15.02.2022
  334


Автор: Абдрахман Асылбек

Ай

Тынық түнде төбеңде
Төгіп тұрар ай нұрын.
Тұнық көлдің төменде
Тербетеді айдынын.
Ай сәулесін ақ күміс
Айналаға төгеді.
Манаураған бақ тыныш,
Тау да ұйқыға енеді.
Нұрландырып бетіңді
Ай сәулесін шашқанда,
Прожектор секілді
Жанып тұрған аспанда.





Пікір жазу