meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.02.2022
  189


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

КІМ КҮШТІ?

– Көрпешімді тұйықтап,
Кеттіппін
Ата ұйықтап.
Сонда мұндай түс көрдім,
Құс сүті екен ішкенім.
Қияр біткен банан боп,
Жинапты жұрт маған көп.
Толыпты апорт қасымда,
Қараағаштың басына.
Оған мен жоқ үздіккен,
Қант бопты тұз біткен.
Тірегендей иық көк,
Бойым кеткен биіктеп.
Сəнді мойын иіп кеп,
Сəлем берді киік кеп.
Аң біткендер бағынып,
Алдыма кеп табынып.
Сынамаққа күштерін,
Басқартты бар істерін.
Ақ арыстан ақырып,
Мықтыларын шақырып.
Маған қарай жіберді,
Шеттерінен жігерлі.
 Қабылдадым,
əрине,
жылы қарап бəріне.
Күркіреді жолбарыс,
Көрсеткендей ол да күш.
Оны бүркіт төрдегі,
Мысық құрлы көрмеді...
Үйдей тасты қолына ап,
Үсті-басы қобырап.
Аю шықты ақырып,
Ашуланып,
бақырып.
Жиналған түз аңдары,
Аңтарылды,
таңданды.
Түйекиік1 өте ірі,
Аюды тік көтерді.
Ал бүркітті төрдегі,
Көбелектей көрмеді.
Жиналған түз аңдары,
Бұған ғажап таңданды.
Шыдай алмай намыстан
Тұра ұмтылды арыстан.
Жердің шаңы бұрқ етті,
Түйе киік сылқ етті.
Жыртқыш осы түрінде,
Жеңді Азия пілін де.
«Құрлықтағы күшті Мен,
Жеңілмеймін ешкімнен!»
Деп айқайлап арыстан,
Китті көрді алыстан.
Қаһарланып,
Шаңдатты.
Мықтылығын аңдатты.
Кернесе де күш легі,
  Бірақ суға түспеді.
«Мұхиттағы күшті Мен,
Жеңілмеймін ешкімнен!» –
Деп кит те ақырды,
Аспанға су атылды.
Мөлдір бұйра,
тұп-тұнық.
Тау толқынды тудырып.
Кеме келіп алып бір,
Китті ұстап алып тұр.
Күш көрсетті ол дағы,
Моторлы алып болмады.
Көрген кезде арыстан,
Күлді китке алыстан.
Даусы үрейлі,
Зор тіпті.
Аң біткенді қорқытты.
Күшті аңдар баспа ғып,
Кетті орманға жасқанып...
Осылай боп тұрғанда,
Трактор келді
Бұл маңға.
Шапты арыстан айбатпен,
Тракторға қайратпен.
Трактор оған ерледі,
Тышқан құрлы көрмеді.
Үні шықпай намыстан,
Омақасты арыстан.
Төбедей боп қырдағы,
Жатқанынан тұрмады.
Сол трактор кемені,
Пойыз алып жөнелді.
* * *
– Мазмұны осы түсімнің,
– Балам оны түсіндім.
 – Мақтағам жоқ ешкімін,
Айтшы ата
Күшті кім?
– Күллі өнерді игерген,
Еңбек етіп үйренген.
Басқарған сол кемені,
Капитан дейді ел оны.
Пойызды да құрыш қол –
Жүргізуші жұмысшы ол.
Мен де атаман ешкімін,
Өзің айтшы!
Күшті кім?
– Өзімізге ұқсаған,
Бəрінен де мықты адам.





Пікір жазу