ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН - Бірінші Тарау
1944 жыл, жаз, соғыс әлі жүріп жатыр.
Шахмардан Алматыға оқуға баратын болып шешті. Бұл әке мен ананың да арманы еді....
Анда-санда ышқына-ышқына айғайлап, төбесінен бу- дақ-будақ қою түтін бұрқыратып дәу қара паровоз алға ұм- тылып-ақ келеді. Ол қанша тез жүйткідім дегенмен терезе- ден далаға телміре қарап тұрған, мұрты енді-енді тебіндеген үш жасөспірім үшін өте баяу жүріп келе жатқандай.
- Түу, қашан жетеміз Алматыға? – деді, тағаты таусылған Сәрсен ақырында.
- Әрі қарай көшіп кеткен бе өзі, екі күн болды. жетер емеспіз ғой, – деді Асан.
- Жетуін жетерміз-ау, оқуға түсуді айтыңдар. Сәрсен сен сонымен мединститутқа баратын болдың ба, әлде ойландың ба? Үшеуміз бірге оқиық та, пединститутқа жүрсейші, – де- ді Шахмардан досына қарап.
- Жоқ, менің дәрігер болғым келеді. Бір қаладамыз ғой, кездесіп тұрамыз. Асан, сен не істейтін болдың? – деді Сәр- сен.
- Шахмардан КазПИ-ге барайық дейді ғой, мұғалімдіктің училищесін бітірдік, енді институтын да бірге оқиық дейді,
–деп, Шахмарданға қарады.
Үшеуі де үнсіз. Көздерін көкжиектен алмайды. Домалақ жер дөңгеленіп-дөңгеленіп, дөңгелек астына түсіп жатыр. Сана- дағы сансыз арман қиял қанатына мініп-ап, сонау-сонау алысқа алып-ұшып барады. Кеудесін қайқайтып алған қара пойыз жаз- дың аңызақ желін қақ айырып алға өрши ұмтылады.
«Өмір» деген ұлы керуенге енді ілескен үш жасөспірім арман қанатында Алматыға қарай ұшып келеді...
Пойыздан түскен оларды ұшар басына ақ кимешек ки- ген қарт ана – Алатау қарсы алды. Күн қайнап тұрса да, тау басындағы қар ерімеген. Шахмардан тауға қарап тұрып: «біз-
дің Қаратаудың басында ғой өмірі қар жатпайды, ерте көк- темнен-ақ еріп кетеді. Қызық» – деді. Соғыстың табы сезі- леді. Вокзал басындағы қара қалпақ радио саңқылдап, май- дан хабарларын беріп тұр. Арлы-берлі сапырылысқан адам- дар. Киімдері де жұпыны, жүздері де сынық. Асан мен Сәрсен институттарына асықты. Енді кешіксе жұмыс бітіп, жатақ- ханадан орын ала алмай қалуы мүмкін.
Шахмардан әкесінің інісі Бабабектің қызы Аяш әпкесінің үйіне бармақшы. Шахмардан егделеу келген ер адамға қо- лындағы адресті көрсетіп, жөн сұрады. Ол бәрін, қалай ба- ру керектігін түсіндіріп берді. «Менің балам кетіп бара жа- тыр, күтіп алыңдар, оқуға түсіріңдер!» деген базынаны Жо- рабек қарындасы Аяшқа жасамады. Айтатын несі бар, бәрі де түсінікті емес пе. Бөтен біреу болса екен, тәптіштеп ай- тып, көмек сұрап жалпақтайтын. Өз туысы емес пе. Әкесі Шахмарданның қолына Аяштың адресін ұстатты да: «қазақ сұрай-сұрай Меккені де тапқан, балам. Оған қарағанда Ал- маты таяқ тастам жерде емес пе, табасың, жолың болсын!» деп, пойызға салды да жіберді.
