15.02.2022
  150


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҮШ ЖАСТАҒЫ

Үш жастағы Бек бірде,
Күреседі менімен.
Ойламайды,
Деп бірде:
«Жығылып қап, жеңілем».
Менен басым сыңайы,
Білектерін түреді.
«Жығам» десем,
жылайды,
«Жықтың» десем,
күледі.





Пікір жазу