15.02.2022
139
АҢҚАУЛЫҚ
Ауламызда қап ішінде жатты ақ зат,
Көрсетіп ем күшігімді баптап ап.
Қос құлағын тікірейтіп алды да,
Құр иіскеп,
Кетті оны аттап-ақ.
Мысығыма көрсетіп ем,
қарамай
Ол да зытты арық бойын жағалай.
Содан кейін бұзауымды ап барып ем,
Сілекейі шұбырып кеп жалады-ай!
Күшік пенен мысық неткен қу еді,
Қант бұлай жатпасында біледі.
Тұзды қант деп асап жатыр бұзауым,
Құсып, ауырып қалар ма екен, бұл өзі?