Шынымен-ақ, көп әуре болмай, әпкесі Аяштың үйін та- уып алды. Сол кезде «Казачья» атанатын көшедегі нөмірі бе- сінші, бір қабатты үйдің есігін қақты. Ешкім аша қоймаған соң, есікті ішке қарай итеріп еді, көп адамның дабырлаған даусы естілді. «Басқа үй болар?» Шахмардан тосылыңқы- рап тұрып қалғанмен, әпкесі Аяштың үйін дұрыс тауып еді. Сөйткенше болған жоқ арғы жақтан бір әйел адам шықты. Есік алдында ұзын бойлы, әдеміше келген жас өрен тұр. Екеуі де бірін-бірі таныған жоқ. Қайдан танысын, олар бі- рін-бірі жаңа көріп тұрса. Аяш ауылдан кеткенде Шахмар- дан әлі туылмаған болатын. Аяш ағасы Жорабектің қолын- да тәрбиеленді. Ер жетіп, есейген соң бар салмақты ағасына салғысы келмей, жұмыс іздеп Қызылордаға, одан әрі Алма- тыға кеткен. КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалы- ның шаруашылық жағын басқаратын Сыдықов Тәңірберген деген азаматқа тұрмысқа шыққан, балалы-шағалы болған. Ғылым ордасының мың-сан шаруасын шешемін, академик ағасы Қаныштың сенімінен шығамын деп жүріп Тәңірберген жары Аяшты төркіндетуге де мұршасы келмеген. Туыс іздеп, ел қыдыратын мүмкіндік те болды ма ол кезде.
- Қалқам, кім керек еді? – деді әйел.
- Мен Шиеліден келдім, Жорабектің баласы Шахмар- данмын, Аяш әпкемді іздеп келдім, – деп, қысқа қайырды. Сол сол-ақ екен Аяштың түрі бозарып, даусы дірілдеп, «ба- уырымдап!» Шахмарданды бас салды. Талайдан жиналған сағыныштың өксігі кеудесін кернеп, көз жасы болып ағылды. Үйдегі қонақтардан қысылғандай тұншығып-тұншығып жы- лады. Қайтсін, ағайын-туманы көрмегелі көп-көп жылдар өтіп кетті. Не керек, үйдің іші әп-сәтте абыр-сабыр болды да қал- ды. Аяш Шахмарданның қолынан жетектеп, бір топ қонақ- тар отырған үлкен бөлмеге әкелді де, «менің төркінім!» де- генді іштей айтып, аса бір мақтаныш сезіммен оны таныс- тырды. Әкесі Бабабекті, ағасы Жорабекті еске алды, туған топырақты сағынғанын сездіріп, көңілі босады.
Шахмарданды үстел басына, дастарқанға шақырды. Ол отырғандарға көз тоқтата қарады. Үш әйел, үш ер адам. Жұ- байлар болар деп топшылады. Қақ төрдегі шашы толқында- лып, маңдайы жарқырап, ақжарқын отырған адамға басқалар- дың ілтипаты ерекше. «Қанеке, Қанеке!» дейді жалпылдап. Әдемі киінген, сыпайы сөйлейтін бұл адамдарға Шахмар- дан, шыны керек, қызыға қарап қалыпты. Ауылдағы жер- лестеріне ұқсамайды, бұларда пәктік, зиялылық бар. Тамақ алып, осылай өз ойымен өзі әлек болып отырған оған жез- десі Тәңірберген:
- Қалқам, жолың болады екен. Қандай жақсы адамдар- дың үстінен түстің, дәмдес болып отырсың...Төрде отырған ғалым ағаң, қазақ халқының бүгінгі мақтанышы Қаныш Сәт- баев..., – деді де, осы үрдіспен қалғандарын таныстырып шық- ты. Бәрі мықты. Олардың есіміне тіркеліп жатқан, бұрын Шахмардан көп ести қоймайтын, кілең «профессор-доктор- директор...» деген атақ пен лауазым.
Бәрінің шыққан тектері қазақ ауылы болғандықтан ба, әлде қалалық мәдениеттің көрінісі ме, әйтеуір, Шахмардан- ды жылы қабылдап, жақсы ықыластарын аямай жатыр. Аяш- та жан қалған жоқ, өлген әкесі тіріліп, барша Шиелі мен Тар- тоғай көшіп келгендей: «іш, же» деп, құрақ ұшып жүр.
Әңгімені баппен айтып отырған Қаныш бір кезде Шах- марданға барлай бір қарады да:
- Иә, қалқам, қандай оқуға келдің? – деді. Алматыға жас- тың бәрі оқу іздеп келеді ғой дегендей.
- Педучилищені бітірдім... ҚазПИ-ге түсем бе деймін,
- деді. Үнінде өзіне-өзі сенетін адамның екпіні бар. Бұл Сәт- баевқа ұнады. Жыл сайын оқу іздеген жастардың көбейіп ке- ле жатқаны, ертең соғыс бітсе одан да зор болатыны, қазақ- тың болашағы хақында түрлі әңгіме айтыла бастады. Шах- мардан бұл әңгіменің бәрін тапжылмай отырып, зейін қоя тыңдады. Жасөспірімнің бұл қылығы да Қанышқа ұнады. Бір кезде:
- Шахмардан, сабағың қалай, педучилищені қалай бітір- дің? –деді.
