14.02.2022
  123


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

МЕНІҢ АТЫМ БАУЫРЖАН

Қорықпаймын ауырдан,
Қорықпаймын дауылдан.
Өжет,
Өткір болсын деп,
Атын қойған Бауыржан.
Күрескенді жығамын,
Жетеді оған шыдамым.
Жиылған жұрт алдына,
Батылданып шығамын.
Қорықпаймын дауылдан,
Қорықпаймын жауыннан.
Атам сенім білдірген,
Менің атым – Бауыржан.
Қазақ менің ұраным,
Қазақстан тұрағым.
 Қуыршақты шетінен,
Алып соғып тұрамын.





Пікір жазу