15.02.2022
  124


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

АҢҒАЛ

– Шықшытыңнан қаққаннан,
Тұрғызбаймын жатқаннан.
Бір сілтесем,
ығасың,
Кəне, қайсың шығасың? –
Деп күпініп Бердібек,
Үйген қарды перді кеп.
Тасқа тиді жұдырық,
Қолын кетті сыдырып.
Білмеген-ау!
Тас барын,
Қолы ауырды қасқаның.





Пікір жазу