- Жақсы аға, беске бітірдім, – деді, Шахмардан.
- Математика мен физикаға қалайсың? – деді Қаныш.
- Бәрі де бес қой, аға.
- Аяш, Тәңірберген, сендерге тапсырма, мына Шахмар- даннан геолог жасауымыз керек, қазір мұғалімдер көбейді ғой, жетіспей жатқан барлаушы-геологтар! Қазақ балалары түсінбейді, бара бермейді... сондықтан сендер балаға түсін- діріп, документін геология факультетіне тапсырыңдар, – де- ді. Өзімсінгендіктен сөз ырғағында бұйыру бар. Қалған қо- нақтар «Қанекеңдікі дұрыс, Қанекеңдікі дұрыс!» деп, қол- паштап кетті. Бар әңгіме-пейілдің өзіне ауғанына Шахмар- дан ыңғайсызданып қалды. Оның үстіне «геология» деген сөздің мәнін де, не мамандық екенін де жете түсініп тұрған жоқ.
Не керек, жан-жақтан жамырай айтылған «...өзгелерден қалып барамыз, басқалар билеп кетеді... жастарды тәрбиелеу керек... Қазақстан – тұнған байлық... халық... ел мен жер...»
- әңгімелерінің бәрі осы төңіректе. Ауыл ақсақалдарының: қойың қоздады ма, сиырың қашты ма, қай баласың, руың не... әңгімесіне мүлдем ұқсамайды.
Қызық. Тура Шахмарданның келуіне орай, оның қандай оқуға түсу керектігін талдап-талқылауға арнайы жиылған секілді. Табиғатта таң қалатын тылсым тіршілік көп қой. Ал, осындай тосын кездесу өміріңді өзгертіп жатса, таң қал- мағанда не істемексің?! Не керек, отырыстың соңында Шах- мардан өзі толық түсініп тұрмаса да, геология факультетіне құжаттарын тапсыратынына уәде берді.
Ол кезде емтихан да соншалықты қатал болмайтын. Оқу іздеп, талаптанып келген жастың меселін қайтармай, инсти- тутқа ала беретін кез еді. Сыры біреу – оқыған, білімді түрлі
мамандық иелерін тез арада өсіріп шығару, білімді-білікті ел- ге айналу. Мектепті онсыз да жақсыға бітірген Шахмарданға мұндай жеңілдіктің қажеті бола қойған жоқ, емтихандарын ойдағыдай тапсырып, Кен-металлургия институтының гео- логия және барлау факультетінің студенті атанды.
Абай айтпай ма:
Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз мас күнің, Кімді көрсең – бәрі дос.
Студенттік кезде шынында да Шахмарданда дос көп бол- ды. Ашық-жарқын мінезді ол көптің ортасына түсісімен-ақ досты да, жолдасты да молынан тапты. Олармен қызық қуып кеткен кездері, сабақты да жіберіп алған сәттері болды. Бі- реуді мақтар болсақ асыра сілтеп кететініміз бар. Соған са- лып, Шахмардан тек қана сабақ оқуды ғана білді, ірі, лауа- зымды қызметтерді ғана көкседі десек, шындықтан ауытқып, оның болмысына қиянат жасаған боламыз. Ол да жас бол- ды, жасқа тән қызбалық, қызық қуып кету, сабаққа бармай қалу, жерлестермен кездесу... оған да тән еді. Бірақ, жаман қылықтың әдетке айналып кетпеуіне, әрине, Аяш әпкесінің ықпалы болғанын жоққа шығара алмаймыз. Біздің пікіріміз- ді растайтын бір оқиғаны шиелілік Ізтілеуов Серғара ағамыз қызық етіп баяндап берді:
- Бірде Алматыға іссапармен бардым. Ол кезде қонақ үйге бару дегенді білмейміз, туыстарды жағалаймыз ғой бая- ғы. Содан әпкеміз Аяштың үйіне түстім. Обалы не керек, бәрі де құрақ ұшып қарсы алды. Тез арада ас әзірлеп, дас- тарқан жайып тастады. Шахмарданның осы үйде жатып оқи- тынын білемін, бірақ көзге көріне қоймады. Біраз уақыт өт- кен соң шыдамым таусылып «Шахмардан қайда?» дедім Аяш- қа. Ол үндемеді. Жымиып күлген жездеміз Тәңірберген: «Ол Аяштың қаһарына ұшырап, қамалып отыр» деді. Мен тү- сінбей, шошып қалдым. Онымды түсіне қалған жездеміз:
«Жоқ, ол үйде, басқа бөлмеде қамаулы отыр. Біраз қызық қуып, сабағын жіберіп, бағасын төмендетіп алыпты...» деді, Аяшқа бір қарап қойып. Аяшта үн жоқ, төмен қарап шәйін құйып отыра берді. Не керек, сол жолы мен ауылға Шахмар- данды көрмей-ақ кеттім.
