терді алу проблемасы туралы
Министрліктің институттары Жезқазған және Бал қаш кен орындарының мыс рудаларын өңдеу кезінде си рек және ілеспе элементтерді бөліп алу деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар жүргізуде. Айталық, 19711972 ж.ж.
«Гинцветмет» және «Казмеханобр» институттары ілеспе ренийді бөліп алу проблемасын зерттеді.
Зерттеулер көрсеткеніндей, Балқаш комбинатында сор бциялық процесті енгізу, Жезқазған комбинатында иондық
флотация арқылы рений алу мүмкіндіктері дәлелденді. Жез қазған комбинатында мыс қорыту заводын іске қосқаннан соң Қазақстанның мыс қорыту кәсіпорындарында рений өндіру 1971 ж. деңгеймен салыстырғанда 23 есе артатын болады, сондайақ, Жезқазған рудасынан қорғасын бөліп алу 70 пайыз өседі.
кен орындарын пайдалану және шикізатты өңдеу ке зінде пайдалы қазбалар шығынын кеміту туралы
1971 жылдың бірінші жартысында Жезқазған және Мырғалымсай кеніштерінде жерасты өндіру кезінде руда шығындары 25 пайызды құрады.Мұның өзі кен орындарын камералық тіреуіш жүйе бойынша пайдаланудың бекітілген нормасы шеңберінен шықпайды. Қазақстанның басқа ірі кен орындарының көбінде өндіру барысында руда шығыны 10 пайыз шегінде болды. Министрлік шығындарды қысқарту мақсатында кен орындарын пайдалану жүйесін жетілдіру ге бағытталған жұмыстарын жалғастыра бермек.
Тоғызыншы бесжылдық жоспары бойынша кенді ұсақ тау, флотациялау ісін ретке келтіру, тиімділігі жоғары реагенттерді қолдану, сондайақ, ауыр суспензияларда байы ту әдісін алдынала пайдалану арқылы руданың даярла нуын жақсарту есебінен алынатын байыту технология сын одан әрі жетілдіре түсетін боламыз. Белгіленген шара ларды іске асыру нәтижесінде металды бөліп алу деңгейі бесжылдық барысында фабрикалардың көпшілігінде 22,5 пайыз жоғарылайтын болады.
Балқаш комбинатында жаңа техниканы енгізу, то заң ұстағышты жетілдіру шаралары есебінен және Жез қазған комбинатында 1975 жылға қарай технология же тілдірілген жаңа мыс қорыту зауытын іске қосу руда дан мыс бөліп алуды 97,598 пайызға дейін жеткізеді деп күтілуде. Бұл көрсеткіштер отандық практикадағы ең үз дік көрсеткіштер қатарынан орын алып, озық шетелдік кә сіпорындар деңгейіне дейін көтерілетін болады.
«Казцветмет» министрлігінің 1971 жылғы 6тамыз дағы «Кен байыту фабрикалары мен металлургия кәсіп орындарында металдардың бөліп алыну деңгейін жоға рылату жағдайы мен шаралары туралы» №293 бұйры ғында Қазақстан кәсіпорындарында металл бөліп алуды
жоғарылату жөнінде шаралар жүйесін қолдану көлемдері мен енгізу мерзімдері белгіленген.
Салалық ғылымизерттеу институттары сорбциялау, экстракциялау, флотациялау технологиялық үдерістерін пай далану жөнінде жаңа бағыттарды ұдайы жалғастырып ке леді, мұның өзі негізгі және ілеспе металдардың толықтай бөліп алынуын қамтамасыз ететін болады.
СССР Түсті металлургия министрі П. ЛОМАкО
Бұл құжаттарға талдау, түсініктеме қажет емес, бәрі де анық, айқын. Тек бұл жерде депутат Ш. Есеновтің нағыз азаматтығын, халық алдындағы парызын адал атқарған шын мәніндегі халық қалаулысы болғанын мақтана айтып, бүгінгі күннің депутаттарына құлаққағыс, жастарға үлгі дейміз.
* * *
Президент Шахмардан Есеновтің баса көңіл аударған бір мәселесі – кадр таңдау. Қолынан іс келетін, белсенді, талантты адамдарды көтеруден қорықпады, мансабын жо- ғарылатты, жастардың ғылыммен алаңсыз айналысуына жағ- дай жасады. Ғалым ақсақалдарға құрмет көрсетілді, жастар- ды жұмысқа жекті, Мәскеу, Ленинград, Новосибирск қала- ларына аспирантураға, ғылыми атақ қорғауға жіберді. Не, керек, бірден жігерлі жастың келгені сезіліп, жұмыс сер- піліс алды, жаңалық пен жақсылықтың самал желі соға бас- тады. Филология ғылымының докторы, профессор Кәкішов Тұрсынбек былайша еске алады:
– Шахаң алғаш Академиямызға президент болып сай ланғанда айрықша бір серпілісті шақты бастан кешкен едік. Терең ойлы, адамгершіліктен аттамаған, аса көрікті Шахмардан Есенұлын «міне, мынау қазақ!» деп дүниенің қай жерінде де мақтанышпен айтуға болатындай еді.
1968 жылы мен Академиядан кетуге мәжбүр болған едім. Сондай шақта «осындай жігіттер ғылым ордасынан кете беретін болса, оның болашағы туралы, ғылымды да мытуымыз туралы қандай сөз болуы мүмкін», деп Шахмар дан сол кездегі институт басшыларын жазғырғаны бар еді. Оның қандай нәрседе болсын әділдік үшін күресетіні, ғылым
мәселесіне келгенде туысқандықтан да, жершілдіктен де ада екендігі қатты сүйсіндіретін.
Шынын айтар болсақ, Шахмардан Есеновтің прези дент болған шағында Академияда ғылыми серпіліс айқын байқалған болатын. Көре алмаушылық та, күншілдік те үлкен ғалымның, қабілетті ұйымдастырушының қолын қат ты байлады. Бірақ ешкім де оның ғылыми ізденістеріне ке дергі келтіре алмады. Ол ғылымның серісі болды. Ол қандай жағдайда жүрсе де әлсіздікке жол бермеді. Ол баршамызға азаттық өнегесін көрсетіп кетті».
Осы ойды қазақтың белгілі ақын қызы Әбдірахманова Тұрсынхан толықтырады:
- Өз бетіммен барып Академияның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фольклор бөліміндегі бос орынға жарияланған конкурсқа қатысып едім, өте алмадым. Конкурстан он үш жыл жұмыс тә жірибесі бар, ғылым кандидаты, ақын мен өтпей, инсти тут партасынан жаңа ғана тұрған жас жігіт өтті. Мені Президиумның координация, информация және патентове дение кеңесі деген бөлімінің кіші ғылыми қызметкері етіп жіберді. Бұл 1966 жылдың маусым айының іші еді. Ке лер 1967 жылдың қаңтар айында өткен жылдың демалы сын алып, Мәскеу түбіндегі Переделкино шығармашылық үйіне жолдама алып, онда барып «Дала қыздары» поэмам ды аяқтап қайтпақ болып жүргенімде «ойбай, президент өзгерді» деген сөз дүңк ете қалды. Естігеніміз сол еді, іле шала Академияға президент болып Шахмардан Есенов кел ді. Мен демалысымды алып Мәскеуге ұшып кеттім. Бір ай Мәскеуде болып, поэмамды аяқтап, көңілді оралсам, бөл меде бірге отырған жігіттер:
- Ой. Тұсеке, сізге бір жақсылық болады,– десіп отыр.
- Иә, не жақсылық? Оны қайдан білдіңдер? – дедім. Сөйт сем, мен кеткен соң кешікпей Шахмардан Есенов Академияның құрамымен танысуын орталық аппараттан – президиумның бөлімдерінен бастапты. Біздің бөлімге кіріп, іспен, жігіттер мен танысып, олардың талаптілектерін тыңдап алыпты. Тізімнің соңындағы менің фамилиямды оқып отырып:
- Ақын, филолог. Патентоведение бөлімінің кіші ғылы ми қызметкері. Қызық екен, – депті. Сөйтіп біраз ойланып отырып, блокнотына жазып алыпты. Жігіттердің бірі:
- Бізде кейде мұндай жағдайлар болып тұрады ғой, Шаха! – депті.
- Өзі қайда?
- Демалыста. Таяуда келуі керек.
Жігіттер осыдан қорытынды жасап, маған бір жақ сылық болар, өз мамандығына жіберер деп болжапты. Бұ лар маған:
- Қазір ол кісі институттармен танысып жүр. Оған бірекі ай кететін шығар. Март айының ішінде Сіз өзіне кіріп шығыңыз, – деген кеңес берді. Мен солай істедім де. Шахмардан Жорабекұлы:
- Мен Сізді, сіздің жағдайыңызды білемін. Жігіттер айтқан. Бірер ай шыдай тұрыңыз, содан кейін бір ретін та бамын,– деді. Мен рахметімді айтып шығып кеттім.
Осыдан бір ай өткенде мені өзі шақырды.
- Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің екі ғылыми хатшы сының бірі КазПИге оқытушылыққа ауысады екен. Сильчен коның ұсынысын қабылдамай жібердім. Өйткені Сізді ғылыми хатшылыққа жібергім келеді. Қалай қарайсыз? – деді.
Мен бір сәт толқып кеттім де, көп күттіруді ыңғайсыз көріп, жарайды, – дей салдым.
Міне, таным мен талғам осындай-ақ болар. Содан Тұр- сынхан апайымыз керекті құжаттарын жинап, тапсырып, конкурстан өтіп, Академияның Әдебиет және өнер институ- тына, академик-сыншы Мұхаметжан Қаратаев басқаратын
«Кеңес әдебиеті» бөліміне кіші ғылыми қазметкер болып ор- наласып, талай жылдар жемісті еңбек етті, докторлық дис- сертациясын қорғады. Халық жазушысы атағына ие болды. Қазақтың ақын қызы бұл оқиғаны өле-өлгенше айтып, басқа- ларға үлгі етіп, ақырында естелік етіп жазып, бүгінгі ұрпақ- қа қалдырып кетті.
* * *
Әдетте «болашақ жастардікі» деп, әдемі сөзді аямай ай- тып жатамыз да, оларға қамқорлық жасап, көмектесуге кел- генде керенау тартып қалатынымыз бар. Рас, Ғылым Акаде- миясында соңғы жылдары жас зерттеушілер саны азайып, үлкендер орнын басатын ғалымдар тәрбиеленбей, ғылымға тартылмай қалғаны рас-тын. Осы кемшіліктің орнын тол- тыру жаңа президенттің басты мақсаттарының бірі бол-
ды. Әрине, президент Сәтбаев тұсында дүркіреп өскен көп жастың бұл кезде жастары ұлғайып, орнын басар жас тол- қынды өмірдің өзі талап етіп тұрды. Есенов дарында жастар- ды күрделі жобаларға қатыстырып, жаңа, жақсы идеяла- рын қолдап-қолпаштады. Түрлі зерттеу жұмыстарына ғы- лыми байқаулар өткізіп, жеңімпаздарға материалдық көмек көрсетілді. Мұндай әрекет жас ғалымдардың құлшынысын оятып, зерттеу жұмыстарына деген ерекше бір ынтасын ту- дырды. Не керек, жаңа президенттің, жаңа басшының ке- луімен Ғылым Академиясында ғылымға жаңаша көзқарас, өзгеше бір серпіліс пайда болды.
Жастарға байланысты бірде «Білім және еңбек» журналы- ның тілшісі президент Ш. Есеновке былай сұрақ қойыпты:
Тілші: Жастар – ғылым болашағы. Аға буын ғалымдар ісін жастар жалғастыратыны сөзсіз. Осыған орай респуб лика ғылымындағы жастардың орны мен өзіңіз басқарып отырған Ғылым Академиясының жас ғалымдарға жана шырқамқорлығы жайлы айтып берсеңіз екен?
Ш. Есенов: Талант жас талғамайды. Ғылым тарихына жүгінсек, талайталай ғажайып жаңалықтар ғалымдар дың жауқазындай жас шағында ашылғанын байқаймыз. Ғылыми статистикаға қарасақ, аса ұлы жаңалықтардың көбін 2640 жас арасындағы ғалымдар ашыпты. Халқымыз
«ақыл –жастан» деп тегін айтпаған болар. Сондықтан да ғылым жолына түскен жас қауымнан күтеріміз мол. Қазір біздің елімізде күрделікүрделі ғылыми проблемалар мен жас ғалымдардың көптеп шұғылдануы қуантады. 1965 жылғы мәліметке қарағанда СССР Ғылым Академиясының орталық аппаратындағы ғалымдардың орташа жасы –38 жас екен. Ал, СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімінде бұл көрсеткіш 33ке, Украина Ғылым Академиясының ки бернетика институтында 26 жасқа тең. Ал, біздің респуб ликамыздың Ғылым Академиясында ғалымдардың орташа жасы – 37.
Қазақ ССР Ғылым Академиясында жас ғалымдарды дайындау ісі ешқашанда назардан тыс қалып көрген емес. Ғылымизерттеу институттарымызда істейтін творчес тволық коллективтердің дені жастар. Республика Ғылым Академиясының институттарында 800ден астам жас ғы лыми қызметкерлер, 400 ге жуық жоғары білімді инженер
мамандар жұмыс істейді. 500ден астам жас жігіттер мен қыздар апирантурада оқиды. Бірақ осы ретте айта кетер бір жәйт – ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары арасында жастар әлі де болса аздау. Әсіресе, физикама тематика, биология, медицина мен техникалық ғылымдар саласында жастар жеткіліксіз. 1963 жылға дейін жа сы 35тен төмен бірдебір ғылым докторы болмаса, қазір олардың саны екеу. Ғылым кандидаттарының 22 проценті жастар.Оның ішінде 35 проценті қазақ жастары. Бұл, әри не, бүгінгі күнгі өскелең талаптарды қанағаттандыра ал майды. Осыған орай Академияда жас ғалымдардың кеңесін құрдық. Ол жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін, твор честволық белсенділігін арттыру мақсатымен республи калық жас ғалымдар конференциясын өткізді. Бұл конфе ренция талантты жас ғалымдардың ғылыми ізденістерін, табыстарын қалың көпшілікке танытып, олардың творчес тволық өсуіне әжептеуір әсер етті. Осыған бірекі мысал келтірейік.
Республика Ғылым Академиясының Қаныш Сәтбаев атындағы геология ғылымизерттеу иеститутының жас ғалымы А.Қайыпов бірнеше жылдар бойы АқбастауҚұс мұрын ауданындағы колчедан кен орнын зерттеп жүр генді. Жас ғалымның зерттеулері Одақтың көрнекті ға лымдарының назарын аударды. Бірнеше үлкен конферен цияларға қатысып, баяндама жасады. Ал, А. Қайыповтың әріптесі Еділ Ерғожин біздің Академияның химия ғылым дары институтында жұмыс істейді, 25 жасында хи мия ғылымынан кандидаттық диссертация қорғады. Еділ қазірдің өзінде 36 ғылыми еңбектің авторы, халықаралық ғылыми симпозумға қатысып, баяндамалар жасап, құнды зерттеулерімен көзге түсуде.
Бұл екі ғана мысал. Осындай жарқын мысалдарды көп теп келтіре беруге болады...».
Сол кездің жас ғалымы, ғылыми-зерттеу еңбегімен кон- курсқа қатысып, жүлдегер атанған, кейін академик атанған марқұм Әбділдин Мейірхан ағамыз былай депті:
- 1966 жылы шілде айында Ленинградтан Алматыға қайтып, Астрофизикалық институттағы қызметімді жал ғастырдым. 1967 жылы, қазан айында Қазақстан Ғылым Академиясында бірінші рет жас ғалымдардың ғылми кон
ференциясы және ғылыми еңбектерінің конкурсы болды. Оған мен де қатыстым. Жұмыстың аты: «Жалпы салыс тырмалылық теориясының тағы бір интерпретациясы». Конкурс нәтижесінде бірінші орынды биолог М. Айтхожин (кейін ҒАның президенті) алды, екінші орында физик мен (кейін ҒА академигі, ҚазМУдың ректоры) алдым, үшінші орынды химик Е. Ерғожин (кейін академик, ҚазМУдың рек торы) алды».
Бәрі де рас, бәрі де шын.Отыз тоғыз жасында президент атанған ол әуелі ел басшыларының сенімін, көптің үмітін ақ- тауды ойлады. Соның ішінде жастар мәселесін, оларға де- ген қамқорлығын ұмытқан жоқ. Әсіресе,жергілікті ұлт өкіл- дерін көтерді, ұлттық кадрлардан академиктер қатары то- лықтырылды, корреспондент-мүшелер саны көбейді. Оған бұл әрекеттері үшін тым ұлтшыл деген де кінә тағылды. Соған қарамастан, қазақтың жас, әрі білімді жігіттері мен қыздарын маңдайынан қақпай өсірді, жетекші қызметтер берді. Жоғарыда айтылған әңгімелер сол жылдардың, сол кездің жастарының шындығы.
* * *
Негізінде, Ш. Есеновке абырой мен бедел әкелген оның ұстазы Қаныш Сәтбаевқа ұқсаған жан-жақтылығы. Оны ғы- лым мен әдебиет, ғылым мен жазушылық өнердің, тарих пен көркем әдебиеттің арақатынасы әрқашан қызықтырып, толғандырып отырған. Бұған оның қаламынан туған мақа- лалары мен уақыт мәселелерін көтерген толғамдары дәлел болады. Ол оқымаған әлем әдебиеті мен қазақ жазушыла- рының көрнекті шығармалары жоқтың қасы деуге болады.
