15.02.2022
  241


Автор: Абдрахман Асылбек

Дельфин

Халық жақсы біледі
Денесі зор дельфинді.
Көк мұхитта жүреді
Бұзып-жарып толқынды.
Тұмсығы үшкір сүңгі бір,
Тез жүзуге лайықты.
Су астында сүңгуір
Еске салар қайықты.
Кашалот та, кит те,
Білгін балық емесін.
Секіре алар биікке,
Көтеріп зор денесін.
Қорқыныш жоқ түсінде,
Нұрға толы көзі бар.
Кейде адамды түсінген,
Кәдімгідей есі бар.
Дельфиндердің адамға
Жақындығы өзгерек.
Суға батса,
Табанда Жасайды ол тез көмек.





Пікір жазу