Обалы не керек, жандары жәннатта болсын, әпкеміз Аяш пен жездеміз Тәңірбергеннің ауылдан барған, көп нәрсенің мәнісін біле бермейтін бала Шахмарданға көрсеткен қамқор- лығы мен берген тәрбиесі мол болды...»
Ия, ол кісілердің Шахмардан өмірінде алатын орнын біз де жоққа шығара алмаймыз, оны өзі де жоққа шығарған емес. Жақсылықты қасиеті жоқ адам ғана ұмытады. Алға оза тұр- сақ та айта кетейік, әруақтары риза болсын. Өмір шіркін бір орында, бір қалыпта тұрған ба? Ол бір ұстараның жүзіндей қылпылдап, тәртібі мен талабы күнде өзгеріп тұрған кез еді ғой. Ғұлама ғалым Сәтбаевқа жоқтан өзгені кінә етіп тағып, президенттіктен түсірді. Артынша Сәтбаев кадры деп талай- ға таңба басып, көп ғалымды қуғынға ұшыратты. Солардың ішінде Академияның шаруашылық жағын басқаратын Тәңір- берген де бар еді. Қызметтен алды, кінәлі етті... Доспыз деп жүргендер Күн төбеде тұрғанда ғана екен, шамалы бұлт ай- налып еді, көлеңке секілді жоқ болып кетті, кейбірі жәй кет- пей, сатып кетті. Қасында қалған Шахмардан ғана болды. Жездесін Жезқазғанға шақырып, жұмысқа орналастырды, жаңадан үй алуына көмектесті, не керек, қолынан келген қамқорлығын аямады.
Шыны керек, Шахмарданның жеке тұлға болып қалып- тасуына жездесі Тәңірберген мен Аяш әпкесінің ықпалы аз болмады. Олардың шаңырағы қонақтан арылмайтын. Ол осы үйде небір оқымысты, ақын-жазушылармен кездесті, әң- гімесін тыңдады. Көрудің өзі көп нәрсе. Біздің бабаларымыз баласын айтумен емес, іс-әрекетімен, тіршілігімен тәрбиеле- ген. Шахмардан да солай тәрбиеленді.
Қазақтың белгілі ақыны Әбділда Тәжібаевпен Шахмар- дан осы шаңырақта танысып, бір-біріне ағалы-інілідей бо- лып, өмір бойы араласып, сыйласып өтті. Әбділда ақын жас Шахмарданның талабына, әсіресе, әдебиетті ұнататынына сүй- сінетін, жанына жақын тартып жүретін. Ағаның осы пейілін сезетін ол өзі оқу бітіретін кезде Алматыға келген әкесі Жо- рабекті ақын Әбділдамен таныстырмақ болды.
- Әке, мен Сізді қазақтың мықты ақыны Әбділда Тәжі- баевпен таныстырғым келеді, – деді.
- Е, оны сен қайдан танисың?
- Жақында ол кісі біздің үйде қонақта болды, Сыр өңі- рінің тумасы екен ғой... әңгімені жақсы айтады, білмейтіні жоқ, – деді әкесін қызықтырып.
- Барсақ барайық. Мынау қайдан келген шал деп қабыл- дамай жүрмесе, – деді әкесі.
- Жоқ, әке, ол кісі ондай адам емес, қарапайым.
- Негізі ақын-жазушы деген қарапайым болу керек, әйт- песе ол халық өмірін қайдан, қалай біледі. Жазатыны халқы емес пе.., – деді, Жорабек әдебиеттен, оның ішінде ақын Әбділда өлеңдерінен хабардар екенін білдіріп. – Барсақ ба- райық, ондай адамдарға ауылдан келген біз сәлем бергеніміз жөн де шығар, балам... Кеттік! – деді көңілденіп.
