15.02.2022
193
ЖОЛАМАЙТЫН ....
Көріп ем бір ақ қоян,
Ұстауыма шақ қоян.
Жуытпады маңына,
Бұл не деген
сақ қоян.
Шақырғанға келмеді,
Ақырғанға көнбеді.
Қос құлағы елеңдеп,
Асып кетті дөң-белді.
Жалғыз жүріп тоңбайық,
Дос болуды ойлайық.
Жоламайтын ешкімге,
Сол қояндай болмайық.