Бірде ол Қазақстан Жазушылар Одағында қаламгерлер алдында сөз сөйлеп, әдебиеттің жетістігі мен кемшілігіне көңіл бөліп, кәнігі сыншылардай ой сараптады. Сол сәтте риза болған ақын Оразалин Нұрлан:
Біздің Шахаң сөйлегенмен сиретіп, Ойларымен кетеді ылғи күйретіп. Бар мен жоқты қояды да орнына, Білігімен кетеді елді үйретіп. –
деп, жиын үстінде бір шумақ өлеңді жазып тастапты.
Сол жолы Шахаң қаламгерлер алдында былайша сөз сап- тапты:
- Сөз қадірін айрықша бағалаған халқымыз: «Жылқы өнері – жорғасы, жігіт өнері – қызыл тілі» деп, текке айт паған. Өкініші өксікке, асыл арманы ащы зарға айналған шақтарда туған халқының жүрегіне жылу берген, сөз мар жанын тізген қызу қанды, алғыр ойлы ақындар, жырау лар, салсерілер болғаны белгілі. Қой бастаған ай мүйізді ақ серкедей, олар өз халқына ұстаздық үлгі таратты. Жадау көңіліне жарқын ойдың нұрын септі. Сондықтан да халық өздерінің ақындары мен жырауларын ең аяулы, абзал аза маты санады. Еліміздің сөз өнеріне сол ыстық ілтипаты мен іңкәрлігі әлі де ортайған жоқ. Әсіресе, бүгінгі заманда ортаймақ та емес.
Жер қыртысын ақтарып кен іздеген геологтай, жазу шылар да адам жанының бар қыртысқалтарыстарына те рең үңіліп, қалт жібермей тап басады. Аспан әлеміне көз тіккен астрономдай, адамзат тарихын алыстан қозғап, ертеңгі болашағымызды қиялмен шолып, байлам айтады. Шәкіртке тәрбие үйреткен ұстаздай оқырмандарының адам дығын, адалдығын шыңдайды, жаны сұлу, үлкен парасат ты болуға баулиды.
Мен жазушы емеспін, бірақ, жазушыларымыздың қала мынан туған шығармаларының бәрін болмаса да, көбін оқып жүретін жайым бар. Әдебиеттің арнаулы мәселесі туралы пікір айту маған, әрине, қиын. Әйтсе де көңілде жүрген бір жайларды ортаға сала кетуді артық көрмедім. Ол – ғылым мен жазушылық өнердің байланысы хақында.
Қазақ Ғылым Академиясында әдебиет пен өнер, тіл бі лімі, тарих, археология және этнография, философия мен право, экономика институттары бар. Олар халқымыздың сонау көне заманнан бастап, күні бүгінгі кезеңіне дейінгі та рихын, мәдени, рухани байлығын зерттеп, қоғамымыздың өсу жолын, даму ерекшелігін танытып келеді. Ал, ғалымдардың осы саладағы еңбектері жазушыларға да пайдасыз еместігі белгілі. Ғылыми жетістіктер ең алдымен әдебиетіміздің тақырып шеңберін кеңейтуге, оның проблемалық мәселелер қозғауына мүмкіндік береді...
Біздің тарихшыларымыз архивтің мол қазынасын ақ тарып, көптеген жаңа мағлұматтар табуда. Тарихшылар
мен әдебиетшілеріміз қазіргі туысқан халықтарға ортақ мәдени, әдеби мұраларды тереңдей зерттеуге кірісті.
Қаншама ғасырлар бойы дүние жүзі бас иген, «екінші Аристотель» деп санаған ұлы ғұлама Әбунасыр ӘлФара би өзіміздің жерлесіміз екендігін таныдық. Оның ұлы ой лары дүние жүзі халықтарының көптеген тілдеріне ауда рылумен қатар, қазірде ұлы ғалымдар отаны – Кеңес елін де, орыс тілінде сөйлей бастады. Көп ұзамай ӘлФараби өзінің жерлестерінің тілінде – қазақ тілінде де тұңғыш рет сөйлемек.
ӘлФарабидің туғанына 1100 жыл толып отыр. Ұлы адамдар, белгілі бір ұлттан шыққанымен, өзінің еңбегі ар қылы жалпы адамзатқа ортақ тұлғаға айналады. Фараби де сондай. Оны мақтаныш тұтуға бір қазақстандықтар емес, барша совет халқы да хақылы. Осы бір датаны дүние жүзінің озық ойлы адамдары да үлкен ықыласпен, пейіл мен атап өтпекші. Ал, ғылым бағасын танитын, ғалым қа дірін қастерлейтін Кеңес елі үшін бұл юбилейдің маңызы айрықша екені түсінікті. Сондықтан да бұл оқиғаға тек ғалымдар ғана емес, жазушы жолдастар да белсене атса лысады деп сенеміз...
...Ғалымдар өмірі – көркем шығармаға өзек бола алатын өнегелі өмір. Ғылыми ортадан, ғалымдар өмірінен романға да, драмаға да, тіпті комедияға да материал табылады. Ғалымдар өмірінен реалистік туынды жазуға да , ғылыми фантастикалық еңбек жазуға да болады. Тек өкініштісі, біздің жазушыларымыз ғалымдар өміріне көп бара бермей ді, зәуде бір бара қалғандары тақырыпқа тереңдеп кірмей, көбіне сыртқы көріністерді қанағат етеді.
Сөз соңында мынадай тұжырым айтқым келеді: ірі ға лым жазушы емес, ал, ірі жазушы – әрі ғалым. Жазушылық өнер мен ғылыми жетістіктердің үнемі табысып, тоғысып жатуы көркем әдебиетіміздің тақырыбын да кеңітеді, ішкі мазмұнын да байытады. Бұл өскелең мәдениеттің, өнегелі әдебиеттің үрдісі болмақ!
Сөз саптасын байқаған боларсыз! Тұнып тұрған терең ой, қазып ал да қажетіңе жарата бер. Тура бір әккі сыншы- лардай сөз саптайды, сөз саралайды! Адам жанының тұң- ғиығына бойлай отырып шешен сөйлейді. Тілінің тазалығы, логикасының мықтылығы, ойының тереңдігі таң қалдырады.
Әр сөз, сөйлемінде мән мен мағына бар. Алайда, біз ғалым сөзін қысқартып, өзімізге қажетті-ау деген жерін ғана алдық. Бәрін оқысаңыз Есенов білімінің шалқар-теңіз екеніне көз жеткізесіз. Ол кәнігі әдебиетші іспетті, қазақ әдебиетінің же- тістігі мен кемшілігін, оқырман сұранысын саралайды.
Қараңызшы, Есеновтің жазушы хақында мына тұжыры- мы қандай әдемі, әрі дәл: «ірі ғалым жазушы емес, ал, ірі жа- зушы – әрі ғалым». Инемен құдық қазғандай, адам жанын түсінсем деп «ұңғы қазатын, барлау жасайтын» жазушы тір- шілігі шынында да дала кезіп, тау мен тастан сыр іздеген геолог-барлаушыдан бірде-бір кем емес. Ол сол бір қиын да қызық мамандықтың қыры мен сырын жалпы оқырман біл- се, қызықтаса екен, сосын жастар жағы қызықса екен деген ізгі ниетпен қаламгерлерге қиыла тұрып, тілек, сосын та- лап қояды. Біздің көз алдымызға ұстазы Қаныш Сәтбаев ке- леді. Ол халықтың бай ауыз әдебиеті мен тарихын бір кісі- дей білетін, халық әндері мен күйлерін жинаттырып, қазақ ұлтын қатардан қалдырмасам деп, биік мінберден ұлтқа қатысты ұлы мәселелерді көтеріп өткен каһарман еді! Да- рынды жасты көрсе аңқылдап, шын пейілдерімен қуанатын ақ жүрек ақын-жазушылар сол жолы Шахмарданның сөзіне қарап, өзін танып, болашағынан үміт еткен. Қоғамның бағыт- бағдарын барлаушы – ақын мен жазушы жас ғалым, жас бас- шыны тануда шынымен-ақ қателеспеген еді...
Бұл хақында академик Бекжанов Ғинаят біраз таратып айтады:
- Академияда ол өзінің ұстазы Қ.И. Сәтбаев қалыптас тырған негізгі дәстүрлерді жалғастырды. Қазақстан үшін өзекті және басым ғылыми бағыттарды таңдап алып, ғы лым мен өндірістің тығыз байланысын дамытты, іргелі және салалық ғылымдарды жақындастырды. Ғылымның материалдық, зерттеушілік базасы, приборлық және аппа раттық қамтамасыздандырылуы оның назарынан бірде бір тыс қалып көрген емес. Ш. Есенов қазақстандық ғалым дардың халықаралақ ынтымақтастығына зор маңыз берді, олардың ірі форумдарға қатысуын ынталандырды, өзінің жеке үлгісін де көрсете білді. Ғылыми салада ол Геология институтында металлогения зерттеулеріне жетекшілік жасады. Оның басшылығымен кезінде Қ.И. Сәтбаевтың бастамасымен қолға алынған Өспен тектоникалық аймағы
ның геологиясы мен метоллогениясын кешенді зерттеу жұ мыстары аяқталды. Бұл пионерлік еңбек лайықты бағала нып Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
1967 жылы Ш. Есеновтің және Қаюповтың бастама сымен әрі солардың ғылыми жетекшілігімен Геология ғы лымы институты өндірістік ұйымдармен бірлесе отырып
«Қазақстан металлогениясы» кешенді бағдарламасын же місті аяқтады. Оның нәтижелері 19831984 ж.ж. көптом дық монография түрінде баспадан шықты, ал 1985 ж. ең бекке КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. А. Нұрлыбаев көр сеткендей, «бұл зерттеулердің бастамашысы және бірін ші жетекшісі академик Ш. Есенов сыйлықтан тыс қалды». Неге? Мұндай келеңсіздіктер, өкінішке қарай ол уақыттар да кездесе беретін, жетекші болсын, негізгі атқарушы бол сын ол «ұмытылатын» және ол туралы «үндемейтін» бір кезеңді бастан өткермедік пе.
1974 жылы Ш. Есенов геология министрі болып қайыра тағайындалып, бұл жұмысты тағы да 4 жыл атқарды. Бұл министрліктің өрлеу кезеңі еді, ал оның даму жолындағы алғашқы тастарын Ш. Есенов одан 20 жыл бұрын қалаған. Осы жылдары АқтоғайАйдарлының мысы, Жәйремнің по лиметалдары барланып, Оңтүстік Торғай мұнай кен орын дары табылған кез еді.
Ш. Есеновтің танымалдығы Қазақстаннан шеткеріге, алысқа тарады, оның есімі Мәскеуде, Ленинградта, Киев те, кең байтақ КСРОның басқа да қалаларында, шетел дерде зор құрметпен аталатын. Ол жақтарда Есеновтің пікірлестері және әріптестері ғана емес, Шахмарданды шын жүректен, ізгі тілекпен күтіп алатын жақын доста ры болды.
Шахмарданмен жақын болғандардың ішінен Одаққа есімдері танымал А.В.Сидоренконы, Б.М.Зубаревті, А.Д. Щег ловты, Н.П. Лаверевті, Н.Ф. Карповты және т.б. атауға болады. Ол уақыттарды Мәскеу, біршама Ленинград біз дің көбіміз үшін екінші үйіміз сияқты еді, бізге онда көңіл бөлетін, назар аударатын, түсіністікпен қарайтын. Ал, сон дай көңіл күй өз үйімізде жетіспейтін. Айталық, Есеновті жазықсыз ренжіткенде мәскеулік достары реніш білдірді, оған қатысты әділетсіздікті сынады.
Сол кезеңнің іріірі тұлғалары секілді оның да раушан гүлін ауыстырған тікенді жолмен жүріп өтуіне тура келді.
Академик Г.Н.Щерба былай деп жазды: «Шахмарданның кеңінен танымалдығы оған теріс жағынан әсер етті – көре алмаушылар оның соңына майшам алып түсіп, ақыры өз де гендеріне жетті, қызметінен кетірді. Әрине, әрбір адамның өзіне тән кемшіліктері бар, оның өзі билікпен сыналады». Дегенмен, Шахмарданның көптеген замандастарының пі кірінше ол билік «ауруының» «классикалық» түрінен алшақ тұратын, бұл үшін оның өресі мен санасы жеткілікті еді. Егер бұл «ауру» Шахмарданнан байқалған болса, ол кейбір жоғары санаттағы шенеуніктерге қатысты, сондайақ ас қан амбициялы ғалымдарға қатысты, өсекшілер мен қыз ғаншақтарға қатысты орын алатын. Өзінің әріптестері мен айналасына ол баяғыдан белгілі байыпты да байсалды, еңбек жолын бастаған кездегі Шахмардан болатын.
Бүгінде Ш. Есеновтің Қазақстанның көптеген сый лы адамдарының алдында біз оның адресіне жазықсыз ай тылған айыптауларды аластауымыз үшін негіз бар деп са науға болады. Ол айыптаулар сол кездегі елдегі сынауға ар налған қоғамдықсаяси өмір құйтырқылықтарының айнасы, өкінішті қателіктері екендігі баршаңызға белгілі жайт.
Біз Есенов туралы естелік айтқанда, келер ұрпаққа оның адал бейнесін қалпына келтіріп табыстауымыз қажет. Ел алдына, халқына бірімізге «Шах», бірімізге «Шахмардан Есенов», үшіншімізге «ұлы ұстаз, ғұлама ғалым», болмыс тан қайратты, руханиқуатты, тапсырылған іске таза ни етті, адалдық пен әділет үшін күрескер болған кемеңгер тұлғасын қайтаруымыз керек. Жас ұрпақтың санасына ұялатуымыз керек. Бұл біздің азаматтық парызымыз деп білемін.
Ш. Есенов тұлғасының құбылыс ретінде пайда бо луы бірегей, әрі кездейсоқтық емес. Өткен ғасырдың елуін ші жылдары ғылымда және Қазақстанның минералдыши кізаттық кешенінде Е. Бөкетов, В. Гребенюк, Ш. Есенов, С. Тәкежанов және басқа да жарқын тұлғалар пайда бо лып, олар елдің интеллектуалдық элитасы қатарын толық тырған еді. Бұл ірі инженерлер мен ғалымдардың ортасын да Шахмардан Есеновтің көрнекті орны бар. Интелектуал дар шоғырының минералдышикізаттық кешен сферасын
да өсіп, жетілуі жайданжай емес, объективті заңдылық. Есте болса, соғыс алдындағы және соғыстан кейінгі жыл дары Қазақстанда елдің минералды байлығын игеру қарқын алды. Және көптеген жігіттер мен қыздар осы сала үшін маманинженерлер даярлайтын жоғарғы оқу орындарына көптеп түсті. Тағы бір маңыздысы олардың алдында жол сілтеуші Темірқазық сияқтанып Қ.И. Сәтбаевтың үлгісі жар қырады.
Ш. Есенов, Е. Бөкетов, С. Тәкежанов және басқалардың 50ші жылдары шоқ жұлдыздай көзге түсуі ғасыр басын да Қазақстанға әйгілі болған алаш қайраткерлері, ұлт зия лыларының бірінші легі А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бө кейханов және басқа да қазақ интелигенциясының даңқты өкілдерінің қисынды жалғасындай болып көрінеді.
Бүгінде Шахмардан Есенов туралы айтқанда бұл шын дық отбасына, достарына, әріптестеріне ғана емес, әсі ресе болашақ ұрпаққа маңызды. Олар өздерінің түптамы рын білсін, қазіргі Қазақстанның негізін қалағандар тура лы білсін, мұның өзі демократиялық, өркениетті қоғам құру үстіндегі Қазақстан тарихы үшін аса қажет.
Ш. Есеновтің жақын әріптестері мен замандастары айтқандай «Ш. Есенов – геологиядағы бүтін бір дәуір».
Қазақстанның жер қойнауын игеру жөніндегі кең кө лемді эпопеяда Ш. Есенов өшпес із қалдырды. Оның қазақ ғылымына, мәдениетіне сіңірген еңбектері де шексіз...
Бұл пікірді Ғинаят Бекжанов ағамыз Шахмардан Есенов- тің 80 жылдық мерейтойы кезінде барша жұрттың алдында айтқан. Біз сол ағаға таяуда тағы да айтары бар ма екен деп бардық. Ағамыз былай деді:
- Біз кезінде шындықты ашық айта алмадық. Құдайға шүкір, қазір сөз бостандығы бар ғой, сондықтан айту керек, айтылуы керек. Бұл бір біреуді жамандап, Есеновтің құнын көтеру үшін емес, болашақ жастар біздің қателіктерімізді қайталамас үшін қажет, – деді, сексеннен асса да қызметтен қалмаған Бекжанов Ғинаят ағамыз. – Біз Шахмардан екеуміз бір жылдың төліміз, тек ол менен екі айдай үлкен болатын да «ағаны сыйлау керек!» деп, кейкейде өз ұпайына қажет бола қалған жағдайда қалжыңға басатын. Жаны жайсаң, парасатты, өте сұлу адам еді. Әріптес болдық, бәріміздің мамандығымыз жер астының кенін іздеу, яғни, геологпыз.
Өміріміз араласқұраласта өтті. Оның тұлғасы қандай келісті, алып болса, жандүниесі де сондай таза, жоғары дәрежеде ойойлап, іс бастайтын кемеңгер еді. Шахмар дан ғұлама ғалым Сәтбаев бастаған геология ғылымының проблемаларын зерттеп, өз жаңалығын қосқан нағыз ғалым болды. Ғалымдар ортасында Сәтбаев пен Есенов басқарған тұсты «геологияның алтын ғасыры» деген тұжырымдама бар. Бұл шындық. Жазған мақалаларымда мен де осы тұжы рымдаманы дәлелдеп, ашуға ұмтылып келемін.