Жаздың жаймашуақ күні. Алматы барынша әдемі бо- лып кеткен. Көшелері түп-түзу, таза. Айнала көк-майса, гүл, арықтағы су сылдырлап жаздың жырын жырлап жатыр. Әкелі-балалы екеуі тауға баратын автобусқа келіп отырды. Көңілдің көк кептері аспанда. Ақынды ақынжанды адам із- деп барады. Бір кезде ақын демалып жатқан санаторийға да жетті. Бұл жердің табиғаты мүлдем маужырап тұр. Ұшар ба- сындағы ақ орамалын жаздың ыстығы ала-құла етсе де, Ала- тау тәкаппар, асқақ. Таудың дәл етегіне келді.
Қызық, дәл осы кездесу жайлы кейіннен Әбділда ақын ес- телік жазыпты. Кез келген кездесуді жаза беретін талғамсыз ақын емес қой, тегінде жүректі тербер бір оқиға болған-ау. Оқып көрелік:
«...Қай жылы екені дәл есімде жоқ. Ертеректе институт- та оқып жүргенде Шахмардан таудағы Үкімет саяжайында тұрған бізге әкесін ертіп кепті.
- Аға, – деді маған Шахмардан, – мен Сізге аға тауып әкелдім, қабыл алыңыз туысқаныңызды!
Мен ағама сәлем беріп, құшағымды аштым, ол мені шын ықыласымен кең дүниедей кеудесіне басты.
Сыпайыгершілікті қашанда берік ұстанатын ағамыз ба- ласымен бірге қайтқанын жөн көретінін, бізбен білісіп, та- нысқанына ырза екенін айтты.
- Қойыңыз, аға, – дедім иығынан басып қайта отырғы- зып. – Кірген үйінен шай ішпей шығу сізге жараспайтын бо- лу керек, таудай ағасына шай бермей шығару бізге де жарас- пайтын шығар – дедім.
- Аталы сөз айттың інім, – деді Жөкең жайғаса отырып жатып. – Аралас-құраласымыз аз болғанмен, мен де сыр- тыңнан қанықпын, поэзиядағы абыройыңа тілектес, дұғағөй ағаңмын.
Біз Жөкеңмен осылай әңгімелесіп, шайға бара бергені- мізде, демалыс үйінен менің өлеңдерімді орысша аударып жатқан ақын досыммен бірге Михаил Луконин келіп сәлем- десті.
Ағаммен ақын достарымды таныстырып шайға оты- ра бергенімде, мені Қызылордамен сөйлесуге телефонға ша- қырды. Қызылорда кітапханасында менің шығармаларыма бір бөлме бөлініпті. Соған кітап бөлуім керек екен. Осы те- лефондағы сөз мені он минуттай ұстады. Содан босанып қай- тып келсем, дастарқандағы ағаммен екі ақын досым әбден- ақ жарасып қалыпты.
- Біз орыс тілін осынша білетін орыс қарияларын Моск- вада да сирек кездестіреміз, – деді Луконин.
- Менің ағам Тәшкен семинариясын алтын медальмен бітірген. Керек десеңіздер «Евгений Онегинді» де жатқа ай- тып береді, – дедім.
- Рас болса, бұл Ресейде де сирек кездесетін оқиға, – де- ді достарымның бірі.
- Менің інім өтірік айтпайтын адам, оның сөзіне сенім- сіздік білдіруге қарсымын, – деді Жөкең күліп.
Біз тым-тырыс отырып Жорабек ағаның жарты сағаттай
«Евгений Онегинді» жатқа оқығанын тыңдадық...
Екі алып қазақ тұр көз алдымда, бірі – інім десе, екін- шісі аға дейді мені. Мен екеуіне де барлық ықыласыммен бауырлық-туысқандық сезімімді жеткізуге тырысамын.
Мен де інім деп Шахмарданға қарасам, аға деп оның әке- сі Жорабек ағама қараймын.
- Қарағым, Әбділда, – деді Жөкең мені өзіне қаратып алып, – Мен діни семинария бітірсем де, қазақшылығым жоғалмаған ағайыншыл адаммын. Біздің Шиелі ауданынан ашаршылықта ауып кеткен жүз үйдей қыпшақ туыстарымыз қазір Өзбекстанның оңтүстік ауданының бірінде көшпелі өмір сүреді. Өкімет қыспаққа ала бастаса тауға сіңіп кетіп, ты- ныштық барын сезінсе, қайта кеңістікке шығатын көрінеді.
- Сен, шырағым, маған жәрдемдес, сол ұшатынын жел біліп, қонатынын сай біліп жүрген мүсәпір ағайындарға барайық, оларды қайтадан елге көшіріп әкелейік деймін. Бұған не дей- сің, Әбділдажан?
- Әбден дұрыс, аға! Сізбен бірге ұзақ сапарға шығуға он күннің ішінде әзір болуға уәде беремін.
