15.02.2022
  380


Автор: Абдрахман Асылбек

Өрмекші мен шыбын

Бip өрмекші зор қылып,
Жатыр еді тор құрып.
Шыбын айтты:
– Өрмекші,
Мұныңнан не өнбекші?
Таста да бос айланы,
Іс етсеңші пайдалы.
Өрмекші айтты:
– Шыбыным,
Ғұмыр емес ғұмырың.
Тасынарсың, толарсың,
Бәрінен құр қаларсың,
Торыма кеп қонарсың,
Сонда асым боларсың...
Шыбын көпке бармады,
Құрып қойған жардағы
Торға келіп шырмалды,
Құтылам деп тырбанды.
Ары-бері жұлқылап,
Шыбын жаны шырқырап,
Ақырғы рет үн шықты,
Демі бітіп, тұншықты.
* * *
Мысал мәнін ұғынғын:
Keйпін киіп Шыбынның,
Тор құрылып жатқанда,
Мықтымын деп мақтанба.





Пікір жазу