meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.02.2022
  296


Автор: Абдрахман Асылбек

Қасқыр мен көгершін

Деді Қасқыр:
– Көгершін,
Айтар болсам егер шын,
Көңілдісің сен дәйім,
Мен мұңлымын, не дерсің?
Бөгелмеді Көгершін:
– Қорқаулықпен өлерсің.
Зұлымдықпен күн кешкен
Қасқыр қайдан көгерсін?
Ал, мен неге жүдеймін?
Тәтті ауанмен түлеймін.
Ұшсам-дағы, қонсам да,
Бейбіт күнді тілеймін.





Пікір жазу