- Жүрегіңнен айналайын, бауырым, – деп Жөкең мені кеудесіне басты».
Табиғат ананың тылсым дүниесін пендесі түсініп бола ма?! «Жорабек өмірден озар алдында ақын інісімен кездесіп, бой жазғандай болыпты-ау, жарықтық!» деп жатты бұны есті- ген үлкендер. «Жазмыштан – озмыш жоқ» деген рас шығар. Олардың Өзбекстанға бірге баруын тағдыр жазбапты.
* * *
Нағыз азамат болатын адамның жас кезінен-ақ жүрген, өскен ортасында айрықша істерімен көрініп, озық ойлары- мен көптің есінде қалып қоятыны бар. Есіңде қалып қана қоймайды, ондай адам өмір бойы сені өз әрекетімен тәрбие- лейді, жаныңа нұр құяды. Шахмарданмен жастық шақтары, студенттік кездері бірге өткен, бір-біріне адал дос, әрі әріп- тес болған Сыдықов Жүргенбектің естелігін оқи отырып осы- ны сезесің: «... Мен онымен 1944 жылы қыркүйекте алғаш кездескенімде, сұрапыл соғыс әлі де жүріп жатқан еді.
Қазақ Кенметаллургия институтының геологиялық барлау факультетіне студенттікке енді ғана қабылданған қыздар мен жігіттердің арасында Шахмардан ерекше көзге түсті. Ол – бойы биік, шынардай сымбатты, келбеті келіс кен, ер көңілді жігіт еді. Маған, майданнан қайтқан соғыс мүгедегіне, ол бірден ұнады. Онымен жақын танысқым кел ді. Оның ашықтығы, әңгімешілдігі біздің танысуымызды же делдете түскендей болды.
Достығымыз нығайып, студенттік өмірде де, одан кейін гі уақытта да беки түскен сыйластығымыз бен қимасты ғымыз оның ғажайып өмірінің соңына дейін жалғасты.
Институттағы қиын емтихандарды тапсырып, бірін ші семестрді бітірген шақта байқағанымыз, оқуда да, бас қа студенттік ісәрекеттерде де ең белсендіміз Шахмар дан болып шықты. Менің есімде қалғаны: екінші теориялық курсты аяқтағаннан кейін алғашқы далалық геологиялық практикаға шықтық. Шахмарданның білімге деген құштар лығы, болашақ мамандыққа қызығушылығы ерекше еді. Біз дің практикамыз Ұйғыр ауданы Кетпен қыраты маңында тамаша педагог, ғылым докторы, профессор, кейіннен ака демик атанған Евгений Дмитриевич Шлыгиннің басшылы ғымен жүргізілді.
Практика кезінде ортамыздағы ең қайратты және ең бастамашыл Шахмардан тұрмысымыздың белгілі бір қиын шылықтарына қарамастан, қырық шақты студенттің көш басшысына айналып, практика жетекшісінің бірінші көмек шісі бола білді. Әрбір маршрут сайын ол достарымен бір ге әр түсті, салмағы мен қаттылығы әртүрлі тастар та уып базаға оралатын. Ешқашан олар құр қол келген емес. Ол өзі әкелген тастарын тәжірибесі мол ұстазына көрсетіп, оның тастар туралы анықтамасын мұқият тыңдайтын. Ал, жетекші ұстазымыз маршрутқа шықпай қалған кез дерде жауапкершілік өзіненөзі Шахмарданға ауатын. Ол жүрген жерлерімізді, тас тапқан жерлерімізді топогра фиялық картаға мұқият түсіріп, дәптеріне әлденелерді жа зып алып жататын.
Кейбір маршруттар кезінде, сондайақ, демалыс күндері ол жергілікті тұрғындармен танысып, әңгімелесуге де уақыт табатын. Ауыл ақсақалдарымен танысып, олардың тұрмыс тіршілігін біліп, сол аймақтағы жер атауларының тарихын сұрап білетін. Біздер жаз бойы азықтүліктен таршылық көрген емеспіз. Тамағымыз таусылып бара жатса болды, Шахмардан ауылдағы танысқан адамдарынан алып келетін. Осыған байланысты мынадай бір қызық оқиға болды.