Ресми орындарда болмаса, мен өзім оны «Шах» деп атаушы едім, шын мәнінде ол осы атауға ылайықты бол ды. Өкініштісі сол, Шах нағыз кемелденген кезінде, өмір тәжірибесінің молайған тұсында оны қызметтен әділетсіз алып, боларболмас нәрсені кінә етіп тағып, көп жәбірледі. Бұл ел басқарған басшылардың да, әсіресе, Д. Қонаевтың да кемшілігі еді. Қонаев оны нағыз керек кезде, өзіне қа жет болған – Геология министрінің қызметін, Ғылым Ака демиясының жұмысын көтеру керек болған тұста жақсы пайдаланды. Ал оның абыройатағы өзінен асып бара жат қан соң, «үлкен орбитадан» шығарып тастады. Оның ор нына ылайықты деп өзінің інісі Асқар Қонаевты тарт ты. Ал, Асқарды өсіріп, докторлығын қорғату үшін бар жағ дайын жасаған Шах болатын. Оны талай көзіміз көрді ғой. Докторлығын қорғап болған соң Ғылым Академиясына кор респендентмүше жасады, сосын вицепрезидент болды. Асқарға тағы бір конкурент академик, жазушы Бөкетов Ебіней еді. Олар оның да мойнын қайырып, «үлкен орбита дан» шығарып тастады. Ол кезде металлургия саласында Ебінейден артық білгішің жоқ еді. Және ол екі тілде, орыс пен қазақ тілінде еркін сөйлейтін шешен, сандар мен фак тілерді жатқа айтатын нағыз сұңғыла ғалым болатын. Орыстар айтады ғой «отстреляли» деп, сол сияқты еке уін де: Шах пен Ебінейді де бір оқпен атып түсірді. Бұған Қонаевтың өзінен гөрі ортасы «құштар» болдыау дей мін. Егер екеуінің біріне шыныменақ ел билігі тиді ме, он да Қонаевтың айналасындағылардың, жағымпаз бен жыл постардың бәрі жылы орындарынан айрылатын еді. Шах пен Ебінейдің ең жек көретіні жағымпаздар болатын, олар екеуінің де маңайына жолай алмайтын.
Соғыстан кейін таукен геологиясы мен металлургия саласында «жарылыс» болды десем өтірік айтқандық емес. Өйткені, соғыс жылдарында қаружарақ шығару үшін ме талға деген қажеттілік күшейді де, кен көздерін жедел детіп табу керек болды. Сол кезде Үкімет бұл салаға көп көңіл бөлді, оқу орындарын ашып, жастарды соған шақыр ды. Қазақстандағы «жарылысты» жасағандар қатарында Шахмардан, Ебіней, Далабай, Темеш тұрды.
Олар дос болды, бірбірімен жиі араласып жүретін. Да лабай Балқаштағы комбинат директоры болды, Темеш пен Ғазиз Жезқазғанда үлкен бастық болды... Республиканың ши кізат қорын молайтуға қосқан олардың үлесі ұшантеңіз. Бұлардың достығы бірбіріне адалдықтан көрінеді. Мына бір оқиға менің есімнен кетпейді. Шах Академияға президент бо лып тұрғанда Ебіней корреспендентмүше болатын. Содан ол академик атағын алу үшін сайлауға түсті. Академиктік атақ алу үшін Ебінеймен бірге корреспендентмүшелер Жа мал Қаңлыбаева мен Патшайым Тәжібаева түсті. Қара жер хабар бермесін, марқұм Патшайым, өмір бойы айнала сындағы адамдарға риза болмай, кекірейіп жүретін біреулер болады ғой, сондайдың сортынан еді. Қарап жүрмей, арыз жазып, өсек таратып та қоятыны болатын байғұстың. Осыны білетін айбарлы академиктер Патшайымды өткіз гісі келмеді, олар Шах айтса да тыңдамады. Содан не ке рек, Патшайымды да, Жамалды да өткізбей тастады, Ебінейге де академиктік атақ бұйырмады. Қараңыз, егер ақымақ адам болса Ебіней тасталқан болып, «сенің досты ғың осы ма, несіне президент болып отырсың?» деп ашула нып, Шахтың есігін қатты жауып кетер еді. Жоқ, ол до сын түсінді. Ол да шарасыз еді, бәрі де Үлкен үйдің тап сырмасын орындауға мәжбүртін. Бәрінен бұрын Жамалға қиянат болды, екі түрлі ситуацияның ортасына түсіп, бостанбосқа күйіп кетті. Шыныменақ күйіп кеткен бо луы керек, бір күні Ебінейге, «президенттің үстінен арыз жазайық» депті. Ебіней ондай пендешілікке өмірі бармай ды, мен білемін ғой оны. Қайта оған: «Жамал, ешкімнің сөзіне ерме, өз қабырғаңмен кеңес, ақылсыз әйел емессің ғой...» деп, райынан қайтарыпты. Бұл оқиғаны маған кейін нен Ебінейдің адамгершілігіне риза болған Жамалдың өзі айтып еді. Шынында да Жамал нағыз ғалым болатын, еш
кімнің қолпашқолдауынсыз өз еңбегімен жетті бәріне де. Бірақ Патшайым Тәжібаева мен Смет Кеңесбаев екеуі Шахтың үстінен қайтақайта арыз жазып, академияның берекесін қашырды. Кейіннен олардың атына жазушыдра матург Қалтай Мұхамеджанов газетке ашық хат жазып, әрекеттерін әбден әшкереледі. Кеш еді, кеш болса да шын дық айтылды.
Сол кездерде Ебіней 50 жасқа толып, құттықтауға Ал матыдан Әбділда Тәжібаев, Кәкімбек Салықов, Шахмардан және мен Қарағандыға бардық. Ебінейге «Үлкен үйдегілердің» қырағы көзінің түсіп тұрған кезі ғой, торқалы тойын рес торанда өткізе алмай, тар пәтерінде, қырықшақты адам ортасында өткізді. Күндіз университеттің кіші залында ғылыми конференция болып, онда Ебінейдің туған күні ата лып өтті. Әлі есімде сонда Шахмарданға Ебіней: «сен сөй лемейақ қой, бұл жерде «Үлкен үйдің» тыңшылары жүр, ертеңақ жеткізеді, зияным тимесін саған!» деді. Оған қа раған жоқ, Шах Ебінейдің ғылымда қол жеткізген табыс тарын, әдебиеттегі талантын, басшылықтағы ұйымдас тырушылық қабілетін айшықтап, әдемі етіп айтып шық ты. Бәрінен бұрын Ғылым Академиясы президентінің осы лай келіп, сөз сөйлеп, құрметтеуі университет коллективі үшін үлкен оқиға болды. Шах президенттік жолынан гөрі достық ниетін ұстанды, тойда тамада болды, көңілге қо нымды көрікті сөздерін аямай айтып, Пушкин мен Абайдан өлең оқыды, не керек кештің көркін кіргізді.
Өсіп келе жатқан жас өрен Шахмардан мен Ебінейдің достығынан үлгі алуы керек. Олар мансап пен биліктен дос тықтарын биік қойды, пендешілікке ұрынбады, аралары на түсіп арандатпақ болғандарға құлақ аспады. Бүгінде арамызда жоқ асыл азаматтар туралы ыждаһатты ай туымның бар сыры да сонда...
Біздің Ғинаят ағаның сөзіне алып қосарымыз жоқ. Дос, замандас, әрі әріптес болған адамнан артық асырып кім не айта алар дейсіз...
* * *
Мына бір құжатты біз Ғылым Академиясының мұраға- тынан кезіктірдік. Оның мазмұны, мұсылманшалап айтқанда
«өлі риза болмай, тірі байымайды» деген пәлсапаға саяды.
Әдетте, қызмет істеп, зейнеткерлікке шыққан соң ешкімге керек еместей, жұртта қалған қараша үйдің күйін кешетініңіз шындық қой. Бір кезде бірге қызмет істеп, «сіз-біз» дескен әріптестеріңнің өзі көзден кетісімен, көңілдерінен де өші- ріп тастап жатады. Жас президент Шахмардан олай етпе- ді, өздерімен-өздері оңашаланып, академиядан қол үзіп қал- ған қарт ғалымдардың, академик-профессорлардың хал- жағдайын сұрастырды, қызметкерлерін жіберіп хабар ал- ды. Халық айтпай ма, қарттық пен жоқтық егіз деп, кайбір хал болсын зейнеткерлерде. Оның үстіне барлық зат тап- шы болып, нағыз тоқыраған кезіміз емес пе еді. Бар жағ- дайға қанық болған соң тез арада комиссия құрылып, Ака- демия Президиумы қаулы қабылдап, зейнеткер ғалымдарға моралдық та, материалдық та көмек көрсетілді. Қайтыс бол- ған адамдардың басына барып, құлаған, бұзылған бейіттерін жөндеп, тұрған үйлеріне белгі тақта орнатуды да дәстүрге енгізді. Ол үшін Үкіметтің арнайы рұқсатын алды. Жаңа, әсі- ресе жас президенттің мұндай қамқорлығына риза болып, алғыс айтпаған адам кемде-кем шығар-ау. Шахмарданға бұл қасиет қайдан келді деп таң қалу орынсыз, ол бұны қартын қараусыз қалдырмайтын кәдімгі қазақи қағидадан, ұлттық үрдістен алып отыр еді.
Қазақ кСР Ғылым Академиясы президиумының қаулысы
Алматы қ. №178 17қазан 1968 ж.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының қайтыс болған мүшелерін және басқа да көрнекті ғалымдарын мәңгілік есте қалдыру жөніндегі ұсыныстар
Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі А.Н. Нү- сіпбековтің (комиссия төрағасы) қайтыс болған Қазақ КСР Ғылым Академиясының академиктері мен корреспондент- мүшелерін мәңгілік есте қалдыру және олардың отбасына көмек көрсету жөніндегі хабарламасына сәйкес Қазақ КСР Ғылым Академиясы президиумының қаулысы:
- Қазақ КСР Ғылым Академиясының қайтыс болған мүшелерін және басқа Академия ғалымдарын мәңгілік ес- те қалдыру жөніндегі Комиссияның ұсыныстарына қолдау көрсетілсін.
- Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне Қазақ КСР Ғылым Академиясының академиктері М.П. Русаковтың, В. ,
Р.А. Борукаевтың, Қазақ КСР Ғылыми Академиясының кор- респондент-мүшелері А.И. Безсоновтың, Е.С. Ысмайыловтың, Е.Б. Бекмахановтың, Н.Г. Сергиевтің, П.Я. Авровтың және тарих ғылымының докторы, профессор Т.Е. Елеуовтің мола- сына ескерткіш тақта қою үшін қажетті қаржы бөлу туралы мәселені қарастыру жөнінде өтініш жасалсын.
- Республикадан тыс жерлерде қайтыс болған Академия мүшелеріне ескерткіш тақта орнату мүмкін еместігіне байла- нысты Қазақ КСР Ғылым Академиясының бас ғимаратында барлық академиктер мен корреспондент-мүшелерінің порт- реттерін ілуді ұйымдастыру қажет деп табылсын.
Қазақ КСР Ғылым Академиясының іс басқарушысы ж. А.И. Шостынге сол ғалымдардың портреттерінің бірыңғай эскизін жасау және оны Қазақ КСР Ғылым Академиясы пре- зидиумының қарауына ұсыну тапсырылсын.
- Қайтыс болған академиктер мен корреспондент-мү- шелерді мәңгілік есте қалдыру жөніндегі комиссияға ғалым- дардың отбасына көмек көрсету ұсынылсын:
а) қайтыс болған Академия мүшелерінің ескерткіш аль- бомы жасалсын, онда қайтыс болған ғалымдардың өмірбаян- дық мәліметтері және фотосуреттері, сондай-ақ оларға ор- натылған ескерткіштердің фотокөшірмелері берілсін;
ә) республикадан тыс жерленген Академия мүшелерінің бейіттерінің жағдайы анықталсын.
Қазақ ССР Ғылым
Академиясының президенті Ш. Есенов
Қазақ ССР Ғылым Академиясы президиумының академикхатшысы
қызметін атқарушы Ж. Ержанов
Иә, бұл о дүниелік болған жандарға тірілердің көрсеткен құрметі мен парызы деп ұққан дұрыс шығар. Тоқтаңыз, тек
құрмет пен парыз ғана ма? Шын мәнінде олар Қазақстан ғылымының аяғынан нық тұрып, басқа республикалар ака- демияларымен терезесінің тең болып, ғылым ордасын құ- руға ат салысқан нағыз ғалымдар мен азаматтар емес пе! Сондықтан тек құрметтің айналасында қалмай, бүгінгі жас- тарға олардың еңбегі мен ел үшін атқарған қызметтері, ашқан жаңалықтары туралы айту шын парызымыз.
* * *
Қаншама ғасырлар бойы дүние жүзі бас иіп, «екінші Аристотель» деп қабылдаған ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл-Фа- раби біздің жерлесіміз – қазақстандық екенін баршамызға кеңінен танытқан геолог-барлаушы, академик Шахмардан Есенов екенін біріміз білгенмен, көбіміз білмейді екенбіз. Неге? Сұрақтың жауабы біреу, бүгінгі тілмен айтқанда «жар- намасы» жоқ, жазылуы кем, айтылуы аз. Осы жерден тоқтай тұрып, әңгімені басынан бастайық.
Ең алғаш осы әл-Фараби біздің жерлесіміз болар-ау деген болжаммен ұлы ғұламаның өмір жолын, оның еңбектерін та- уып, зерттей бастаған ғалым Ақжан Машанов. Бұл біздің емес, қызметтес болғандардың пікірі, баспа бетінде қалған мәлімет. Ол 1958-1959 жылдары Кеңес Одағындағы ірі-ірі кітапханаларды аралап, әл-Фараби еңбектерін тауып, оның трактаттарымен жұртшылықты алғаш таныстырған. Сол трактаттарының бірін- де ғұлама өзінің Фарабтан шыққанын меңзейді. Сол-сол екен Машанов байланыс ауқымын кеңейтіп, шетел кітапханаларына хат жаза бастайды. Экономика ғылымының кандидаты, Орталық ғылыми кітапхана директоры Н.Б.Ахметова мен өз атынан Қа- зақстан Ғылым Академиясының президенті Қ.И.Сәтбаевқа про- фессор Брунелланың неміс тілінде шыққан: «Государственное управления по ал-Фараби» еңбегінің бір данасын алдырту үшін 1960 жылдың 15-қараша күні өтініш жазады. Бұрыннан да әл- Фараби есімінен хабардар Қанекең бұл игілікті бастаманы қуа- на құптап, өтініш хатқа «іске асырылсын» деген бұрыштама қойып береді. Осыдан бастап Фараби еңбектерін зерттеу мен іздеу басталады.
Алайда, араб, парсы тілдерін білетін мамандардың аз- дығынан ба, қамқоршы-басшы Сәтбаевтың науқастанып қа- луынан ба, әйтеуір, басталған іс осымен тоқталып қалады. Тек ғалым Машанов зерттеуін тоқтатпай, «Философияға кі-
рісер алдында не керек?» деген әл-Фараби мақаласын араб- шадан қазақшаға аударып, ол «Білім және еңбек» журналы- ның 1962 жылғы бірінші санында жарияланады. Аударуға көмектескендер араб тілін білетін қария Сәдуақас Ығылма- нов, мәскеулік ғалым С.Н. Григорьян мен ташкенттік ғалым М.Н. Хайруллаев, алматылық А.Н. Қасымжановтар болыпты.
Бірақ, «фарабитану» бұдан әрі өрге баса алмай, өрісі ке- ңеймей қала береді. Тек, 1967 жылы Ғылым Академиясына президент болып Шахмардан Есенов келгенде ғана қайыра қолға алынады. Мұндай мәліметті біз «Қазақстан» баспасы- нан 2007 жылы шыққан Шәмшиден Әбдіраманның «Ақжан Машани» ғұмырбаяндық деректі хикаятынан алдық. Сол хи- каяттың 158-163-ші беттерінде былай деп жазылған:
«...ХХ ғасырдың 60-жылдарының алғашқы бес жылын- да А. Машани баба мұрасының денін жинақтап та үлгерген- ді. Оларды орыс тіліне аударатын мамандар да табылып жат- ты. Ендігі міндет әл-Фараби мұрасы ғылыми негізде таны- луы керек. Ол үшін фарабитану ісі Ғылым Академиясының жұмыс жоспарына енуге тиісті. Қашан, қайтіп деген сұрақ Ақжан хазіреттің алдында ашылмастай қақпаға айналған. Сол 60-жылдардың ортасына қарай Академияның тізгінін жас жігіт, қайраткер, әрі геолог, әрі ұлттық мүддені тани бі- летін, мемлекеттік істе шыңдалған Шахмардан Есеновтің ұс- тауы фарабитанудың бастауындағы ірі оқиға болып тарихқа енген-ді.
1967 жылы А. Машани жас президентке кірді. 1960 жыл- дың қарашасында «Келісемін. Іске асырылсын» деп қол қойыл- ған Қанышқа жазылған өтініш-хатынан бастап, қолындағы жи- нақталған әл-Фараби мұраларын көрсетті оған. Сонымен қоса соңғы 2-3 жылда өзбек ғалымдарының өзбек тіліне аударып шығарған әл-Фараби еңбектерін президент алдына қойып:
- Қашанғы ерте туып, кеш қала береміз. Енді Отырарда- Түркістанда кіндік қаны тамған ұлы бабамызды өзбек ағайын- дарға қолдан беру ғана қалып еді, – деп қазақты діңкелетіп келген енжарлықты ашына айтты. –Егер әл-Фарабиді зерт- теу Академия жоспарына енбесе, осы күнге дейін тырашта- на тындырған ісімізге салауат айтуымыз ғана қалды...
