15.02.2022
  245


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Көбелекті үйретіп,
Көкқұтан мен тырна алдым.
Аяқбауын сүйретіп,
Алыс-алыс қыр бардым.
Қараағаштың басына
Қаптап өскен қауын бар.
Тары шыққан тасына,
Тамаша бір тауым бар.
Сол қауынды алыңдар,
Суық түскен кезінде.
Сол тауыма барыңдар,
Сенсең егер сөзіме.





Пікір жазу