Рас, тамағымыз таусылуға жақындап, студенттердің қарны ашуға таяп қалған болатын. Не істеу керек? Содан демалыс күні екеуміз тауда мал бағып отырған шопанның үйіне келдік. Шахмардан шопанға жайжапсарды түсіндіріп айтты. Обалы не керек, шопан: «ой, айналайындар, сендер секілді өзімнің де балаларым сыртта жүр...» деп, бір қойын жетектетіп жіберді. Құнына азынаулақ ақша тастаған болдық. Және ет асып өзімізді тойдырып жіберді. Ал, әлгі қойымыз қырсықтың қырсығы екен, не айдағанға көнбейді, не жетектегенге жүрмейді, тыртысып, артқа қарай көт кеншектеп тұрып алады. Екеуміз әбден қалжырадық. Не іс терімізді білмейміз. Бір кезде Шахмардан әлгі қойды аяқта рын қосақтап ұстады да өз мойнына атып ұрды. Сөйті де маған «кеттік» деді. Ол қадамын адымдай басып студент тер қосын бетке алды, мен артында желіп келемін. Бірекі жерде демалып, түс ауа жеттікау. Студенттер әуелгіде таң қалып, сосын риза болып, рахметтерін айтып жатыр бізге. Бізде оларға жауап қайтаруға мүмкіндік жоқ, шарша ғаннан екі аяғымызда әрең тұрмыз.
Қаншама жылдар жылжып, небір оқиғалар өтіп жат са да, мен осы бір оқиғаны, Шахмарданның көпке жанашыр лығын еш ұмыта алмаймын.
Тағы бір оқиға. Қазір оған күле қарауға болады, ал, ол кезде оған күле алмайсың. Елдің әлі ауқаттана алмаған ке зі. Ашыққан ел қолында барын сатып, тамақ алып жан сақ тайтын. Біздің алдымызда да сондай қиын сәт тұрды. Кез келген бір киімімізді сатып, азық алу керек болды. Сатуға жарайтын Шахмарданның үстіндегі резіңкеленген пла щы және менің солдаттан келген шинелім. Содан екеуміз ақылдаса келіп, менің шинелімді тамаққа айырбастайтын болдық. Бұдан басқа менде киетін сырт киім болмағандық тан Шахмардан өзінің плащын маған сыйлады. Менің алма сыма қоймады, менде де басқа амал жоқ еді. Айтқандай ақ, жаңбырлы салқын күз келіп плащты ешқандай қыс қартпастан ұзын күйінде киіп алдым. Басқа жылы киім жоқ еді менде. Менің тапал бойыма Шахмарданның бойы на ылайық ұзын плащ тура ұзын таяққа жамылғы іліп қой ғандай, күлкілі кейіп болған ғой менде. Мұны маған біраз уа қыт өткен соң ғана курстастас құрбыларым айтып, күледі ғой баяғы. Кезінде менің ол тұрпатыма ешкім күлген жоқ, өйткені басқалар да сүйгенін емес, сыйғанын киіп жүрген ді. Себебі, уақыт сондай болатын...
Далалық практиканы бітірер уақытымыз да таяды. Көп күндік маршруттардың қорытындысы бойынша геология лық карта сызып, оған түсініктеме жазу қажет болды.
Екі ай өте шықты, біз қайтатын көліктің келуіне де екіақ күн қалды, бірақ тапсырма әлі орындалған жоқ. Сон да біз жиналыс ашып, қорытынды есебімізді жазу үшін Есенов бастаған ең белсенді деген төрт адамнан «шағын топ» құрдық. Топ күнітүні жұмыс істеді, дегенмен оқу құ ралының – геологиялық карта мен әдебиеттің жоқтығы әбден қинады.
Жетекшімізден әрең дегенде ірі геолог Николай Григо рьевич Кассиннің 1926 жылы баспадан шыққан, Кетпен қыраттары мен Шарын өзені бассейніне 1915 жылы геоде зиялық сипаттама жасаған кітабын сұрап алдық. Және дәл осы шақта Шахмарданның және кейбір ұқыпты студенттердің жаз бойы жинастырып келген тау жыныстарының жүздеген үлгілері, жер қыртыстарының ерекшеліктері ту ралы жазып жүрген жазбалары мен сызбалары бізді құт қарды. Оның алдында ғана профессоржетекшіміз тас жиыл ған жерлердің геологиялық орналасуы туралы мәліметтер ді, тас үлгілерін көріп мақұлдап, құптаған еді.
Сонымен, карта мен түсіндірме жазбаша дайындалды, есебімізді біраз сұрақтар қойып сынап алған соң, жетек шіміз қабылдады. Көлік келгенше жиналып, баршамыз қа лаға қайтуға дайын тұрдық. Айтпақшы, біздің сол картаны Евгений Дмитриевич сақтап қойған екен, бірнеше жылдан соң біз институтты бітірерде өзімізге көрсетті.
