15.02.2022
  131


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КӨГІЛДІР

Көл – бесікке тербеліп,
Көрсеткендей еркелік.
Келе жатыр көгілдір,
Кербездігін ел көріп.
Тұлғасы бар құмғандай,
Түсінде аспан тұнғандай.
Əрбір қимылдарында,
Əдептілік тұрғандай.
Көл толқынын қармайды,
Енесінен қалмайды.
Тентектікпен тентіреп,
Басқа жаққа бармайды.
Енесіне тартыпты,
Өзі сондай тəртіпті.
Басқа балапандардан,
Сондықтан да артық-ты.





Пікір жазу