- Ақа, көріп отырмын, баба мұрасын зерттеуге жетерлік- тей еңбектерді жинақтапсыз, – деп Шахмардан Есенов кезін- де Қаныш Сәтбаевқа жазылған хаттағы аударма мәселесін
пысықтады: – Енді осыларды ғалымдарға түсінікті етіп ауда- рып бере аламыз ба?
- Бұл мәселе кәзір көкейкестілік деңгейден кетті. Жыл сайын Москва, Ленинград университеттерінің Шығыс бөлі- мін бітіріп келіп жатқан мамандар бар. Соның бірі Болатхан Тайжан деген жігіт екі-үш арабистпен таныстырды да. Егер қажет болса аудармашыны басқа жерден шақыртуға да бо- лады ғой.
- Ақа, жастардың болғаны жақсы. Олар тәжірбие жи- нағанша, алдымен Фараби заманындағы араб тілін білетін адам керек емес пе?
- Әлбетте. Ондай адам да бар. Соның бірегейі мешіттің бас имамы Сәдуақас Ғылмани ақсақал.
- Имам дедіңіз бе? – Шахмардан Есенов сәл үнсіздіктен кейін, – Фараби мұрасын игеруде жас арабистерден гөрі Құран сөзіне жетік адамның пайдасы көп болар, сірә, – деп, қоштады.
- Ол кісі имам ғана емес, ақын жанды адам. Отыз жыл- дай жинақтап, түзген арабша-қазақша сөздігі де бар, – де- ді Машани жас президенттің түсінгеніне тәнті болып, осы жылдары баба трактаттарын аударта жүріп өзін тәнті еткен Сәдуақас қазидың ғұламалығынан хабардар екендігін де ай- тып берді.
- Танысатын кісі екен! – деп барып Есенов басшы қызме- тінде қалыптасқан істелер істі ертеңге қалдырма дейтін өзі- нің ұстанымына көшті. – Ақа, егер мүмкіндік болса ертең жолықтырыңызшы сол кісімен, – Президент алдындағы күн- тізбе парағын аударып, Сәдуақасты қабылдау уақытын жа- зып қойды.
Сол қабылдаудан есімде қалғаны мынау деп, Ақжан аға мына жәйтті жиі есіне алып отыратын-ды:
« – Сәдуақас есіктен кіре бергенде-ақ президент Шах- мардан орнынан ұшып тұра келіп, сәлем беріп, қол алып амандасып, қартқа құрмет көрсетіп, кішілік етті. Қажы сол ықыласына разы болып:
- Бұл күндегі көпшілік қауым сайтаннан қорықпайды, сәлдеден қорқады. Сіз менің сәлдемнен шошынбағаныңызға рахмет, – деді.
- Ол не дегеніңіз, ақсақал, неге қашамыз. Мәселе сәлдеде емес, адамда, ғалымда, шындықта емес пе. «Құранды молда теріс оқыр, Дағарадай болып сәлдесі», – деді ғой Абай.
- Ол рас. Исламның ғылыми шындығын алмай, бұрмалап, малға сатушылар көп болған. «Дүмше молда дін бұзар» со- нан шыққан...
- «...Жаман бастық ел бұзар» деп қосып қойыңыз бұған,
– деп Есенов қазиды қоштады.
Қажы мен академиктің осындай ғылыми-поэтикалық ас- тары бар әңгімесін біз қызыға тыңдап, күлісіп, желпініп қал- дық. Сол жылы қажы өзінің көп томдық қолжазбасын (шама- сы 5 том болса керек) ішінде бірнеше кітап болатын арабша- қазақша сөздігі бар – жиырма жыл тірнектеп жинап жазған еңбектерін президентке аманат етті. Есенов оны Тіл инсти- тутына тапсыратындығына уәде етті, сөз арасында әл-Фара- би мұрасын қазақша аударуға көмектесуін сұрады.
Өкініштісі, бұл еңбектің Қазақ тіл білімі институтының сол кездегі директоры академик І. Кеңесбаевтың қырына ілік- пегендіктен сөздік жинақталмай қалған сияқты. Жуырда жас ғалым Дихан Қамзабекұлының Сәдуақас қажы жасаған сөз- діктің қолға түскен бір томын бастырып шығартқандығын, қал- ғаны із-түссіз жоғалған болса керек деген өкінішін естідік...
Жә, үзілген әңгімеміздің жалғасына көшейік. Шахмардан Есенов телефон тұтқасын көтеріп:
- Жабағы Тәкібайұлы, менде Академиямызды құрушы ақсақаламыздың бірі Ақжан Жақсыбекұлы отыр. Сіз осы кі- сімен кездесіңіз. Келесі президумда әл-Фараби мұраларын Академия іс-жоспарына енгізу туралы мәселе даярлау керек.
Шахмардан Есенов Ақаңды қарынан ұстаған күйде есік- ке дейін шығарып салып тұрып:
- «Әл-Фараби мұрасы қашан зерттеледі?» деген хаттар бұрын да көп түскен екен, қазір де жетерлік...аракідік теле- фон шалушылар да аз емес, – деп барып Шахмардан: – Осы туралы өзім де Сізді іздеткелі жүр едім. Келгеніңіз жақсы болды, Ақа! – деді, қолын қыса тұрып қоштасып. Прези- дент бөлмесінен қазірет Ақжан мұндайда қуаныштан төбем көктен екі елі асып кетті дегізетіндей шат-шадыман күйде шықты. Шыққан бетте ол Академияның вице-президенті ака- демик Ж.Тәкібаевқа тартты.
- Жабағы, жел оңынан тұрған сияқты, – деді есіктен сөйлей кірген Ақаң, – өзіңе бәрін беремін. Сен алдағы пре- зидум отырысына үлгеретін бол!
Сол күнгі қуанышын Ақжан хазірет өзі ерекше сыйлай- тын нағыз қазақ қаны дарыған ұлтжанды ғалым Рахманқұл Бердібаевқа айтты:
- Ақа, ісіңіз енді алға басатын болар! – деді ол Ақжан ағасының қуанышын құптап: – Әрине, президент бастайық деп отырғанда басқалардың «болмайды» деуі екіталай. Бірақ бес саусақ бірдей емес. Бүгінгі біздің жағдайымызда «қыз- дырманың қызыл тіліне» салатындар да аз емес...Қамсыз қал- мауымыз керек.
Рақаңның телефон шалған алғашқы академигі Сәбит Мұ- қанов болды. Сымның арғы басынан мән-жайды естіп бол- ған соң:
- Сенің айтып отырғаның әлгі Машанов айтып жүрген сәлделі ғалым ғой, – деді Сәбең өзінің қырылдай шығатын да- уысымен ойнақы ойын аңғартып: – Ана өзбек Ғафур Ғұлам, қазақ көшіп жүремін деп сауатсыз қалғансыңдар деп иықтай беруші еді. Енді оны жамбасқа алатын болдым ғой! – деп, ол өзбек досы ақын Ғафурдан «өшін» алатындығына шын шат- танды: – Фараби туралы жазылған кітап болса ала келші...
Қазақстан Ғылым Академиясы президиумының кезек- ті мәжілісі Ә.Н. Тәкібаев пен А. Машанидың «әл-Фарабидің ғылыми мұраларын зерттеу мәселесі» туралы баяндамасын тыңдаумен басталған еді. Мәжілістің жалпы мазмұнын, сол жиынның басы-қасында болған, өзі ұсыныс жасаған, қазірде арамызда жүрген ғұлама Рахманқұл Бердібаймен жасалған сұхбаттан үзінді берумен шектелуді жөн көрдік. (Фарабитану осылай басталып еді» деген тақырыппен берілген сұхбаттың толық мәтіні «Қазақ әдебиеті» газетінде және «Фараби – ғиб- ратты ғалым» атты кітапта жарияланды – Ш.Ә.).
Сонымен:
Ш.Ә.: Раха, әлФараби мұрасын зерттеу мәселесі, мем лекет тарапынан қашан қолға алынғандығы туралы дерек ті Сіз жақсы білетін боларсыз.
Рахманқұл Бердібай: Айтайын. 1967 жылдың күз айында (нақтылы күні қазір есімде жоқ) Қазақстан Ғы лым Академиясының президиум мәжілісінде әлФараби мұ расын жинау, зерттеу мәселесі тұңғыш рет қаралды. Мә жіліске көрнекті ғалымдармен қатар үлкен жазушылар ды да шақыру қажет деп табылғанды. Сол Ақжан Маша новтың оң қолындай болып, Фараби десе ішкен асын жерге
қойып, жалындап сөйлейтін Ауданбек Көбесов маған: Ака демия президумының жиналысына Сәбит Мұқановты ша қырайық, ол кісінің аузы дуалы ғой, фарабитану бөлімін ашуды қолдап сөйлесе жақсы болар еді, сондықтан Сіз Сәбеңді «үгіттеп көрсеңіз қайтер еді», деді. Мен профессор Григорьянның «Орта Азия мен Иран философиясының та рихынан» деген, ішінде Фараби туралы тарау бар кітапты алып, Мұқановтың үйіне бардым. «Сәбе, қазақ халқының ертедегі ұлы ғалымы әлФараби туралы Академияда пікір алысу болғалы жатыр, соған Сіздің беделді сөзіңіз керекақ. Фарабидің кім болғандығы мына кітапта жазылған. Сізден Фарабиді зерттеу керек деген сөз күтеміз, бұл бүкіл жас ға лымдардың тілегі» дедім. Сәбең мәжіліске қатысуға және әлФараби мұрасын зерттейтін бөлім ашуды қолдауға уәде берді. Халқымыздың ардақты ұлы, кемел жазушы, өзінің ойын қашанда да батыл айта алатын Мұқанов уәдесінде тұрды. Академияның президиум мәжілісінде Фарабитану ды қолға алу қажеттігін дәлелдеп сөйледі. Айтпақшы мен Сәбеңе «Фарабиді насихаттаймын» деп алып барған әлгі кі табым Сәбеңнің кітапханасында қалып қойды, мен «ондай кітап табылар, көздеген мақсатымызға жеткеніміздің өзі олжа» деген пікірді қанағат тұттым.
ӘлФараби мұрасын зерттеу мәселесіне арналған мәжі лісті Академияның президенті Шахмардан Есенов ашты жә не күн тәртібінде тұрған тақырыптың мәнжәйін түсіндірді. Соңғы кезде Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші секретары Дінмұхамед Қонаевтың және менің аты ма республиканың әр тарапынан әлФараби мұрасы қашан зерттеледі деген сыңайда хаттар келуде, сол хаттардың бір тобы менің алдымда жатыр, – деп, ол үстел үстіндегі қатталып тұрған қағаздардың кейбір беттерін парақтап шықты. Шахмардан Есенов сөз түйінін «жұртшылық сұра ғын аяқсыз қалдыруға құқымыз жоқ, сондықтан осы мәжі лісті Академия президиумының мүшелерімен ақылдасу үшін сіздерді шақырып отырмыз» деп тұжырымдады.
Бұдан кейін Қазақстан Ғылым Академиясының вице президенті, академик Жабағы Тәкібаев: «әлФарабидің ғы лыми мұрасы және оның жаһандық деңгейдегі орны» тура лы тамаша баяндама жасады. Орта ғасырда өмір кешкен, сол замандағы ғылымның биігіне шыққан қазақ перзенті ту
ралы бұған дейін Академияның бірдебір жиналысында ай тылып көрмеген құнды талдаулар мен тұжырымдар прези диум мүшелеріне күтпеген жаңалықтай әсер еткен еді. Ал, осы мәжіліске шақырылған профессор Ақжан Машановтың сөдері мейлінше қысқа әрі нақтылы болды. «ӘлФарабидің ғылыми мұрасын зерттеу қажеттілігі туралы бұдан біраз жыл бұрын академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атына жазған хат мынау», – деп бір парақ қағазды көрсетті,
– бұл хатқа Қанекең «А. Машановтың пікір, ұсыныстарына толығымен қосыламын» деп, қиғаштама қойған. Міне, осы аманатты Қ. Сәтбаевтың әрі шәкірті, әрі орнын басқан мұрагері ретінде Сізге беремін!» – деп, Машанов қағазды Шахмардан Есенов қолына ұстатты.
А. Машанов бұдан соң әлФараби шығармаларының Па рижден, Лондоннан, Лиссабоннан, Ленинградтан алдырған көшірмелерін Есеновтің алдына қойды да: – «Жер жүзінің екінші ұстазы атанған алып ғұламаның мұрасын жинау мен зерттеуге бір адамның өмірі жетпейді; Аристотель сынды бұл тұлғаның қалдырған қазынасын тұтас ғылыми ұжымдар ғана саралап, зерттей алады; «әлФараби еңбектерін жинай ғой» деп маған ешкім шет елге командировка берген жоқ, менің өз әрекетіммен ғана қолға түскендері осы болды, ендігі міндет Академияның мойнында» деп сөзін аяқтады.
Заман желі оңынан соқса, қиын деп келген сұраулар оңай шешілетініне сол күні көзім жетті. Әртүрлі ғылымның көрнекті өкілдерінен құралған президиум мүшелері әрі айтып, бері айтып, ақырында әлФараби мұрасын зерттейтін ар найы орталық немесе бөлім керек деген пікірге тоқайласты. Шындығына келгенде мәселенің осылай шешілуіне ол кез де беделі мен мансабы өрлеп тұрған Қонаевтың бұл іске дұрыс пейіл білдіруі, қазақтың нар тұлғалы төл перзенті, құнды ғылыми зерттеулерімен Лениндік сыйлықтың лауре аты атағына ие болған, табанды, қажырлы Ш. Есеновтің ата мұраға деген таза ықыласы мен тегеуріні айрықша ықпал етті деп ойлаймын. Әйтпесе Қазақстанда Қазан төңкерісіне дейін екіақ пайыз адам сауатты болған деген жадағай тезисті бұған дейін сан қайталап келгендердің ке нет мынадай бетбұрыс жасауы қиын болатыны айдан анық еді. Мәжіліс соңы «әлФараби өмірі мен шығармашылығын зерттейтін топ қай институттың жанынан ашылғаны дұ
рыс деп көпшілікке сауал тастағанда мен: «әлФараби ғы лымның көп саласына жаңалық қосқан ғалым, бірақ ол, ең алдымен Аристотельден кейінгі философ деп мойындалған ғой, сондықтан зерттеу орталығы Академияның Фило софия және право институтында болуы лайық» деп ұсы ныс айттым. Бұл ұсынысты «Философия және право» институтының директоры, академик Салық Зиманов бір ден қолдады, бұған президиум мүшелері де келісті. Халқы мыздың атын жаһанға танытқан Әбу Насыр әлФарабидің Қазақстан Академиясының табалдырығын аттауы осылай басталған еді...».
Ш.Есенов «ұлттың атын шығаратын даналары мен озық ойлы ғалымдары!» дегенді жиі айтып, өзі сол ортаның өсіп- өнуіне барынша жағдай жасаған басшы. Оған дәлел әлем- ді озық ойларымен мойындатқан Әбу Насыр әл-Фараби мұ- раларын іздеп табуға барынша кіріскені. Нақ сол жылдың 16-қарашасында президент Есенов ұсынысы бойынша Ака- демияның философия және право институты жанынан Фа- рабидің ғылыми мұраларын зерттеу тобы құрылып, іске кірі- седі. Жан-жаққа хаттар жазылып, мемлекеттік орындарды ха- бардар етіп, қолдау мен көмек сұрайды. Бәрі бірден қолдай кетті десек өтірік болар еді. Ондайларға қайыра хат жазы- лып, маңыздылығын түсіндіріп, халық үшін, ұлт үшін, тәрбие үшін керектігін алға тартады. Басқалар мұндай ғұламаны та- ба алмай жүргенде біз өз жерлесімізді «танымағанымыз» ұят боладыға дейін барды. Ақырында Республика басшылығы Ха- лықаралық конференция өткізуге келіскенмен, Мәскеу рұқсат бермейді. Шынын айтқанда олар әл-Фарабидей дананың қа- зақ даласынан, бұрын «бұратана» деп менсінбей жүрген ха- лықтан шықты дегенге сенгілері келмеді. Қимады деп те ай- туға болады. Тағы да талай-талай хаттар жазылды. Әрине, Халықаралық конференция емес, бес адамның басын қосатын жиын өткізу үшін ол кезде Мәскеудің рұқсаты керек екендігі- не бүгінгі жастардың сенбеуі мүмкін. Амал қанша, ол кездің шындығы сенсеңіз де, сенбесеңіз де солай болатын.
Сондай хаттардың біразын біз Ғылым Академиясының мұ- рағатынан таптық және бір-екеуін жариялап отырмыз. Құжаттар біздің ой сараптауымыздан гөрі дәл, шындықты баяндайды. Әл- Фарабиді өз «отанына оралту» мақсатында атқарылған шаралар мен Есеновтің әуелгі әрекетінен сыр шашады.
ССР Одағының Ғылым Академиясы Жаратылыстану мен техника тарихшыларының Советтік ұлттық комитеті
10сәуір 1969 ж.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының Президенті Ш. Есенов жолдасқа
Сіздің 1969 жылғы 7сәуірдегі № 3318 хатыңызға төмендегіні хабарлаймыз. Жаратылыстану мен техни ка тарихшыларының Советтік Ұлттық комитеті және Жаратылыстану мен техника тарихы институты Қазақ ССР Ғылым Академиясының 1970 жылғы тамыз айында ерте Орта ғасырлар дәуірінің ұлы ойшылы әрі энциклопе дисі Әбу Насыр әлФарабидің туғанына 1100 жыл толуына арналған мүшелтой өткізу туралы бастамасын дер кезін де жасалған әрі орынды ұсыныс деп санайды. Қазақстан ға лымдары әлФарабидің ғылыми мұрасын жанжақты зерт теу жұмысын әлденақ жүргізіп жатқандықтан және ол Қазақстан тумасы болғандықтан сол мүшелтойды нақ Қа зақстанда өткізу әбден орынды. Бұл алдағы 1971 жылы өткізілмек, аясында әлФараби жөнінде коллоквиум ұйым дастыру көзделген Ғылым тарихы жөніндегі халықаралық конгреске жақсы даярлық болар еді.
