15.02.2022
  237


Автор: Абдрахман Асылбек

Керік

Білемісің керікті?
Ол – кәдімгі жираф қой.
Табиғат мол беріпті,
Мойын менен сирақ, бой.
Жираф шапса бұлтылдап,
Желкілдетіп кекілді,
Доппен торға ұмтылған
Баскетболшы секілді.
Сондай бой мен мойынды,
Шіркін, маған берсе ғой.
Баскетболдай ойынды
Ойнатып бір көрсе ғой.





Пікір жазу