ƏН САПАРЫНДА
Шырқалды Əн...
Жел де аялдап тынып қалды.
Өзендер мөлдіреді тұнып бəрі.
Танадай құлаққа ұрған
құстар ұшпай,
Аңдар да орта жолда тұрып қалды.
Шырқалды Əн ...
Тыңдап маңай тынып қалды,
Құлағын жаратылыс түйіп бəрі.
Ерітіп тас сүйегін соншалықты,
Егеуқұйрық атаулы құныққаны.
Қандай деп түсінді екен сірə қызды,
Таңдандым естігенде бұл аңызды.
Орнына темір тістің сүйек бітіп,
Қан емес, езуінен су ағызды.
Шетінен білінеді қыбырлары,
Немене түсінді екен шыбын жаны.
«Шақырып жатыр Сізді ұлы Балтық»
Деп келіп Теңіз Лебі сыбырлады.
Шертілді кокледе перне қуып,
Əсем саз мұңыменен тербеді жұрт.
Естіген егеуқұйрық тышқандардың,
Бір тобы шықпай қойды жерге кіріп.
Дегендей Теңіз тағы келе берші?
Тегінде Инараға керегі осы.
Қабандай егеуқұйрық қарсақтай боп,
Шұбырып Əн соңынан ере берді.
Күші жоқ бұрынғыдай жеміруші,
Денесі кішірейген кеміруші.
Тарқатты Əн əуені «сиқырлығын»,
Жемтік қып жей алмайды енді кісі.
Патшасы ең алдында есі кеткен,
Өлсе де тыңдауға əнді шешім еткен.
Соңында қарақұрым егеуқұйрық,
Кедергі болған жерді тесіп өткен.
Теңіз – қарт қайық болып қолын берген,
Əнші алда, «тыңдаушысы» соңында ерген.
Шұбырып бəрі сұға тоғытылып,
Айтылған ғажайып «үн» соңында өлген.
Жан алғыш, тажал болып жалаңдаған,
Жабыңқы елдің күйі жаман болғанКездерде.
Əннің ғана арқасында,
Осындай Бірлікпенен аман қалған.
Инара тартқан теңіз төріне тік,
Ерліктің сапарында белі бекіп.
Əнші қыз содан қайтып оралмапты,
Латыштар алыпты атын Сенім етіп.
Қолында əнші қыздың куакла,
Көрсетті өнерін де, қуатын да.
«Елінің жер үстінен жауы қорқып,
Жасапты» дейді халық –Су астында.
Қолында Инараның куакла,
Көрсетті өнерін де, қуатын да.
Əйгілі ару болса аймағында,
Айтулы Сұлу дейді су астында.
Көп қазір Инара атты қыз дегенің,
Болатын бізге келін, сізге келін.
Білмеймін малшы екенін, əнші екенін,
Білерім – латышқа тəн ізгі екені.
Естисің толқындардың күлгендігін,
(Толқынды түсінуге үлкен ұғым).
Кейбіреу таң алдында көрдік дейді,
Инара Нарра1 болып жүргендігін.
Шынында толқындардан əн келеді,
Тербетіп, шымырлатып жан денені.
Толықсып су сұлуы көрінгендей,
Айдында ай əлемдеп сəндеп өзін.
Аңыздан аңыз туып жалғасады,
Таусылмас қуат болып жанға сазы.
Теңізді жайлап жатқан Латвия,
Тебіренткен Инараның талмас əні.
Көк теңіз қасиетті көне мекен,
Мен дағы барлық іске өнеге етем.
Еліне, махаббатқа кіршігі жоқ,
Жас қана Инараны көреді екен.
1 Су сұлуы – латышша Нарра (Русалка) деген мағынада.
Осындай ұлы істің символы екен,
Балтықтың Наррасы бар шындық екен.
Янтарьды Инара үшін жаратыпты,
Теңізде сол себепті құнды екен.
Инара содан қайтып оралмапты,
Бар аңыз, ертегілер оған нақты.
Елі үшін еңіреген сұлу қыздың,
Есімі ғасырлардан жоғалмапты.
Ғажайып Латвия мекен бүгін,
Өрлеткен өміріне жетерлігін.
Инара деген атты естігенде,
Білеміз Латыш қызы екендігін.
1991 ж.
Латвия, Пумбри