Біз сіздің ұсынысыңызды түгелімен қолдаймыз және өз тарапымыздан әлФараби шығармашылығы бойынша мүшелтойлық симпозиумды ұйымдастыру мен өткізуге қа тысамыз.
Біз сондайақ осынау атаулы датаны ЮНЕСКО шең берінде өткізу идеясын да қолдаймыз.
СССР Ғылым Академиясы Жара тылыстану мен техника тарих шыларының Советтік ұлттық ко митетінің төрағасы, Жаратылыс тану мен техника тарихы институ тының директоры
академик Б.М. кедров
* * *
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетіне
1969 жылғы 18сәуір № 30743
1970 жылы ерте Орта ғасырлар дәуірінің ұлы ойшы лы әрі энциклопедисі, Қазақстанның тумасы (Отырар) Әбу Насыр әлФарабидің туғанынан 1100 жыл толады, ғылымның көптеген салаларында жазылған оның еңбек тері әлемдік мәдениет тарихындағы елеулі белес болды, бұл үшін ол Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп ылайық ты аталды. Фарабидің эстетика, әдебиет және өнер са лаларындағы зерттеулері маңызды рөл атқарып, Шығыс тың көркем мәдениетін дамытуда, Орта Азия мен Қазақ стан халықтарының тарихында, Әбу Әли ибн Синаның, Хайямның, Жәмидің және басқалардың шығармашылығын да терең із қалдырды.
Қазақ ССР Ғылым Академиясында әлФарабидің мұра сын зерттеу жөніндегі проблемалық топ құрылып, оның шығармашылығына зерттеу жүргізілуде. Фараби мұрасын зерттеу жөніндегі жұмысты өрістетудің маңызды бе лестерінің бірі оның 1100 жылдық мүшелтойын мерекелеу болуға тиіс, оны Фарабидің отаны, яғни Қазақстанда өт кізу отаншылдық және саяси көзқарас тұрғысынан алғанда орынды болар еді.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының президиумы әлФа рабидің туғанына 1100 жыл толуына байланысты оның мүшелтойын басқа республикалардан 30 қонақ шақырып өткізуге рұқсат етуді өтінеді. Фараби мүшелтойын даяр лап, ұйымдастыруға республика Ғылым Академиясының ме кемелерінен басқа СССР ҒАның Азия халықтары институ ты және СССР ҒАның Жаратылыстану мен техника та рихы институты қатыса алады.
Оң шешілген жағдайда әлФараби мүшелтойын өткізу мерзімі Абай Құнанбаевтың 1970 жылы тамызда атап өті летін 125 жылдық мүшелтойымен үйлестіріле алар еді.
Қазақ ССР ҒАның президиумы сондайақ Одақ Үкі меті алдына ЮНЕСКОға әлФарабидің 1100 жылдық мү
шелтойын сол ұйымның жоспары бойынша өткізу туралы ұсыныс енгізу туралы мәселе қоюды өтінеді.
Қазақ ССР Ғылым Академиясының
президенті Ш. ЕСЕНОВ
* * *
Осы екі құжаттың өзі ұлы ғұлама әл-Фарабиді Отаны- на оралту үшін атқарылған істер мен Есенов әрекетінің қан- дайлық дәрежеде болғанынан мағлұмат беріп тұр. Бұл екі хат тиісті органдарға жазылар алдында да, олардан кейін де ар- найы құрылған комиссия Ш. Есеновтің қадағалауымен толып жатқан жұмыстар тындырды. Шыны керек, бұл жұмысқа ко- миссия құрамына кірмеген адамдар да тартылды. Мысалы, ака- демик С. Балмұқанов Анкара қаласынан әл-Фарабидің екі кі- табын, академик Ш. Есенов Канадаға сапарынан бір кітабын, А. Көбесов астрономиялық, физика-математикалық еңбекте- рінің көшірмелерін алдырған болса, А. Машанов Париж қала- сынан музыка кітабын, А. Қасымжанов Чехословакияның Бра- тислава университетінің кітапханасынан логикаға байланыс- ты сегіз кітабын алдырды. Соның арқасында әл-Фарабидің елуден астам еңбегі Қазақ ССР Ғылым Академиясының қо- рына түсті. Қандай байлық! Теңдесі жоқ құндылық! Бұрын ұлы ғұламаның бірде-бір кітабы болмаған кітапхана үшін, ең бастысы, білім мен ілімге ұмтылған жастар үшін бұл қандай байлық екенін көкірегі ояу, санасы сергек адамның түсінуі қиын емес. Ендігі бір маңызды мәселе ұлы ғұламаға арналған конференцияны қалай өткізу керектігін пысықтау болатын. Бұл мәселе Академия президиумының отырыстарында та- лай рет қаралған. Жоғарыда келтірілген хаттар алынғаннан, жазылғаннан кейін тоғыз айдай уақыт өткеннен соң – 1970 жылғы 6-қаңтарда өткен кезекті бір отырыс стеннограммасы көңілімізді аударды. Өйткені одан Ш. Есеновтің жұмыс стилі, дайындық барысында ұстанған принципі анық көрінеді. Сте- нограмма үзінділерін сөйлеткенде олар былай болып келеді:
– ӘлФараби туралы. Егер өз пікірлеріңізді ортаға сал ғыларыңыз келсе, айтыңыздар. Осы бағытта қандай жаңа лық таптыңыздар, соны айтыңыздар. Фараби туралы Фран цияда да біледі деген сияқты әңгіменің керегі жоқ. Бұл ба ғытта жаңалық табумен біз шұғылдануымыз керек. Бұл
мәселенің соншалықты маңызды екенін сіздер түсінесіздер ғой. Біз мұнда ғалымдар бір жылда қандай жұмыстар ат қарғанын тыңдауға жиналдық. Міне осы бағытта қандай мәселелер зерттелді, жүктелген тапсырмалар орындалды ма? Құрдан құр ұрандатып біз алысқа бара алмаймыз. Мұ
ның ешкімге қажеті жоқ.
Сөйленетін сөздердің барлығы бөлімнің есебімен тығыз байланысты болсын. Институттар өз күштерін бөлген. Әрбір бөлім белгілі бір жұмыстар атқарды. Біз қазір қазақ халқының ежелгі мәдениеті туралы жаттанды пікірді қол данамыз. Бір нәрсе белгілі, қазақ халқы ежелгі халық, оның мәдениеті бар, тарихы бар, атақты адамдары бар. Осы ларды зерттеу керек...
Материалдар бар ма, солардың негізінде сөз қозғайық, егер материал жоқ болса, онда мінберге шығу үшін ғана, көріну үшін ғана ұмтылудың пайдасы жоқ. Сіздерді өкпеле тейін дегенім емес, әлФарабиге қатысты зерттеулер жүр гізілуде, бірақ сол зерттеулердің жанжақтылығына, Фа раби мұрасының тереңіне бойлағанымызға күмәнім бар. Ол Қазақстанда туған деп бүкіл әлемге ұрандатудан аулақ бо луымыз керек. Ұрандату емес, зерттеу қажет, сонда оның нәтижелері кімнің кім болғанын көрсетеді.
Конференцияға қатысты әңгімелер бар. Мен жалпы үйлестіру жұмыстарына қарсы емеспін, бірақ ең алдымен зерттеулердің жоғары деңгейіне жетуді көздейік.
ҚР Білім және Ғылым Министр лігі Ғылым Комитетінің біріккен ве домостволық архиві
(қ. 2. О. 1,і. 1243, б. 80,86,95,96)
Ақырында, Азия-Африка жазушыларының V конферен- циясының соңғы күні – 9-қыркүйек күні Қазақстан Ғылым Академиясының үлкен залында әл-Фарабидің 1100 жыл- дық торқалы тойы тұңғыш рет аталып өтіп, оған шет елден келген қонақтар, ақын-жазушылар, ғалымдар қатысып, сөз сөйледі.
Осы жолы, осы конференцияда жасалған баяндамада да, сөйлеушілер сөздерінде де әлемде Аристотельден кейін «Екін- ші Ұстаз» атанған әл-Фарабидің Отырарда туып-өскендігі,
терең ойлы, гуманист ғалым екендігі байсалды дәлелденіп, біздің бабамыз екендігі мойындалды. Бұл кезге дейін әл-Фа- рабиді арабтар – араб, парсылар – парсы, өзбектер – өзбек... деп таласып, еңбектерін аударып, иемденіп жатқан болатын, оған алғаш рет тойтарыс беріліп, ұлы ғалымның Отырарлық екені нақтылы дәлелдермен дәлелденді.
Бас баяндамашы, Шығыстану институтының директо- ры, академик Б.Ғ. Ғафуров:
« – ...оның ғұмыры жайлы деректер аз. Бізге оның толық есіміндегі «Тархан» деген терминнің өзіақ таны тып тұрғанындай, түркіқыпшық тайпасының бір тобы нан шыққандығы белгілі. Сондайақ, оның қазіргі Түркістан қаласына таяу маңда Арыс өзенінің Сырдарияға құяр са ғасында тұрған Отырар қаласында 870873 жылдар ара сында туғаны және өмірінің едәуір бөлігін осында өткізгені бізге мәлім болып отыр. Ізденімпаздық, білімге деген құш тарлық оны сапарға жетеледі. Ол өз заманының Хорасан, Бағдат, Дамаск, Алеппо, Каир сияқты көптеген мәдени ор талықтарында болып, білім алды, ілім қуды..., – деп, оның еңбектеріне ғылыми талдау жасай келіп, – Фарабидің 1975 жылы атап өтілгелі отырған туғанына 1100 жыл толуы на арналған мерекесі бүкіл дүниежүзінің мәдени, ғылыми өмірінің үлкен оқиғасы болатындығына шүбә жоқ.
Қазақ ғалымдарының, республика Ғылым Академиясының президенті, академик Ш. Есеновтің басшылығымен өз жер лестері, заманының дана ойшылы әлФарабидің мерекесіне дайындық жөнінде елеулі жұмыстар атқарып жатқандығын айтқым келеді. Алматы – Фарабитанудың шын мәніндегі орталығына айналды. Бұның өзі Қазақстанның ғылым мен мәдениет саласындағы зор жетістіктерінің тағы бір бел гісі», – деп қорытты.
Конференцияда екінші болып сөз тиген Қазақ ССР Ғы- лым академиясының президенті Ш. Есеновтің баяндамасы мейлінше нақтылығымен, ой тереңдігімен тәнті етті.
«...әлФарабиге қайта оралғанда, оның мұрасын зерт теудегі ең маңыздысы сыртқы әсерлер емес, керісінше ішкі ой кернеулері екенін ескерте кеткен жөн.
Сондайақ кейбір авторлардың әлФарабиді тек қазақ ретінде бейнелеуге тырысуы, осы мақсатта оқиғалардың
жасанды түрде өңін өзгертуі де қасаң әрі негізсіз әрекет болып табылады. Оның заманында этностық жіктелу про цесі әбден аяқталып болмағанын, қазақтардың халық ретін де әлі қалыптаспағанын есте ұстаған жөн. Сондайақ, оны өзбек деп те атауға бола қоймас. Жалпы, біздің ойымызша, әлФарабидің этностық тегі жайлы пікір таласы жөнсіз, негізсіз нәрсе. Фактілерді тірек ете отырып айтуға бола тыны біреуақ, ол – әлФарабидің кейіннен қазақ халқының құрамына енген түркі тайпасынан шыққандығы, оның – со веттік Шығыстың барлық халықтарының мәдениетіне ты ғыз қатысы бар қайраткер екендігі. Ол – Шығыстың ұлы.
Ұлы ойшылдың 1100 жылдық мерекесін лайықты атап өту дегеніміз – ең алдымен оның өз еңбектерін барынша толық күйінде шығару, сонымен бірге оның мұрасын ғылыми зерттеу деген сөз. Бұл жұмыс аса күрделі әрі көп күшті керек етеді. Қазақ КСР Ғылым Академиясы әлФарабидің
«Философиялық трактаттарын» орыс және қазақ тіл дерінде, «Математикалық трактаттары» мен «Әлеумет тікэтикалық трактаттарын» орыс тілінде, «ӘлФараби
– ұлы ойшыл және ғалымэнциклопедист» атты жинақ шы ғарды.
Замандастарымыз үшін әлФарабидің этикалық ілімі нің ерекше ықылас қоярлық маңызы бар...ӘлФараби былай дейді: «Алайда, ізгі ниетті адам өлімді күшпен жеделдетуге тиіс емес, себебі өмірге деген құштарлықтың өзі ізгіліктің ұлы қайнары болып табылады».
Жеке тұлғаның бақыты, әлФарабидің ойынша, адамның ізгі қасиеттеріне байланысты болмақ. Бұл қасиеттер ақыл ой өткірлігі мен тереңдігін, сондайақ абзал адамгершілік мінезді қамтиды. Бұның соңғысы адамның ісәрекетіне қа тысы жоқ, алдынала берілген әлдене емес. Көркем жазу өнерін жетілдіру шеберлікке жеткізетіні сияқты, жақсы әрекеттерге бой ұру, оларды дәстүрлі, табиғи, жан риза болатын тәртіп пен қызмет нормаларына айналдыру, сөз жоқ, жақсы мінезқұлықты қалыптастырмақ. Адамгерші лік мінезқұлық ісәрекеттерден көрінеді және керісінше. Өз алдыңда барынша шыншыл болуың керек, бұл әсіресе өзіңнің бойыңда бар ізгі қасиеттерді тануға және бір нәр сені одан әрі дамытуға қатысты.
Мінезқұлықты жетілдіру процесін әлФараби дене мү шелерін жетілдіруге ұқсатады. Соңғысының жетілуі ден саулыққа байланысты. Егер денсаулық болса, онда оны сақ тауға және нығайтуға ұмтылу керек, егер денсаулық бол маса, онда оны сауықтыру үшін күш жұмсау қажет. Тән саулығы тіршілік істерінде ұстамдылық сақтауға, соның ішінде – тамақ ішудегі сабырға, қанағатқа байланысты. Жақсы мінезқұлық рухани саламаттық ретінде, сондайақ, ісәрекет ұстамдылығын да талап етеді. Бұнымен қатар, жарамсыз мінезқұлықты әлФараби рухани дерт ретінде сипаттайды. Ісәрекеттегі ұстамдылық орайында ол бұны шектен тыс екі өрескелдіктің ортасы ретінде сипаттай келіп, толықтай дерлік аристотельдік көзқарасты одан әрі дамытқан.
Болашақта әлФараби бүкіл өмір бойында еңбек еткен логика, таным, эстетика, математика, музыка теориясы мәселелері кеңінен қозғалған «Үлкен музыка кітабын» зерт теу және жарыққа шығару жұмысы күтіп тұр...
Ұлы ойшылфилософтың мерекесі Азияның көптеген елдерінде, сондайақ, Европа мен Американың Шығыстану топтарында кеңінен атап өтілмек. Ақылой мен ағарту жаршысы болған, соғыс пен басыпжаншуға қарсы батыл үн көтеріп, дүние жүзінің барлық халықтарын бейбітшілк пен достыққа шақырған гуманист әлФараби ізгі ниетті барлық адамның да жүрегіне ыстық әрі қымбат...»
Бұдан кейін шет елдерден келген ақын-жазушы, ға- лымдар: Ирактан келген Халила Абдул Азиз, сириялық Ад- нана Багаджати, египеттік Абден Рахман Әл-Шарқай, пакис- тандық Файз Ахмад Файз сөз сөйлеп, бас баяндамашының сөзін қолдап, әл-Фарабидің біздің жерлесіміз екенін мойын- дап, басқалардың да мойындауын қалап, не керек, осы уақыт- қа дейін әртүрлі айтылып, әркім «иемденіп» жүрген мәселеге соңғы нүкте қойылды.
Президент Шахмардан Есеновтің жеке араласуымен, қа- тысуымен әл-Фарабидің шығармалары сараланып, оның фи- лософиялық, логикалық, әлеуметтік-этикалық, математика- лық, жаратылыстық ғылымдар, музыкалық трактаттарын та- рихта тұңғыш рет Қазақстанда жеке-жеке кітап етіп, қазақ және орыс тілінде шығарды. Теңдесі жоқ Есенов еңбегін елге
таныстыру үшін, есте сақтап, өсіп келе жатқан жас өрендерге үлгі ету үшін осылай тәтпіштеп айтуды жөн көрдік.
Бізге ой келеді, егер Есенов бастаманы бірден қолдап, іске асыруды қолға алмағанда әл-Фараби әлі аулына, туған жерге «орала алмай» жүрер ме еді, кім білсін. Ең бастысы – Әбу Насыр әл-Фарабидей ұлы адаммен жерлес болудың өзін- де бір ұлы күш барын сезесің. Әсіресе, әлі күнге дейін тарих- ты зерделемей, бізді «жабайы» деп жатырқап, «адам еттік» деп айғайлап жүргендерге кәдімгідей-ақ айбарлана қарап, рухтанып қалады екенсің! Басқаны білмейміз, біз әл-Фараби- дей ғұлама ғалым бабамызды Отанына «қайтарғаны» үшін- ақ Шахмардан Есеновке қарыздармыз.
