15.02.2022
  137


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

СҮҢГІ

Үйді айналып
жүр едім,
Тұрды алдымда
мұз тамып.
Алдым да асап жібердім,
Ойға түсіп мұз қант.
Көріп сүңгі
«қызығын»,
Үйге кетіп
барамын...
Көтерілді қызуым,
Ауырды да тамағым.
 Мазам кетті
Түнімен.
Анам болды
əбігер.
Емхананың бірінен,
Келді үйіме дəрігер.
Ине салды
дəрімен,
Уақытта таң атқан.
Əрі ауырып,
əрі мен
қалдым сөйтіп сабақтан.





Пікір жазу