15.02.2022
  239


Автор: Абдрахман Асылбек

Нашар оқушы

Оқушы түк білмесе,
Болар еді кім десе?
Ондайды біз қашан да
Жатқызамыз нашарға.
Ешбір жауап бермесе,
«Екі» алады ендеше.
Нашар боп ол туған ба?
Ойынды көп қуған да.
Кітапты көп оқыса,
Зердесіне тоқыса;
Қиын ба «бес» алуы,
Жақсы бола қалуы?





Пікір жазу