Амал не, 1975 жылы өткен әл-Фарабидің 1100 жылдық мүшелтойына академик Есенов шақырылмады. Бұл оның президенттік міндетін толық аяқтатпай, орнынан алынған кез болатын. Жарайды, президент қызметінен кеткенмен әл- Фарабидің осы торқалы тойының аталып өтілуіне бірден-бір күш салып, істі ұйымдастарған сол екенін архив құжаттары тұрғанда тарих бетінен қалай өшірмекпіз. Басты баяндама- шы болмаса да, президиумға отырғызбаса да құрметті қонақ етіп шақыруға болушы еді ғой. Жоқ, шақырылмаған. Архи- вте сақтаулы тұрған бар құжаттарды қарап, ешбір тізімнен Есенов есімін кезіктіре алмадық. Мұндайда не айтуға бола- ды: қолымда биліктің бишігі бар екен деп өктемдік жасала берсе, ар мен ұяттың қайда қалғаны.
Академик Д. Кішібеков әл-Фарабидің өз отаны – Қазақ- станға оралуына өлшеусіз еңбек сіңірген Ш. Есенов екенін баса айтады:
«Нағыз дарынды адам ісәрекеттің қайқайсысында да дарынды деп жатады ғой. Әрине, тіршіліктің нақты бір саласында өзін тамаша маман ретінде көрсете білер, мы салы Шахмардан Есенұлының геология саласындағыдай, де генмен дарынды тұлға қандай болмасын бір тар мамандық тың шеберінде қалып қоймайды екен.
Қазақстан Ғылым Академияиясының президенті бо лып сайланысымен Ш. Есенов «Казахстанская правда» газе тінде біздің рухани мәдениетімізді дамыту проблемалары жөнінде үлкен мақала жариялағаны есімде.
Бұл талай жылдан бері тыйым салынған Сәкен Сей фуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Б. Майлиннің әдеби мұра
сымен қайта қауышқан қуанышты уақыт еді. Ш. Есе нов ресми органдардың шешімін қолдаумен бірге, мәселені едәуір кеңейте қарастырды. Ол әдебиет саласында ұлт мә дениетінің терең қыртыстарын көтеру қажеттігі тура лы, себепсіз ұмытылған немесе тыйым салынған батырлық жырлары мен лироэпостық дастандарды, эпосты халыққа қайтару туралы жазды. Ол зерттеушілердің алдына, ең ал дымен филологтардың, тарихшылардың алдына өз дүниета нымын кеңейту, тереңдету қажеттігін көрсетіп, біздің ха лықтың көпұлттық мәдениетін байыту үшін белсенді ат салысу мәселесін қойды.
Президенттік қызметі жылдарында Ш. Есенов біздің атақты жерлесіміз әлФарабидің ғылымифилософиялық еңбектерін өзінің халқына қайтару ісінде мемлекеттік деңгейдегі парасаттылық танытты. Қазақстан ҒА жа нынан Фарабитану бөлімі құрылып, онда жұмыс істеуге араб, ағылшын және басқа да тілдерді меңгерген жас ма мандар шақырылды. Олар әлФарабидің шығармашылық мұрасын талмай жинақтап, қазақ және орыс тілдеріне ау дарды. Шетелдік ғылыми іссапарларға шығу үшін, кітап ханаларда жұмыс істеп, қажетті материалдардың көшір месін алу үшін бөлімге едәуір қаражат көздері қарасты рылды. Фарабитану бөлімінің кеңесшісі болып біздің ака демияның негізін қалаушылардың бірі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының корреспондентмүшесі, профессор А. Ма шанов тағайындалды.
Бұл кезең республика жұртшылығының әлФараби қа зақ жерінің тумасы екендігін әлі де білмейтін кезі еді. Ол шетелдерде де танымал бола қойған жоқ еді. Мысалы, Иран елінің профессоры Ф. Реза «ЮНЕСКО курьері» журналында әлФараби ирандық деп жазды. Ал, өзбек ғалымдары – ака демик М.Хайруллаев және басқалар оны өздерінің ата баба сы санады. Өздерінің әріптестерінен түркімен ғалымдары да қалыспай жатты.
Өткен ғасырдың 5070 жылдары профессор А.Ж. Ма шанов өзінің бүкіл ғылымиқоғамдық қызметін әлФараби мұрасын өз халқына қайтаруға арнады. Оның негізгі кәсібі таукен ісі болғанымен, ол әлФараби туралы кітаптар, ма қалалар жазды, теледидардан сөйледі. ӘлФарабидің есімі Кеңес жұртшылығына бейтаныс болғандығы соншалықты,
біздің ұлы бабамыздың шығармашылық мұрасын тірілту жө ніндегі қоғамдықпублицистикалық қызметіне байланысты А.Ж. Машановқа «Правда» газеті өзінің бас мақаласында Қазақ КСР Ғылым Академиясының президенті Қ.И. Сәтбаев қолдап отырған көз бояушыдүмше деген айдар тақты.
Ш.Е. Есенов қалыптасқан таптаурын пікірге қарамас тан бар жауапкершілікті өзіне алып, бұл қасиетті істе көмекке А.Ж. Машановты шақыртты. Қатаң идеологиялық, тіпті кейде қауіпті жағдайларда қолға алынған бұл үлкен еңбек жемісті аяқталды. Ұлы ойшылдың философиялық, логикалық, әлеуметтікэтикалық, математикалық және му зыкалық тракттаттары жеке томдар болып екі тілде жа рық көрді. Әлеуметтікэтикалық трактаттарының шы ғарылымына менің де қатысуыма тура келді.
ӘлФараби шығармаларының барлық басылымдарының жауапты редакторы Ш.Е. Есенов болды. ӘлФарабидің творчестволық мұрасын тереңдете зерттеу осылайша бас талып, соңыра монографиялар жарияланып, кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды. Қазақ мемле кеттік университеті жанынан Фарабитану орталығы ашы лып, оның жетекшілігіне бұрын Қазақстан ҒАның Филосо фия және құқық институты жанында жұмыс істеген ат тас бөлімді басқарған ҒАның корреспондентмүшесі, про фессор А.Х. Қасымжанов тағайындалды. Ш.Е. Есеновтің бастамасы бойынша жұртшылық жылы қабылдаған әл Фарабидің нұрлы да рухты портреттік бейнесі қайта жа салды.
ӘлФарабидің 1100 жылдығына байланысты Алматы да халықаралық симпозиум өткізілгенін жұрт біледі. Бі рақ симпозиумның материалдары жарияланбай қалды. Бұ дан біз рухани диктатураның табын байқаймыз. Сол кез де халықаралық симпозиум ұйымдастырып, өткізу үшін СО КП ОКінің Саяси Бюросының келісімін, дұрысы, рұқсатын алу Ш. Есеновтен қаншалықты күшқайрат, еңбек талап етті десеңізші. Ол жылдары халықаралық ауқымдағы ша ралар тұрсын, тіпті кезеңімен өткізілетін ЖОО қоғамдық ғылымдар кафедралары меңгерушілерінің бүкілодақтық жи налысы СОКП ОКнің арнайы шешімімен шақырылатын.
Шахаңның орасан еңбегінің жемісті нәтижесі – әлФа раби өзі туған топырағына қайта оралып, кейінгі бейта
ныс ұрпақтарымен табысты. Осынау рухани бетбұрыстың әсерімен белгілі жазушы Ә. Әлімжанов әлФарабидің өмірі мен қызметін суреттейтін «Ұстаздың оралуы» атты ро ман жазды.
Ш. Есеновтің республика Ғылым Академиясының прези денті болған кезеңі Қазақстан ғылымының жанжақты жан данып, гүлдене түскен кезеңі болды. Сол жылдары Есік қа ласының маңынан ішінде біздің дәуірге дейін V ғасырда өмір сүрген «Алтын адам» бар, ТяньШань шыршасынан жасалған саркофаг табылды. Ғылыми жұртшылық оны «Екінші Ту танхамон» деп таныды. «Алтын адамның» көшірмесі Нью Йорктегі БҰҰның бас ғимараты алдына қойылды».
Академик А.Х. Қасымжанов:
«Оның бір ғана батыл әрекетін еске ала кетейін. Ш. Есе новтің ұшқыр ойпайымдарының ең елеулісінің бірі Орталық Азия халықтарының ортақ мұраларын, рухани мәдениетін толыққанды, объективті ашып көрсету және оларды әлемдік мәдени жауһарлар қатарына қосу идеясы болатын.
Ш. Есеновтің бастамасымен 1973 жылы Азия және Африка елдері жазушыларының V конференциясы аясында
«әлФараби күні» өткізілді. Оның белсенді қатысуымен әл Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықара лық конференцияға дайындық жұмыстары жүргізіле баста ды. Ол кезде мұндай акцияны өткізу оңай шару еместін.
«Бір адым алға, бір адым артқа» деген сойқан орын алған жоқ, әрине, бірақ ісәрекеттің барлығын «ұлтшылдық» не месе «өткенді көксеу» деген таңба баса салуға биліктің
«шеберлігін» Е. Бекмахановтың өмірі анық көрсеткен бола тын. Ш.Есенұлының табандылығы, Бабоджан Гафуровтың қолдауы арқасында конференция Мәскеуде, Алматыда, Баг датта өткізіліп, әлемдік ауқымдағы мәдени шаралар қата рына қосылды. 1966 жылы Ш. Есеновтің тікелей нұсқауы мен әлФарабидің мұрасын жинақтап, зерттеу бойынша ғылыми топ құрылды. Ол біздің міндеттерімізді былайша анықтады: «Ең алдымен әлФарабидің өзін сөйлету керек, содан кейін ғана әлемдік Фарабитанудағы құндылықтар не гізінде түсіндірмелер мен сараптауларды қолға алуға бола ды». Күлкілі жағдайлар да кездесті. Есеновтің тапсырмасын орындау барысында маған біздің жоспардың өміршеңдігін
«үлкен ағайға» яғни, мәскеулік ғалымдарға түсіндіруге ту
ра келді. Сонда мәскеулік бақандай бір ғалым өте байсалды қалпымен маған: «әлФарабиге орыс мәдениетінің ықпалын көрсетуге болмас пе екен» деп сұрақ қойды. Бұдан артық қандай күлкі болуы керек?
Ш. Есенов бізден шетелдік фарабитанушылармен байла нысқа шығуды, қолжазбалар, мәтіндер іздеп табуды, кеңес шілер, рецензенттер, редакторлар ретінде шетелдік білім паздарды қатарымызға тартуды талап етті. Ш. Есеновтің философияға, дүниетанымға қаншалықты мән бергені ту ралы оның мәскеулік (яғни бүкілодақтық) «Вопросы филосо фии», Украиналық «Философской думка», чехословакиялық
«Философски часолие» журналдарының қазақстандық са нын шығаруды ұйымдастырып, қол жеткізгенін айтсақ та жеткілікті болар.
Шахмардан Есенов әрдайым шын мәніндегі ғылыми шығармашылықтың өрісін кеңейтіп, академиялық бедел ді жамылған жалған ғылымның жолын кесіп отыруға ұм тылды. «Қыз Жібек» фильмін монтаждауда қолданылған ежелгі тас жазу элементінің жасанды нұсқасын біздің кей бір «мәңгілік» академиктер деп саналатындар бүкіләлімдік тарихи маңызы бар «Іле тасы» табылды деп қызбаланған ды. Ал мұның өзі анекдоттың нақ өзі. Есенов академиктің беделі мен мәртебесін «үйішінің абыройы» дегеннен ау лақ ұстады. Бұл тарихтың күлкілісі сол академияның ау ласына құрметпен жеткізілген тас ақыры шұңқырға лақ тырылды. Тағы да 100200 жыл өтер, сол кезде «ізденім паз» академиктердің бірі тасты қазып алып, кереметтей археологиялық жаңалық ашып жүрмесін деңіз.
Шахмардан Есеновтің тереңдігі «Есік олжасының» маңыздылығын бірден сезініп, мәселенің «алтында» емес, жәдігердің эстикалық және тарихи жад тұрғысынан қа растырылуы қажеттілігін бірінші болып айтуынанақ бай қалған. Қазір «Алтын адам» тарихи хрестоматиялардан орын алды, ал оның өз деңгейінде бағалануы үшін Шахмар дан ерен еңбек сіңірген адам.
Ұлттық академия физикалықхимиялық ғылымдар мен жер туралы ғылымдар саласында Есенов атындағы сыйлық та ғайындаса нұр үстіне нұр болар еді», – деп жіліктей түседі.
Ал,біз бір шындығымызды айтайық. 2010 жылдың кү- зінде Отырар ауданы әл-Фарабидің кезекті мерейтойын той-
лады. Жан-жақтан ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары ағылып келді. Бәрі де әл-Фараби туралы ойлары мен пікірлерін, білетіндерін ортаға салып жатты. Бірақ, бірде-бір адам әл- Фарабидің туған жерге «оралуында» академик Шахмар- дан Есеновтің еңбегінің бар екенін, шығармаларын шет ел- дерден іздеп, тауып аударып оқырманға жеткізген: А. Маша- нов, А. Қасымжанов, А. Көбесов және жазушы Ә. Әлімжанов есімдерін есіне түсіріп, аттарын атаған да жоқ. Олар мүмкін әдейі атамайын демеген шығар, фактіні білмеген болар. Біл- мейтін жөні бар, бұл туралы жазылып, оқырманға айтылып, көптің көзін жеткізіп жатқан ешкім жоқ. Сондықтан да біздің әл-Фарабидей жерлесіміздің еңбектерін аударып, қазақ хал- қына жеткізген ғалымдар мен академик Есенов үлесін пы- сықтай айтып, нақтылай түсуіміздің басты мақсаты – ел құ- лағына құю.
Сол жолы, Отырарда өткен конференцияда ақын Мұхтар Шаханов әл-Фараби секілді Отырардан шыққан отыз ғұлама барлығын, олардың әлі зерттелмей, туған топыраққа орала алмай жатқанын күйзеліп тұрып айтты. Ақын еліміздің бас мүфтиі Әбсаттар Дербісәлінің соңғы жылдарғы зерттеулері- не сүйенген болар. Біз ойланып қалдық. Шынында да Есе- нов әл-Фарабиді танып, зерттеуші ғалымдардың еңбегін өз дәрежесінде бағаламағанда, қолдау көрсетпегенде ұлы ғалым өз Отанына қашан оралар еді? Кім білсін? Қазақстан жерінен шыққан басқа отыз ғұламаны туған жерге әлі оралта алмай отырған жоқпыз ба?! Неге? Себебі біреу – Шахмардан Есенов- тей өз ұлтын сүйетін, өз ұлтын ұлықтай білетін бір басшының, бір Азаматтың болмай отырғандығында емес пе?! Осыдан-ақ біз, Есеновтің ұлты үшін, қазақ халқы үшін қандай мәртебелі іс атқарып кеткенін ұқсақ керек! Қадіріне жетсек керек!
* * *
Қазақстан Ғылым Академиясына президент болған сәттен бастап Шахмардан Есенов қазақ тіліне, әдебиетіне, тарихына арнайы көңіл бөліп, түрлі шаралардың ұйымдастырылуына ұйтқы болды. Мысалы, 1969 жылы Есік қаласы маңынан бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген «Алтын адам» сүйегі табылды. Бұл дүние жүзі бойынша ерекше оқиғаға айналды, газет-журналдар жамырай жазып, теледидар сай-
рады. Әлем ғалымдары бұны әйгілі фараон Тутанхамон му- миясымен пара-пар келетін ғылыми олжа деп бағалап жат- ты. Жақында біз Алматыдағы Гёте институтының директо- ры Барбара Френкель-Тонетпен кездестік. Ол бізге осыдан бес жыл бұрын осы «Алтын адам» көрмесі Германияда өтіп, оны көруге келгендер кезегі екі айға дейін саябырламағанын, өзінің соңғы жиырма жылда көрген ең бай көрмесі болғанын айтты. Бұл әңгімеге мерейіміз тасыды. Бізді ел қатарына қон- дырып, жұрт қатарына тұрғызбай жүрген «ақсүйек» неміс- терді осылай мойындатқан ата-бабаларымызға риза болып, рухтанып қалдық.
Әл-Фараби туып-өскен Отырар қорғанын қазып, зерт- теу жұмысын жүргізіп жатқан ғалымдар ісін Есенов үнемі қадағалап отырды. Сол үшін Шәуілдірден бас штаб құрып, ғылыми жұмыстың нәтижелі жүруіне бар жағдайды жасады.
«Экспедицияның атқарған сан қырлы жұмыстарының нәти- жесінде ширек ғасырдан астам уақытта көне Отырарда және оның алқабында археологиялық қазба жұмыстар жүргізілді, олардың негізінде ондаған монографиялық еңбектер жарық көрді және белгілі ғалым, қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәні- беков дәл басып анықтағандай «Отырар өркенияты» (циви- лизациясы) деген ұғым Қазақстан тарихнамасынан орын ал- ды» дейді академик К. Нұрпейісұлы.
Қ. Сәтбаев тұсында дәстүрлі болған СССР Ғылым Ака- демиясының көшпелі сессиясын Алматыда өткізу ісін қайта жаңғыртты. Мұның өзі Қазақстан ғылымының дәрежесін биіктетті, оның өндіргіш күштері мен бай рухани мәдение- тінің дамуына жаңа серпін берді.
Бұл сессияларға СССР Ғылым Академиясының прези- денттері, академиктер: М.В. Келдыш, А.П. Александров, ака- демик И.А. Артаболевский, одаққа есімдері белгілі ғалым- дар келіп, Қазақ Академиясының инстиуттарын аралады, атқарылып жатқан ғылыми жұмыстармен танысты, ірі-ірі өнеркәсіп ошақтарында болды. Бұл Қазақстан Ғылым Акаде- миясының абырой-беделі төмендемегенін көрсетсе, ғалым- дарының да осал еместігін аңғартса керек. Оны бір ғана ака- демик Ш. Есеновтің шет елдердегі маңызды ғылыми конгрес- терге қатысып, баяндамалар жасап, Халықаралық ғылыми комиссияларға еніп отырғанынан-ақ байқауға болады.
