15.02.2022
186
КЕПТЕРІМ
Түр-түсіңе тек сенің,
Қарай берем
Кептерім.
Тереземнің алдына
Күнде келдің,
Кетпедің.
Аппақ тары сепкенім,
Саған арнап,
Кептерім.
Тойып алмай жеміңе
Ешқайда да кетпегің.
Жуас құсым,
Пəк құсым.
Аман жүрші ақ құсым.
Бəрінен де жақсысың.