15.02.2022
  178


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ОРМАНШЫ БЕРЗИНШТІҢ ОЙЛАРЫ

БІРІНШІ ОЙ
Атым – Қайың!
Затым – Адам тегінде.
Ақылдылық, парасат бар тегімде.
Ақ қайыңдар көктем сайын көгерсе,
Адам болып есейгім бар менің де.
Мүмкін емес ағаш болып солуым,
Керек менің адам болып толуым.
Теректердің жапырағы түссе де,
Керек менің қызықтарым толы күн.
1 Ақ қайың деген мағынада
 Екі ұлымды соғыс алып жалмады,
Өрт болса да қурамады жан бағы.
Əлі өзінің жемісі бар беретін,
Өмір жібі үзілмеді, жалғанды.
От болса – Өмір, сөнбей лаулап жанады,
Жұмылмайды болса адамның жанары.
Екі балам мені туған халықтың
Арманы жоқ
қажетіне жарады.
Кокле сол халқымыздың мұңдасы,
Ішегінде шертілетін мұң, жасы.
Бұлбұл қонған бұтақтардан жасадым,
Бұл аспапқа болар дейсің кім қарсы.
Үш күн болды қолына алды Инарам,
Дəн риза əкесіне сыйлаған.
Қабырғамды қайыстырып барады,
Үш тəуліктей айтып, шерткен күй мен Əн.
ЕКІНШІ ОЙ
Көзіңнен айналайын, дөп-дөңгелек,
Сүмбіл шаш, сұңғақ бойлы өскен бөлек.
Айқабақ, алма бетің уылжыған,
Күлкіңнен көктемдегі ескендей леп.
Көзіңнен айналайын, күлімдеген,
Тыныс бар дем алатын үніңде кең.
Тұлғаңның елден ерек жаралуы,
Толғантқан сорлы əкеңді,
мінің бе екен?
Қаншама жаз басталды,
келіп көктем,
Орманға.
Табиғатқа сеніп кеткем.
Көлдегі «га-галаған» аққуларға,
Жүруші ең кішкенеңде еліктеп сен.
 Бұлақтың білмесең де қайда ағарын,
Құмар ең құстары көп сайға жаның.
Мəз болып отырушы ең таң алдында,
Бұлбұлдың естігенде сайрағанын.
Əн айтсаң бала қайың тербеледі,
Қастерлеп қарағандай жер де мені.
Бұлбұлын көмейіне ұялатқан,
Орманның танытты үні елге сені.
Ұлы орман, ойлы орман, қалың орман,
Елімнің əні болған, сəні болған.
Қарағай қылқанында балалығым,
Қартайған қарт латыштың жаны болған.
Бетіңде иманың бар ибалысың,
Əкеңнің бар байлығы, жиғанысың.
Бермей-ақ қойсын құдай бұдан былай,
Сен жайлы жаным қызым қиналыс күн.
Ал қазір еріксізден аттанасың,
Алдыңда аждаһа бар сақтанатын.
Сенесің өзіңе, өзің
тек өнерің –
Ұшатын өмірдегі ақ қанатың.
Ұғамын жаратының жалған тауын,
Білемін шын сенімнің алданбауын.
Əкелік махаббаттың биігінен,
Тілеймін қанатыңның қанданбауын.





Пікір жазу