Сол кездегі Қазақ КСР Ғылым Академиясының құрамын былайша таратуға болады. 1970 жылдың қаңтарындағы мә- лімет бойынша онда 8756 адам жұмыс істесе, оның 2958-і ғылыми қызметкер, 54 Академияның толық мүшесі, 45 кор- респондент-мүшесі, 200-ден астам ғылым докторы, 1000- нан астам ғылым кандидаты еді. Олар Академияға қарайтын 28 ғылыми-зерттеу институтының мамандары. Академия ға- лымдары ГДР, Польша, Чехословакия, Монғолия және басқа көптеген елдер ғалымдарымен бірлесіп зерттеулер жүргізді. Мысалы, Алматыдағы космос сәулелері станциясы – дүние- жүзіндегі аса ірі станциялардың бірі еді. Онда жоғарыда атал- ған мемлекеттердің ғалымдары жұмыс істеп, тәжірибе ал- масты. Сол кездің мағлұматына құлақ түрсек, Қазақстан Ғы- лым Академиясы дүние жүзіндегі 65 елдің 860 ғылыми ме- кемелерімен байланыста болыпты. Осы мәліметтердің өзі Қазақстан ғылымының биік дәрежеде болғанын айғақтап тұр. Ең бір қуанышты оқиға – 1971 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясы өзінің құрылғанына 25 жыл толуын атап өтті. Осы бір шараның үстінде Есенов өзінің барлық қырынан көрінді десе де болады. Қазақстан ғалымдарының жиырма бес жылда жеткен жетістіктерін баршаға танытып, келетін қонақтарға паш ету үшін түрлі идеяларды іске асырды. Ака- демия ұжымын жұмысқа жұмылдыра білді, небір белсенді жас ғалымдарды іріктей-танып, іске қосты. Олар да осын- дай ұлы доданы күтіп тұрғандай жанып, жалындап жұмыс
істеді.
Торқалы тойда президент Ш. Есенов «Қазасқтанның Ғы- лым Академиясы – республиканың ғылыми орталығы» де- ген тақырыпта баяндама жасады. Ол айтарын кең, терең бі- лімімен айшықтап, жүректі тербеп, ойды қозғайтын дәре- жеде баяндайтын. Сондықтан да оның баяндамасынан кейін қашанда ұзақ қол соғылып, қошемет көосетілетін. Бұл жо- лы да дәл солай болды. Осыдан ширек ғасыр ғана бұрын шаңырақ көтеріп, әлемдік ғылымға өз жаңалықтарын қосып үлгерген ғылым ордасының жетістіктері түбегейлі айтылып, оның іргесін қалауға ат салысқан ғалымдар есімі аталды.
Сессия жұмысына Қазақстанның мемлекет және Үкімет басшылары, СССР Ғылым академиясының президенті акаде- мик М.В. Келдыш, акдемиктер В.И. Смирнов, А.Л. Яншин,
сол сияқты Одақтас республикалар Ғылым академиялары- нан көптеген делегациялар қатысты.
Ғалымдардың халықаралық байланыстарының маңыз- дылығын тиіп-қашып болса да ілгеріде айттық. Соның ішін- де Қазақстан геологтарының халықаралық жиындарға қаты- суын бірінші болып қолға алған Шахмардан Есенов еді. Со- ның арқасында еліміздің геологтары Үндістанда өткен ХІ, Канада өткен ХІІ, Австралияда өткен ХІV Халықаралық кон- грестерге қатысты, Данияда болып, ондағы геологиялық-бар- лау жұмыстарымен танысты.
* * *
1972 жылы 24-ақпанда Қазақ ССР Ғылым Академиясы жал- пы жиналысының сессиясы академик Ш.Есеновті бірауыздан жаңа мерзімге президент етіп сайлады. Бұл жолы Есеновтің президенттікке сайлануы алғашқыдан өзгешелеу болды.
Алғашқыдай ешкімге сүйенген жоқ. Бұл мансапқа әб- ден лайық екенін төрт жылдық еңбегімен дәлелдеген. Ен- ді өзі мұрындық болған талай бастамаларын жалғастыруға мүмкіндік алды. Бірақ бір жылға жетер жетпестен Академия ішіндегі «ауа райы» өзгере бастады. Димекеңнің де көңілі бұрынғыдай емес, салқын. Кінәсізден кінәлі, жазықсыздан жазықты болудың мәнін түсінбей, ойы он саққа жүгіртсе де себеп-салдарын таба алмай шаршады. Қабылдауында да бол- ды. Онда да көмекшісі «уақыты болмай тұр» деп, бір-екі күн күттірді. Жолығуын жолыққанмен, салқын қабақтың сырын сұрай алмай, барған шаруасын айтып шығып кеткен-ді.
Бәрібір ой тарам-тарам, көңіл түйткілі тарар емес. Қанша жерден ойланғанмен себебін де, сырын да таппады. Баяғыда алғаш Жезқазғанға ертіп барғанда Қаныш ағасы: «кейде осы кер даламды сағынамын!» деп еді бірде. Енді түсініп тұр. Сөйтсе, асыл аға қаланың, саяси ортаның сайқымазақ тірлігінен шаршаған екен-ау. Енді сол шырғалаң өз басы- на түсіп тұр. Бұл не, тіршіліктің заңы ма, әлде, адамдардың пендешілгі ме? Түсініксіз, түлкібұлаң бір дүние.
Кешікпей академияның қойны-қонышына дейін тексеру- ге түрлі-түрлі комиссиялар бірінен соң бірі келе берді, ке- ле берді. Шахмардан бұл тексерістің ақырының жақсылыққа апармайтынын сезді. Жүрегі, ақыл-санасы сездірді. Бірақ та- биғат берген өзінің сабырлылығына салып, ләм-лим деп біреу-
ге ауыз ашпады, біреудің алдына барып арыз-шағым жаса- мады. Сабырмен жұмысын істей берді. Бірақ, бұл сабырлы қалыптың астарында денсаулық мүжіліп, жүйке жұқарды. Бір адамның салқын қабағынан бар тіршілік, дүние-әлем ке- рі айналып бара жатқандай сезілді.
Осы арада сол тұстағы ахуалдан аздап болса да сыр шертетін естеліктерге тағы да кезек берген орынды секіл- ді. Жоғарыда біз Халықаралық минералдық ресурстар ака- демиясының академигі Халел Беспаевтың лебізін келтірген- біз. Енді осы арада сол лебізді жалғастырудың орайы әбден келіп тұр.
– Шахаңмен жақсы танысып, қызмет бабымен жиі ара ласуымның екінші кезеңі 1967 жылдан басталды. Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары қызметінде жүрген Шахаң сол жылы Ғылым Академиясының президенті болып сайланды. Онымен қоса Қ.И. Сәтбаев атындағы Гео логиялық ғылымдар институтының директоры қызметін бірге атқаратын болды. Біз үшін бұл үлкен жаңалық еді, өйткені Академияның өзі де көп салалы институттар мен бөлімдерден тұратын және олардың бағдарбағыттары да, шешетін проблемалары да сан алуан еді. Демек, екі бір дей қызметті қатар атқарудың қиындығын сездік. Оның үстіне, жасыратын несі бар, кезінде Қаныш аға сияқты тұлғасы биік, қазақтың біртуар ғалым азаматының өзін де етегінен тартып, тұңғиыққа итермелеген, кері сөйлеп, қия тартатын адамдардың болғаны белгілі. Шамалары кел се аяқтан шалатын, қарсы тұратын адамдар әлі де бар екенін, олар Шахаңның ғылым саласындағы тәжірибесінің аздығын, жастығын, ғылыми көпшілікке әлі беймәлім екен дігін алға тартатынын президент сайлауының өзіненақ көргенбіз.
Ол кезде мен Ғылым академиясының бас ғалым хатшы сының орынбасарымын. Өндірісте және республикамыздың басшы лауазымды қызметтерінде жүріп әбден ысылған, тә жірибесі мол Шахаң үшін Академия жұмысын басқару он ша қиын сияқты емес еді. Бұған дейін ол негізінен Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің бөлімшелері мен салаларын, республикамыздың геологиялық мекемелерінің барлық қызметін негізінен практикалық мәселелерді ше шуге бағыттаса, енді, міне, Ғылым Академиясының то
лып жатқан институттары мен бөлімдері, ғылымның әр түрлі тармақтары бойынша ғылыми тың тақырыпта жұ мыс жүргізіп, ғылымизерттеу жұмыстарынан барынша мол практикалық пайда алу үшін күшжігерін біріктіріп, көптеген ғылыми тақырыпты бірбірімен үйлестіре жүр гізу қызметін басқаруға кірісті. Ғылыми институттар мен бөлімдер басшыларының да жұмысты әрдайым тың көзқараспен жүргізуін талап етті. Шахаңның ондағы мақ саты – ғылым мен практиканы тығыз байланыстыру, ғы лымның соңғы жетістіктерін өндіріске енгізу, сөйтіп, ғы лым орталығының бұрынғыдан да нығаюына барынша күш салу. Ғылыми зерттеулер әрқашанда комплексті жүргі зіліп, ғылымның практикалық маңызын басты бағдар етіп ұстады.
Шахаң жүргізетін мәжіліске президиум қызметкерлері, ғылыми институттардың басшылары қатынасатын. Кей бір мәселелерді шешуге өндіріс мамандары да кеңінен қатыс тырылатын. Ондағы мақсат, біріншіден, ғылым мен прак тиканы бірбірімен тығыз байланыстыру болса, екіншіден, өндіріс мамандарының бай тәжірибесін ғылыми тұрғыдан сол мәжілістің үстінде қорытындылап, әріптестеріне жеткізу болатын. Осындай мәжілістерде көтерілген мә селелерді, болмаса жекелеген ғалымдардың қойған пробле мары мен сұрақтарын шешуде де Шахаң сөзбұйдаға сал май, іскерлік көрсететін, күн тәртібі бойынша көтерілген проблемалардың бүгінгі жайын, маңызын жақсы түсінетін және оларды таяу арада іске асыру міндеттерін белгілей тін.
Президиум мәжілісін өзі қортындылап, тындырылған іс нәтижесін, халық шаруашылығы салаларын өркендетуге қажет рөлін бағалайтын. Ғылым Академиясының басшысы болып қызмет істеген жылдары Шахаңның бар мақсаты
– өзі басқарып отырған ғылым ордасының, оның бөлімдері мен институттары, кезінде Қаныш аға негізін қалап, бас ты бағытын айқындаған ғылым салаларының өз деңгейінен, көтерілген биігінен төмендемей, қайта өрлей беруі болатын. Бұл бағытта ол біршама, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар да істеді, ұйымдастырушылық талантын та нытты. Ғылым Академиясы және оның бөлімдері Шахаң ның басшылығымен жылданжылға қанат жайып, нығая
түсті. Білікті кадрлардың жаңа буыны дайындалып, сан жағынан да, сапа жағынан да өсті. Ғылым Академиясы инс титуттарының ғылыми жұмыстары өндіріспен де, жос парлау мекемелерімен де шығармашылық ынтымақта жүр гізілді. Академияның басты бағыттары жедел дами бас тады, өндірістің көптеген проблемаларын қамтыған жұ мыстардың нәтижесі республика шеңберінде ғана емес, Одақ көлемінде белгілі болды.
Академияның сан қилы, сан қырлы қызметі Шахаңның өз басының шығармашылық ғылыми жұмысын ұмыттыра қойған жоқ, геологиялықбарлау жұмыстарына басшылық жасап кен орындары мен аса ірі кенді аймақтардың гео логиялық даму ерекшеліктерін, қалыптасу заңдылықтарын ой елегінен өткізіп, қорытындылар жасап, оларды баспасөз беттерінде жариялап, ғылыми көпшілікке, әсіресе, жұмыс тың практикалық маңызына мұқият қарайтын өндіріс ма мандарына жеткізіп отырды.
Бір мысал келтіре кетейін. Қ. Сәтбаев атындағы Гео логиялық ғылымдар институты ірі ауқымды металлоге ниялық ғылымизерттеу жұмысын бүкіл Қазақстан аумағы бойынша жүргізуге кірісті. Шахаң сол жұмыстың ғылыми жетекшілерінің бірі болатын, оның басшылығымен және тікелей қатысуымен жүргізілген жұмыс нәтижесінде Қа зақстанның металлогениялық карталары жасалып, көпте ген кен орындарының қалыптасу заңдылықтары ашылды, кейбір сирек кездесетін, бірақ өндіріс салаларына тым қа жет элементтердің таралу ерекшеліктері айқындалып, солардың негізінде кен орындарын іздестірудің прогресті әдістері дүниеге келді. Міне, осындай күрделі, жанжақты жүргізілген жұмыстың негізгі әдістерін, олардан жасалған басты қортындыларды практикаға енгізу проблемаларын Шахаң көптеген сессиялар мен симпозиумдарда басты мә селелердің бірі ретінде қойып жүрді.
Ең бастысы, Қазақстанда металлогенияның дами тү суі кен орындарын іздестіру әдістәсілін жеңілдетті. Ша хаңның басшылығымен 60шы жылдардың аяғы мен 70ші жылдардың басында жүргізілген бұл жұмыстың, кезінде Қаныш ағаның қолдауымен дүниеге келген, кейіннен оның шәкірттері жалғастырған комплексті металлогениялық
ғылымизерттеу жұмыстарының нәтижесі он бір том дық монографияға айналды. Академик В.И. Смирнов: «Дү ниежүзілік практикада бұрынсоңды болмаған энциклопе диялық басылым», – деп бағалады. Аса көрнекті металлоге нист ғалымның бұл бағасы, Шахаңның жеке басына да бер ген баға еді.
* * *
Шахаңның есімі аталуының өзі біреулердің қай-қай- дағысын қоздырып, арам ниетін өршіте түскендей. Мұны біз жоғарыда талай сырды ашқан ғылым докторы, профес- сор, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Садуақас Құр- мановтың мына бір лебізінен аңғарамыз:
– Есенов шешкен мәселелер мойындалмай, айтқандары мақұлданбай жүрген кезде, тағы бір әділетсіздікке нақақ таннақақ душар болған жайымыз бар. 1974 жылдың ал ғашқы күндерінің бірінде, Алматыда іс сапарда жүріп Ша хаңа кіріп, ЕділЖайық өзендері аралығының Оңтүстігін де ашылып, өндірістік пайдалануға қосылған мұнай мен газ кен орындарының Қазақстан экономикасы үшін аса маңыз ды екендігін, сол ашылымды 1975 жылдың Мемлекеттік сыйлығына ұсынуды мәселе етіп қойдым. Бұндай қадамға итермелеген аты әйгілі болып үлгерген Мартыши, Камы шитовый, Жаңаталап, Гран сияқты кен орындарын иге ру үшін әдейі құрылған «Жайықмұнай» деп аталған жаңа мұнай өндіру басқармасының бұрқыратып мұнай өндіріп, жеңістен жеңіске жете беруі еді. Ол кезде Шахаң Қа зақ ССР Ғылым Академиясының президенті. Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің төрағасы да өзі. Мар құм, ол ашылымды білетіндігін, өйткені кезінде «Жайықмұ найды» құру туралы шешім қабылдаған Үкімет мәжілісіне қатысқандығын, ашылымның аса маңыздылығын, оны Мем лекеттік сыйлыққа ұсынуға болатындығымен келісетінді гін, сондықтан ұсынысты қолдайтындығын білдірді. Біз сол келісімге сәйкес, сыйлыққа ұсынылмақ тұлғаларды пар тия органдарымен келісіп, тездетіп құжаттарды даярлап, үміткерлерді еңбек ұжымдары жиналыстарынан өткізіп, бір айай жарымда бәрін тамамдап, наурыз айының 27 жұлдызында үлкен бір томдық жұмысты сыйлық беретін комитетке апарып тапсырдық. Комитеттің ол кездегі жа
уапты хатшысы, бүгінде марқұм Арысбай Қуанышевтың
«қарауға қабылданды» деп қағазымызға қолын қойып, «жұ мыстарың сыйлық алуға тұрарлық екен» дегені де есімде.
Сол екі ортада Шахаң Ғылым Академиясы президентті гінен босатылып, Геология министрі қызметіне ауыстырыл ды. Жаңадан тағайындалған Президент, Мемлекеттік сый лық жөніндегі комитет төрағасы Асқар Қонаевты біздің құжаттармен таныстырғанда, жұмысымызды Есенов қол дап, сыйлық алып бермекші болған деп баяндаса керек. Со дан ба, әйтеуір жаңа бастық сыйлық беруге тұрмайды деп, кері қайтаруға шешім қабылдапты. Комитеттің жа уапты хатшысының міндетін атқарушы Н. Колтихина де геннің: «Жұмыстарың конкурстан өтпей қалды» деген қысқа жауап хатын ғана алдық. «Есенов мақұлдапты» де ген сөзге бола, ерен еңбек «сыйлыққа лайық болмай» шық ты. Сол жылы мұнай геологиясы саласында біздікінен бас қа ұсынылған жұмыс та болған жоқ еді. ЕділЖайық өзен дері аралығының оңтүстігінде төрт кен орны барланып, олардың үшеуінде мұнай өндіру басталып, 1974 жылыақ олардан өндірілген мұнайдың жылдық деңгейі 1 млн. 350 мың тоннаға жеткенді. Бұл өңірдің мұнайлыгаздылығы туралы біздің геологиялық болжамдарымыз сол кездеақ расталып, оның дұрыстығы өткен жарты ғасырға таяу уақыт бойы дәлелденіп келеді. Ол төрт кеннен басқа, тағы он алты кен орны ашылып, өндірістік пайдалануға қосылды. Қазіргі уақытта бұл мұнайлы ауданнан Қазақстанның өз меншігінде қалған екі бірлестіктің бірі «Эмбамұнайгаз» әлі күнге дейін Қазақстандағы ең жоғары сапалы мұнай алу да. Әділетсіздіктен мен ғана емес, менен басқа да адам дар, соның ішінде мұнайшы ардагерлер марқұм Шектібай Бармақов, Таумыш Жұмағалиев, Бөлекбай Сағынғалиевтар зардап шекті.
