15.02.2022
  301


Автор: Абдрахман Асылбек

Бақбақ

Көктем келген шақта,
Қыр басында қаптап,
Секілді аппақ мақта
Жайқалады бақбақ.
Бақбақтарды үрлеп,
Ұшырамыз желге.
Парашюттей гулеп,
Қонып жатыр жерге.
Ұша білсем, шіркін.
Секілді сол бақбақ», –
Деп армандап жүрдім,
Өзімді-өзім баптап.
Өтті талай көктем,
Ұша білдім шалқып.
Парашютпен көктен
Түстім жерге қалқып.





Пікір жазу