ТҮСІНДІРУ
ЕКІНШІ ƏҢГІМЕ
Бірі еді қуанышты күндердің
Аспандатып əн шырқадым, гүлдедім.
Анаң сонда алдына алған
Өзіңе
Сияқтанды шуақтанған гүлге Күн!
Отырғандар қабағына жаз қонып,
Үлкен-кіші шеттерінен мəз болып.
Салтанатты сауық-сайранға айналды,
Секілденді шырқаған Əн аз болып.
Енді бір сəт домбыраға қол тиіп,
Шерттім келіп мен де өзімше қомпиып.
Нəр алғандай күйдің тəтті сазынан
Нəрестем-ау!
Көз алмадың томпиып!
«Телқоңыр да», «Құройнақ та», «Бозінген»,
«Айдынкөл де» аққу қалқып көз ілген.
Қос құлақты домбырадан төгілді,
Құдіретті екі ішекте сезіммен.
Аңтарылып, кірпіктерің сүзіліп,
(Сəби ойды сабақтады ізгі үміт).
«Мынау не?» деп домбыраны көрсеттің,
Шақырғандай қарсы алдыңнан ізгілік.
– Пернесінде анаң айтқан «Əлди!» бар,
Кеудесінде əкең тартқан «Əн-күй!» бар.
Құлағында əжең айтқан ақыл бар,
Үндерінде сұлулық бар таң дидар!
Сен билейтін би Əуені осында,
Сен сүйетін күй Əуені осында.
Сен айтатын əн Əуені осында,
Болашақтың жаңа Əні осында.
Даламыздың бүтіндігі осында,
Тарихымның сүйікті ұлы осында.
Пернесіне өрнектейді ойынын,
Белестерде құрдың басы қосылса.
Шетсіз-шексіз байтақ жатқан Даланы,
Күймен бөлеп, бауырына алады.
Домбырасыз қазақ жетім.
Қазақсыз
Домбыра мүлдем қараң қалады.
Жүгірген аң, ұшқан құстың мінезін,
Күй тілімен бергендігін білесің.
Домбыраның даналығы осындай,
Қазақ халқы ардақтайды бір Өзін,-
Дегенімде.
Жанай түсіп гүл өңі,
Маған сұрақ қойып, тілек тіледі:
– Домбыраны түсінсем де
Мен енді,
Ұқпай тұрмын Қазақ деген кім өзі?
– Қазақ деген – даламдағы шырынды ой,
«Қобыланды», «Қыз Жібектей»....... жырым ғой.
Қазір маған сұрақ қойып, үн қатқан
Қазақ деген – сөйлеп тұрған тілің ғой!
Достарынан аямайтын тілегін,
Қазақ деген – алдыменен бір Өзің.
Қалайтұғын амандығын ұлы елдің,
Қазақ деген – соғып тұрған Жүрегің.
Қазақ деген – Абай атаң, ұлы ақын,
Əлия апаң жауды жайпап қыратын,
Махамбет пен Талғат сынды батырлар!
Қазақ халқын түсіндің бе?!
Қуатым!
Қазақ деген – Қажымұқандай алыбым,
Рамазан Елебаев, Мəлігім!
Қазақ деген – Қарасайлар, Шақантай!
Қазақ деген – Райымбек, Қайраттар!
Түсіндің бе,
түсіндің бе?
Жарығым!
Рас, əлі кішкенесің, баласың,
Есейесің, өседі көзқарасың.
Омырауынан Өмір балын татқызған,
Қазақ деген – қарапайым Анашың.
Білмегенді түсінесің.
Сұра Сен!
Ұғымың да қалыптасар сірə, кең.
Қазақ деген – алтын дəннің алқабы,
Қазақ деген – туған əкең, мына – Мен!
Қазақ деген – қайтпас, қайсар Күш осы!
Қолдайтұғын құрығанша місесі.
Қазақ деген – Назарбаев сияқты,
Елбасы бар.
«Нұр-Отанның» мүшесі.