Ұзақта қалған сол жылдардың, сол сәттердің шындығын Ғылым академиясында қызмет істеген биология ғылымы- ның кандидаты Н.В.Ниретина одан әрі аша түседі:
– Мен Академияның бес президентімен қызметтес бол дым, сондықтан жинаған тәжірибем мен бүгінге дейін жа саған жұмысымның биігінен сенімді түрде айтарым: Ака демия президиумында жұмыста болған жылдарымның ең жарқын кезеңі Шахпен қызметтес болған уақытым.
Академияның президиумына мен өзімнің ұстазым, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі Дарханбаевтың ұсы нысы бойынша Шахмардан Есенұлының президенттікке сай ланғанына тура үш ай толғанда келдім.
Аппараттың кәнігі қызметкерлерінің аузынан ұлы Сәт баев туралы, қатал, бірақ әділетті Ш. Шөкин туралы, және жаңа президенттің академиялық ортадан емес, жоғарыдан келгені туралы естідім. Ш. Есеновті Д.А. Қонаевтың өзі ұсынғаны, ғылым кандидаты бола тұра, корреспондент мүшелікті аттап өтіп академиктікке, одан Президенттік ке сайланғаны туралы әңгімелер естідім.
Биологиялық ғылымдар бөлімінің ғалым хатшысы қыз метін атқара жүріп алыптарды көру мені шаттыққа да бөледі, қорқыныш сезімін де ұялатты. Екі жылдан кейін бас ғалымхатшы Ж. Ержанов мені өзіне орынбасар етіп алды да, осы кезден бастап менің Шахмардан Есенұлымен кез десулерім жиілеп, оның Академиядағы қызметінің соңғы күндеріне дейін жалғасты. Мен оның дауысын көтеріп, біздің аппараттағылардың біріне ауыр сөз айтқанын есті ген емеспін. Қаталдық пен менмендік ғылымды да жайлаған қазіргі шақта бұрынғылар еске түседі де, әрі үрейленесің, әрі ыза боласың. Ол кездегі аппаратқа деген құрмет пен ізетті Академиядағы соңғы 25 жылда ұмытып та үлгердік. Ш. Есенұлы, әсіресе жоспарлауқаржы бөлімінің бастығы И.Г. Мульгинмен достық қатынаста болды.
«Тілектестердің» сыбырлап, «бұлай жасамаңыз» дегеніне ол бұл бөлім мені ұятқа қалдырған емес, егер онымұны бо лып қалса, түгел қирайды деп жауап беретін.
Ешқандай қақпайлау, артық бақылау, қыжыл – мұның бірі де бізге қатысты орын алған жоқ. Біз де оның кез кел ген тапсырмасын уақтылы және сапалы атқаруға ты рысып бақтық. Бұл жерде де оның табиғи ақылмандығы, кеңінен болжап, бағдарлау қасиеті мен мұндалап тұра тын.. Кейінірек КСРО ҒА президумы жанындағы үйлестіру жөніндегі кеңестегі біздің кураторлар кейбір басшылары мызға: «аппарат – әлеуметтік күш, ол сіздерді аспанда тады да, өте төмен құлдыратып жіберуі де мүмкін, мұны ұмытыңыздар» дегенін де естідік.
Шахмардан Есенұлын аппараттағылар шын ниетімен құрмет тұтты. Біздің кешкі ойынсауықтарымызға ол жиі
келетін, бірде өлең оқып, өзінің қарапайымдылығымен бізді, әсіресе, әйелдер жағын тәнті еткені бар.
Қоғамдық ұйымдармен жиі ақылдасып, біздің ұсыныс тарымыз бен пікірлерімізді сұрап, біліп отыратын.Тұрғын үйге мұқтаждардың барлығына дерлік Төлебаев – Абай, Фурманов – Калинин көшелері қиылысында бой көтерген үй лерден пәтер алып берді. Оның пікірі – «қызметкерлеріңнен жұмысқа толық берілуді талап ету үшін, оларға тиісті жағдай жасау керек». Сол кезде жүздеген ғалымдар – док торлар мен академиктер тұрғын үйге мұқтаждар қата рында еді. Шахаң жауапкершілікті өз мойнына алып: мен солармен жұмыс істеймін, сондықтан оларға қамқор бо луым керек деп мәлімдеді. Содан кейінақ қаңқу тоқтады, өйткені пәтерді шын мәніндегі мұқтаждар мен еңбегі сің гендер алды. Оның үстіне Ш. Есенов босаған пәтерлерді ака демияның өзінде қалдыру туралы үкіметтің шешімін шы ғартып алған еді. Сөйтіп, 19701973 ж.ж. көптеген адам дарды тұрғын үймен қамтамасыз етті. Шиеленістерді ол жедел, әділетті шешетін. Мұндай басшы үшін қалайша жанқиярлыққа бармайсың? Біз оны шеф, босс деп емес, ізгі ниеттен «Шах» деп атаушы едік.
Оның шешім қабылдаудағы батылдығы көбімізді таң қалдыратын. Ол бүкіл академиялық институттарды аралап, олардың істерімен және материалдық базасымен танысып отыратын. Содан кейінақ жас академикпрезидент бар жоғы 40 жасында бірқатар институттардың тіс қаққан, өзінен көп үлкен басшыларын орнынан алып, директорлыққа жас, перспективалы ғалымдарды ұсынып жүрді. Өмірдің өзі көрсеткеніндей Президенттің шешімдері қателіктер мен кездейсоқтықтардан ада болатын. Бірақ өкпелеушілер мен ұнатпаушылар қатары да азайған жоқ.
Шаруасы шаш етекетен Шахмардан Есенұлы қаржы мәселелерін шешуді бірінші вицепрезидент Д.В. Сокольский ге тапсырған. Барлығы да мұны дұрыс деп санаған.
Дегенмен сөз тасығыштар анау олай емес, мынау бы лай емес дегенді құтыртып, ақыры принципті, шамшыл Д.В. Сокольский екеуінің арасы суып, жанжалға дейін бары сып жүрді. Сөйтсе де Шахмардан Есенұлы қаншалықты қиын болса да, Димитрий Владимировичпен соңғы күндерге дейін ештеңе болмағандай бірге қызмет атқарды.
Жастарды қолдауда, Ғылым Академиясының жас ға лымдар кеңесін ұйымдастыруда Шахмардан Есенұлы баға жетпес рөл атқарды. Ол жас ғалымдардың бірінші съезін өткізіп, жастардың дербес ғылыми жұмыстарының нә тижелерін жариялауға жәрдемін аяған жоқ. Кездесулер мен конференциялар жоспарланып, үнемі өткізіліп тұрды. Бұл проблема тек М.А. Айтқожинның тұсында ғана қайта жанданды.
1973 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі алғаш рет «Таби ғатты қорғау туралы» Заң қабылдады. Осыған орай Мәс кеуде ВАСХНИЛдің қатысуымен КСРО Ғылым Академия сының кеңейтілген сессиясы шақырылды. Осы тектес ша ра ұйымдастыру ойластырылып, тәжірибе жинақтау мақ сатымен Мәскеуге академик И.Г. Галузо аттандырылды. Ш.Есеновтің өзі бара алмайтын еді, өйткені ол күнбекүн Орталық Комитетке «кілем үстіне» шақыртылып жатқан кез еді бұл. Оған жан шыдатпастай қысым көрсетіле бас тады. ЦКдан Академияға қайтып келгендегі көңіл күйіне қарап біз кездесу қалай аяқталғанын бағамдайтынбыз. Ол үшін біздің жанымыз ауырды, оның президенттікке екінші рет осыдан 2 жыл бұрын ғана сайланғанын медет тұтсақ та, қайдағы бір жағымсыз мәселелердің қордалана түскенін сезіп жүрдік. «Табиғатты қорғау туралы» заңды жүзеге асыру мәселесі қаралмақ кезекті сессияға дайындықты Шах мардан Есенұлы жүйкесі тоза жүріп жүргізді. Оның вице президенттермен (Д.В. Сокольский, А.М. Қонаев, А.Н. Нү сіпбеков) қарымқатынастарына жік түскен, одан да со рақысы болмасын деп біз жүрміз үрейде. Олар, әсіресе, ал ғашқы екеуі сыртқа сөз таситын. Ал Бас ғалымхатшы, Ш. Есеновтің арқасында ғылым докторы да, академик те бо лып алған кісі, өзінің тікелей бастығының сөзін елеуді де, айтқанын істеуді де қойған. Президент тек қана бізге сен ді. Бас ғалымхатшының үш орынбасары біздерді шақырып алып өзінің идеялары мен жоспарларымен бөлісіп, ұсыныс тар жасауымызды сұрайтын. Осындай жағдайда біз ке зекті шараларды белгілеп, соларды жүзеге асыруға белсе не кірісіп кететінбіз. Қиыны сол, біздің бастығымыз бо лып есептелетін кісі мұндай басқосуларға келмейтін, не бо лып жатқанын білмейтін. Біздің жағдай балға мен темір төстің арасында қалғандай еді. Егер, Олег Иванович Алек
сеев пен Арысбай Қуанышұлы Қуанышевқа жастарына, ер азаматтығына қарай тоқпақ азырақ тисе, маған ішіндегі ең жасына әрі әйел баласына үш адам үшін таяқ жеуге ту ра келді.
Енді міне табиғатты қорғау мәселесі жөніндегі сессия ны даярлау істері И.Г. Галузо мен маған тапсырылды.
Біз Мәскеуде, жалпыодақтық сессияда болғанбыз, түй геніміз бар, барлық ұсыныстар мен тілектерді алдына әке ліп қойдық.
Бірақ, жоғарыдағылар бұл сессияны өткізуге рұқсат бермеді, байқауымызша олар Ш. Есеновтің шешендігін, іс керлігін, болмысының ұлылығы мен абыройының асқақты ғын тағы бір рет көргісі келмеген сыңайлы. Дәл осы кезде мені Жақан Сүлейменұлы Ержанов кезекті рет шақыртып алды. Ол жалпы зиялы, сабырлы кісітін, ал енді өзіне жа распайтын сарында егер мен сессияны дайындаумен одан әрі шұғылданатын болсам орнымды босататынымды, мен президенттің емес, оның орынбасары екендігімді қатал ескертті. Мен оған қарсылық білдірдім, содан екеуміздің қарымқатынасымыз біржола бүлінді. Оны Президиумның жұмысы ешқашан қызықтырмайтын, ол үлкен ғалым, бі рақ нашар ұйымдастырушы еді, сондықтан бейбіт қатар өмір сүрдік. Ал, енді оның сондағы айтқаны күні бүгінге дейін есімде. Әрине, бұл маған емес, президентке қарата айтылған еді, оның қолынан келгені орынбасарларына пре зидентке көмектесуді тыю болатын. Бірақ бұған да оның қуаты жетпеді. Сессия, қарсылықтар мен тиымдарға қа рамастан, өз уақытында жұмыс істеді.
Тура екі ай өткенде Шахмардан Есенұлы қызметтен босатылды. Одан бері талай жыл өтсе де (сәуір, 1974 ж) күні бүгінге дейін әділеттілікке, объективтілікке сенуден қалғандай күй кешемін.
Біз Шахмардан Есенұлының кезекті рет Орталық Ко митетке кеткенін білдік те, хабар күттік. Бізді, бөлім бас шыларын, парторг, кәсіподақ лидерін, т.б. Есеновтің ка бинетіне шақырды. Біз толқу үстінде, аздаған болса да үмітпен, ішке ендік. Сөздің тікелей де жанама да мәнінде ірі, сымбатты, сұлу адам бізге қызметтен кетуге мәжбүр екенін жеткізді. Республика басшылығы ол бүгін геология лық қызметте пайдалырақ деп шешіпті.
Оған жұмыс бойынша да, басқа мәселелер бойынша да ешқандай ескертулер болған жоқ. Ол өтініш жазуға әрине келіскен, сондықтан өзіне жақын адамдарды шақырып со ны айту, және ең бастысы көмегі үшін, ықыласты жұмыс үшін, қолдау мен түсіністік үшін ризашылығын білдіруді жөн санаған. Кабинетті үнсіздік жайлады, осылай боларын сезсек те, бұл хабар төбеден мұздай су құйып жібергендей әсер ет ті, екінші жағынан президенттікке кімнің келерін біліп алған адамдар әлдеқалай болар дегендей сезімдерін жасырды.
Ал мен болсам өзімді ұстай алмадым, ұстағым да кел ген жоқ. Қапаланғаным соншалық, ашықтанашық жыла дым. Шахмардан Есенұлы мұны көріп, бірге атқарған жұ мыстарымыз туралы айтты. Тіпті жылы да, жағымды сөз дерін де аяған жоқ. «Сақ адамдар» кейін маған сен не «ес сіз» немесе «ер» әйелсің дегенді айтып жүрді. Ондағылары отырғандардың бірі болмаса бірі жаңа бастыққа сенің Есе новке деген сезіміңді жеткізер дегендері болса керек. Бірақ мұндай сөздердің маған әсері болған жоқ, құдайға шүкір, бүкіл өмірім өзімнің табиғи күйімде жалғасуда. Мен нақты президентке емес, ұлы мәртебелі Академияға қызмет ет тім деп әрқашанақ айтып жүремін.
15сәуір, 1974 жыл. Қатысқандар: Министрлер Кеңе сінің төрағасы Б. Әшімов, ОКтің 2хатшысы В.К. Месяц, ОК хатшысы С.Н. Имашев, ОК мен Министрлер кеңесінің ғылым және ЖОО бөлімдерінің меңгерушілері Т.К. Қатаев, И.В. Шунаев. Мерзімі бойынша бұл 1973 жылдың есеп бе ру сессиясы болатын. Төраға Сокольский, есепті баянда маны бас ғалымхатшы Ж.С. Ержанов жасаған. Сессия күн тәртібінде ұйымдастыру мәселесі жоқ, бірақ, сессияның не үшін шақырлағанын барлығы да біледі. Есептік баяндама бойынша қаулы қабылданған соң Сокольский Шахмардан Есенұлының өтінішін оқыды. Сессия жарғыны бұзып, ашық дауыспен Есеновтің босатылуын қолдады. Бір ауыз алғыс та айтылған жоқ. В.Н. Месяц президенттікке вицепрезидент А.М. Қонаевты ұсынды. Оның «белсенді де жемісті ғылыми ұйымдастырушылық және қоғамдық қызметін» атап өтті. А.М. Қонаевтың кандидатурасын СОКП ОКі, КСРО ҒА ның президиумы, Қазақстан КП ОКі мақұлдағанын айт ты. Кандидатураны Соколський, Марғұлан, Рафиков, Горя
ев, Кеңесбаев қолдап сөз сөйледі. Есептеу комиссиясын Го ряев басқаратын болды.
Дауыс бергендер саны 42, жақтағандар 41, қарсы 1, Ш. Есенов өтінішінің мәтіні: «Қазақ ССР Геология минис трі болып тағайындалуыма байланысты мені Қазақ ССР ҒАның президенті қызметінен босатуды сұраймын. Қазақ ССР ҒА президиумының мүшелеріне зор қолдауы және біздің бірлескен жұмысымызға қосқан үлесі үшін алғыс айтамын. Академик Есенов».
ОК бюросы мен Үкіметке алғысы жоқ, ол кезде бұл мін детті болатын. Мұның өзі оның рухының қуаттылығын, батылдығын көрсетсе керек. Менің ойымша, тек қана Пре зидиум мүшелеріне әдейілеп тұрып алғыс айтқан.
Ал, енді өзінің «Өтті дәурен осылай» кітабында Д.А. Қо наев былайша сипаттайды: президентікке инженергео лог, Лениндік сыйлықтың лауреаты, ҚазССР Министр лер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып істеп жүрген Ш.Есенов сайланды. Сайлау кезінде ол көп қиындықпен өт ті. Жеті жылдан кейін оның геология министрі боп та ғайындалуына байланысты ғалымдар оны президент мінде тінен босатты. Кейін ол педагогикалық жұмысқа ауыс ты. Міне енді ҒАның президенті қызметіне кімді ұсынау мәселесі туындады. Белгілі қазақ ғалымдарының бір тобы (он адам) президент етіп менің туған інім – техника ғылы мының докторы, профессор, Қазақ ССР ҒАның академигін сайлау жөнінде өтініш жасады. Оның кандидатурасын СОКП Орталық Комитетінің ғылым бөлімі және ССРО Ғылым Академиясының президиумы мақұлдады. Мен келіс кенім жоқ...».
Бұл үзінді кітаптың орысша нұсқасынан тікелей ауда рылды. Елге бүгін де сыйлы ақсақалымыз кейбір нәрселерді бүгіп қалған. Біріншісі – екінші рет сайланғанда акаде миктер оның кандидатурасын бірауыздан қолдағанын, екіншісі – қайта барған қызметінен Ш. Есеновтің да лалық экспедицияға жұмысқа жіберілгенін, үшіншісі – пе дагогикалық жұмыста оның кафедра меңгерушілігінен де қуылғанын.