meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  15.02.2022
  175


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КӨК КҮШІК

Тақтайменен қиықтап,
Жасалған бір тұйықтап.
Үйшігінде көк күшік,
Жатыр еді ұйықтап.
Шаңқай түсте ысыған,
Жылқы өткенде тұсынан.
Түре келді елеңдеп,
Мойнын қасып қышыған.
Көрді асты құйылған,
«Маған ғана бұйырған»,
 Дегендей-ақ
Көк күшік
Қызғанды өткен сиырдан.
Бұзау өтті.
Шəу етті.
Қозы өтті,
Шəу етті.
Ертіп алып ботасын,
Түйе деген дəу өтті.
Үйрек өтті,
Ыр-р етті,
Ызаланып гүр етті.
Жақын қонған торғайлар,
Шошынғаннан пыр етті.
Сөйтіп жатқан кезінде,
Ұйқы келді көзіне ...
Оянған соң əлгі астан,
Түк қалмапты өзіне.





Пікір жазу