15.02.2022
114
ЗИЯЛЫ
Білдірді ойын ойнаған,
Досына келіп Зиялы.
– Ойнаман, енді ойнаман,
Көп екен оның зияны.
– Не үшін болдың ойнамас?
Жүрсің ғой қазір секіріп?
Себебім – мынау сабақтан,
Көбейіп кетті екілік.