14.02.2022
  195


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚЫРЫҚАЯҚ ПЕН ҚОСАЯҚ

Қырықаяқ пен Қосаяқ,
Бəсекемен жарысты.
Қосаяқты досы аяп,
Əңгіме етті əр істі:
– Артық оның анадан
Отыз сегіз аяғы.
Қосаяқты осылай,
Қоңыз досы аяды.
Бұл екеуін балалар,
Көрген еді көздері.
Қайсысы озып келерін,
Айтыңдаршы өздерің?





Пікір жазу