Жаңа, үшінші оқу жылының басында сол баяғы Есенов тің бастамасымен, геология факультетінің деканы, тама ша педагог, республикаға белгілі геологбарлаушы Василий Петрович Гуцевичтің қолдауымен геологиялық практика ның дәмін татып қалған біз студенттердің геологиялық үйірмесін құрдық. Үйірме жетекшілерінің бірі Шахмардан Есенов болды.
Үйірме тұрақты да пайдалы жұмыс істеді. Бірқатар студенттердің жұмыстары жалпықалалық студенттік ғылыми конференцияда (1948 ж.) жоғары бағаланып, сыйақы мен марапатталды, КСРО Жоғарғы білім министрлігінің мақтау қағаздарына ие болды.
Сол баяндамалардың кейбір авторлары институтты бі тірісімен, жуырда ғана ашылған республика Ғылым Акаде миясының аспиранттары қатарына алынды».
(«Наш Шахмардан», Ғылым баспасы, 1997ж.)
Міне, осылай студент жолдастарының арасында Шах- марданның бойы да, ойы да озық болды. Сымбатты тұлғасы, көпшіл қасиеті, ашық-жарқын мінезі оны көптің ортасы- нан ерекшелей түсті. Институттың қоғамдық өміріне белсе- не араласты, факультеттің қабырға газетін шығарды, түрлі салтанатты мерекелер кезінде іс-шаралар ұйымдастыру оның сүйсініп, әрі белсене істейтін ісі еді. Ғылыми-зерт- теу жұмыстары институтаралық, одан қалалық ғылыми-кон- ференцияларда үздік атанып, талай рет дипломдармен ма- рапатталды. Не керек, Шахмардан өз факультетінің қозғау-
шы күші, жақсы істердің бастамашысы, әрі белсенді ұйым- дастырушысы бола білді.
Қазақстанда 1946 жылы төл Ғылым Академиясы құры- лып, бұрынғы «филиал» деген аттан құтылып, қазақ ғылы- мының өз шаңырағы көтерілді. Осы кезде институтты жақсы бітірген, талабы бар жастарды көптеп Академияға қалдыра бастады. Міне, солардың қатарында Шахмардан да болатын. Бірақ, бәрі тағы да табан астынан өзгерді...
Шахмардан мемлекеттік емтихандарын ойдағыдай тап- сырып, көптен армандаған дипломын қолға алған күні әпкесі Аяш пен жездесі Тәңірберген мұндай оқиғаны атаусыз қал- дырғылары келмей, Қаныш ағаларын және бір-екі доста- рын қонаққа шақырды. Көп емес, үш-төрт кісі ғана отырып, дәм татылды, әңгіме-дүкен құрылды, Шахмарданға жақсы тілектер айтылды. Баяғы оқуға түсуге жаңадан келген кезде- гі ұялшақтықтан арылған, әрекетінде еркіндік, тіптен отыр- ғандарды өзіне жақын тұту пейілі басым. Жөні бар, бұл от- басы үшін аса құрметті Қаныш ағасын Шахмардан тікесінен тік тұрып, талай күткен. Неге екені белгісіз, Қаныш ағасын көрсе болды, жанына жақындап, әңгімесін құныға тыңдай- тын. Жас Шахмарданның бұл пейілін аңғарған Қаныш ағасы да іш тартып жүретін. Сондықтан да бүгін оның диплом алған қуанышына көп шаруаның ішінен уақыт тауып келіп отырғаны. Қонақтан қайтар кезде Қаныш аға:
- Шахмардан, әзірге бос екенсің, Мәскеуден келген ака- демик Бардин екеуміз ертең Жезқазғанға ұшқалы отыр- мыз, сен бізбен бірге жүр. Білесің бе, қазақта атқосшы де- ген сөз бар. Атқосшылықты баяғының байлары мен билері, хандары ғана ұстаған. Біз тек би де, хан да емеспіз, бірақ сенің көмегің керек, жүр бізбен. Шахмардан, сен біліп қой, атқосшылыққа кез келгенді ертпеген олар, – деп, жарқырай күлді.
Қаныш ағаның жеңіл әзіліне қалғандар желпілдей күлді. Апасы Аяш: «Барсын, барсын, Қанеке! Сізге атқосшы болса, арманы не?» деп, ағынан ақтарылып жатыр.
Содан ертеңіне академик Қаныш Сәтбаев бастаған бір топ ғалым Жезқазғанға ұшты. Араларында «атқосшы» Шах- мардан да бар еді...