meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.02.2022
  189


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КӨЛЕҢКЕ

Дала түні салқын-ды,
Таудан асып ай туды.
Жарқырап кетті айнала,
Жарығы айдың арқылы.
Басталып қоян елеңі,
Беті ауған жаққа жөнелді.
Өзінен қалмай бірдеңе,
Қарайып қуып келеді.
Бар күшін салып зырлады,
Ешқайда мойнын бұрмады.
Биледі бойын қорқыныш,
Жүрегі қатты тулады.
Қалдырды талай адырды,
Шаршады,
əбден сабылды.
Қасынан оның қалмаған,
Көлеңкесі еді кəдімгі.





Пікір жазу