meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.02.2022
  3536


Автор: Таныстыру сөздері

Жігітке таныстыру

Күн күлімдеп нұрына бөлей берсін,
Жаратқаным баршаны демей берсін.
Ассалаумалейкум халқым, елім,
Раббым Алла арманыңды елей берсін!

Орта жүзден тарған ұлың болам,
Жігіттердің сайысына келіп тұрған.
Арғынғали ұлымын, Арман атым,
Иіліп бұл сәлемін беріп тұрған.

Ақ жаулықты мейрімді анашым бар,
Жазира аты, жақсыға жаны құмар.
Ай мен күндей жарқырап үн қатады,
Шындық сөзді бойына қылып тұмар.

Мен қазақпын, жаным да, қаным қазақ,
Өнерімен толғанып топты жарар.
Қарсыластар сәттілік серік болсын,
Арманыңыз сәт болып орындалар.
Жібек Искакова





Пікір жазу